S&P Қазақстанның несие рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз несие рейтингін «ВВВ» деңгейінде «тұрақты» болжамымен растады, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметі.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор - мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ, 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.
Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3% деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты.
Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.
Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ, ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.