Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салықтың экономикалық мазмұны  және теориялық мәні

Салықтың экономикалық мазмұны  және теориялық мәні

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Бірінші кезең - 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.

Екінші кезең - 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.

Үшінті кезең — 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.

Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.

2006 жылдың 13 наурызында Астанада Конгресс-хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясының мүшелері, Салық комитетінің қызметкерлері де қатысты.

Кездесу салық зандары мен салықтық әкімшіліктендірудің нормаларын қолдануға байланысты мәселелерді салық төлеушілерге түсіндіру, салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің арасыңда дұрыс түсінік қалыптастыру, салық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.

Менің  курстық жұмысты  жазу  мақсатым Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикадағы рөлін салықтың  пайда болуымен дамуын,  нарықтық  экономикадағы  рөлін және  оның  қызмет   ету  аясын талдау  болып келеді. Еліміздегі  салық салу  жүйесінің  қызметін,  яғни салықтың  міндетімен түрлерін  толық және  нақты  көрсету. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің  даму  тенденциясының жетілдіру  жолдарын ашу  болып табылады.

І Салықтың экономикалық мазмұны және теориялық  негізі

1.1.Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні

Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 күндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген).

Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.

Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.

Салық — заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.

Салық - белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Салық  дегеніміз — белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған  міндетті төлемдер.

Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі — бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.

Салықты материалдық  тұрғыдан алғанда — бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.

Материалдық салықтық қатынастар — ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

 Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).

Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қаты— настары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

Сонымен қатар салықтың салықтың бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

  • салықты — мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
  • салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
  • салық — мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
  • салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туыңдайды;
  • салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
  • салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.

Салықтың осы құкықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.

  1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.

Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.

Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.

Салық — осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.

Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:

  • біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекетгік орган ғана бекіте алады;
  • екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
  • үшіншіден, осы  қабылданған құқықтық акт белгілі  бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
  1. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.

Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.

Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып нормативті актілерді шығару табылады.

Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады.

Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.

  1. Салық мемлекеттіц бір жақты белгіленімі болып табылады.

Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.

Салықтық суверенитет (егемендік) - мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.

  1. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.

Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.

Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.

Белгіленген салық занды салық міндеттемесін туғызады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: "Салық төлеушінңц салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруга, салық салу объектілері мен салық салуга байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауга, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті".

  1. Салық мәжбүрлеме сипатта болады. Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
  • бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
  • екінші кезең, салықты төлеген кезде еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекет-ті басқа да салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
  • үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
  1. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқыктық сипатта жүзеге асырылады.

Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл кұқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек "Салық - салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды".

Салықтық  жиналатын орындары:

  • нарықтарда;
  • сатушы мен сатып алушылардан;
  • үй шаруашылығынан;
  • табыс көзінен, шығын статьяларынан;

Сстықты реттеудің тетіктері:

  • салық түрлері;
  • салық ставкалары;
  • салық жеңілдіктері;
  • салық салу әдістері;

Салық  төлеуден қашу себептері:

  • елеулі салық ауыртпалығы;
  • салық заңының айқынсыздығы;
  • субъектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерін төлемеуге ұмтылуы;
  • салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер болуы мүмкін.

Салық ауыртпалығы - салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш.

Салықтардың алымнан айырмашылығы

Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.

Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардын, салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда:

  • біріншіден, алым мемлекеттік аппаратгың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
  • екіншіден, салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала алмайды, ал алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс-әрекеттер жасайды;
  • үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
  • төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез-келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.

Салықтың төлемақыдан айырмашылығы

Төлемақы дегеніміз - мемлекет меншігіндегі объектілерді пацдаланған кезде төленетін төлем.

Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:

  • біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған  кезде төлейді;
  • екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
  • үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.

Салықтың мемлекеттік баждан айырмашылығы

Мемлекеттік бажда төлем болып саналады.

Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

  • мемлекет тарапынан берілетін қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;
  • мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекетгің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.

Баждық алымнан айырмашылықтарына тоқталар болсақ:

  • баж бюджеттің табысы, ал алым мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтеріне орай табысы болып саналады;
  • баждың мөлшері төлеушілерге ұсынылған қызметтерінің құнына байланысты болмайды, ал алым көрсетілген қызметтердің құнына орай анықталады, яғни өтініш берушінің мемлекеттік органға келтіретін шығындары есепке алынады. Сондықтан алымның мөлшері тауар бағасы сияқты        нақты болуы тиіс.

1.2.Салық элементтері

Салық элементтері ~ салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықгайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда (1-сурет):

  • салық субъектісі;
  • салық объектісі;
  • салық көзі;
  • салық мөлшері;
  • салық жеңілдіктері;
  • салық ставкасы;
  • салық кезеңі;
  • салықты есептеу тәртібі;
  • салық есептілігі;
  • салықты төлеу тәртібі.
  1. Салық субъектісі

Салық субьектісі - заңды немесе жеке тұлға, яғни салыкты төлеушілерді атаймыз.

Салықты төлеушілер:

  • қызметкерлер—өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;
  • шаруашылық субъектілері — капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық  төлеуші ~ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам.

Салық  тасымалдаушылар - іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Заңды тұлға ~ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым (шетелдік занды тұлға) немесе кәсіпорын. Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым.

Заңды тұлғаның өз балансы, елтаңбасы, мөрі және банкіде есеп айырысу шот есебі болады.

Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады.

  1. Салық объектісі

Салық  объектісі - салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.

Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.

Тауар - қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез- келген еңбек өнімі болып табылады.

Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерде мұраға салық салынады.

Жер - белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады.

  1. Салық көзі.

Салық көзі- салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл - жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.

Салық көзі — салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.

Салықтың займдық қаржылар көзі тек мәселенің қысқа мерзімде шешілуін көрсетеді.

Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде - ұлттық табыс қатысады.

Салық  төлеушілердің салық  төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

  • табыс;
  • қор және жинақ;
  • өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;
  • қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
  • қарыз қаражаттары.

Табыс ~ ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.

Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.

Салық төлеушілердің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар:

  • тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
  • дивидендтер, рента;
  • сыйақы, ұтыстар, роялти;
  • жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері (бұларға табыс салығында толығырақ тоқталамыз).

Қор — мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар.

Жинақ – кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай қаражаттар.

Айналым қаражаттары — өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жнынтығы.

Қарыз қаражаттары ~ бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға) меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.

Рента - алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде - меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.

Жалақы - біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.

  1. Салық мөлшері.

Салық мөлшері - салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салықтың шекті мөлшері — табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге  немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).

Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады. Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері қолданылады.

1.3.Салықтың жіктелуі

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;
  2. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;
  3. Объектінің экономикалық белгілері бойынша:  тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;
  4. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;
  5. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;
  6. Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар;
  7. Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар;
  8. Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары;
  9. Салықтардың қолданылу қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар;

10.Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызмет-ақылы және қызметақысыз салықтар;

11.Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық;

12.Салықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және саңды салықтар;

1З.Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар.

ІІ Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қызмет ету механизмі

2.1.Қазақстан  Республикасындағы   салық жүйесінің даму кезеңдері

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекетгердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Нарықтық экономика меп мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты — бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Мемлекеттің салық  қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, бір-шама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толыктырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Бірінші кезең.

1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президетінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:

І. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

  1. Қосылған құнға салынатын салық.
  2. Пайдаға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
  5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.
  6. Кеден тарифі және баж салығы.
  7. Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.
  8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.
  9. Транспорт құралдарына салынатын салық. 10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.

11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.

12.3аңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.

13.Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматгығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.

14.Мемлекеттік баж салығы.

15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.

16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

  1. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
  2. Жер салығы.
  3. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
  4. Орман табысы.
  5. Су үшін төленетін ақы.
  6. Табысқа салынатын салық.
  7. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
  8. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматгардан алынатын алым.
  9. Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
  10. Елтаңбалық алым.
  • Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.

III. Жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Курорттық аймақта   өндірістік   мақсаттағы   объектілер кұрылысына    салынатын салық.
  2. Курорттық алым.
  3. Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
  4. Жарнамаға салынатын салық.
  5. Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
  6. Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
  7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
  8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
  9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.

10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.

11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.

12.Аукциондық сатудан алынатын алым.

13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.

14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.

15.Ит иелерінен алынатын алым.

16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

17.Жергілікті   аукциондар   өткізу  және   лотереялар   ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

Екінші кезең.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
  2. Қосылған құнға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдар:

1) Жер салығы.

2) Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.

3) Көлік құралдарына салынатын салық.

4) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.

5) Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.

6) Аукциондардан алынатын алым.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.

Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:

1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

2) қосылған құнға салынатын салық;

3) акциздер;

4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;

5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

6) әлеуметтік салық;

7)  автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;

8)   жер салығы;

9) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;

10) көлік құралдарына салынатын салық;

10-1) бірыңғай жер салығы;

11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;

12) қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;

13) аукциондық сатудан алынатын алым;

14)  Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;

15)   Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

16)заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;

16-1) заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздерді (түбір сөз, сондай-ақ олардың кез-келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;

17) жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.

Үшінші кезең.

2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер — Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында        Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.

Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.

Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қантарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде "экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы" қосылды.

Салықтың түрлері:

  1. Корпорациялық табыс салығы.
  2. Жеке табыс салығы.
  3. Қосылған құн салығы.
  4. Акциздер,

4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
  2. Әлеуметтік салық.
  3. Жер салығы.
  4. Көлік салығы.
  5. Мүлік салығы.

Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

Сонымен қатар алым - анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.

2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым "алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: "жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және "кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін" және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.

Алымдардың түрлері:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым (2005 жылы 1 қаңтардан).

  1. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылы 1 қантардан).

  1. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.1. Туындылар мен сабақтас құұықтар объектілеріне құқықтарды,  туындылар  мен  сабақтас  құқықтар  объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (2006 жылы 1 қаңтардан).

  1. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
  2. Аукциондардан алынатын алым.

11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде "қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы" төлейді.

Толемақының түрлері:

  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

7.1. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылы 1 қаңтардан).

  1. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж дегеніміз – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Баж салығы — алып келінген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзитті тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.

   Мемлекеттік баж салығы - төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.

Кеден төлемдері:

  • кеден бажы;
  • кеден алымдары;
  • алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
  • алымдар.

2.2. Қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы

2002 жылдың 1 қаңтарында қабылданған Қазаңстан Республикасының салық Кодексіне сәйкес төмендегідей салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қарастырылған:

  1. I. Салықтар:
  2. Корпорациялық табыс салығы.
  3. Жеке табыс салығы.
  4. Қосылған құн сал

4.Акциздер

5.Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар мен арнаулы төлемдер.

  1. Жер салығы.
  2. Көлік құралдары салығы.
  3. Мүлік салығы.
  4. Алымдар:
  5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  6. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3.Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4.Радиоэлектрондық құралдар және жоғарғы жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін.

5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  1. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  4. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алым.
  5. Аукциондардан алынатын алым.
  6. Елтаңбалық алым.

12.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін паидалануға рұқсат бергені үшін алым.

III. Төлемақы:

  1. Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  2. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
  4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  5. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  8. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  9. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы.
  10. IV. Мемлекеттік баж:
  11. Мемлекеттік баж.
  12. V. Кеден төлемдері:
  13. Кедендік баж.
  14. Кедендік алымдар.
  15. Төлемақы.
  16. Алымдар.

Сонымен, қазір қызмет ететін салық жүйесі төлемдердің 5 тобынан тұрады.

Бірінші топ — салықтар.

Барлық аталған салықтарды төмендегідей топтастыруға болады.

  1. Тікелей және жанама салықтар.

Қызмет ететін жүйеде жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Жанама салықтар бағаға немесе тарифке үстеме ретінде тағайындалады және тікелей салық төлеушінің мүлкі мен табысына байланысты болмайды.

Салықтардың тікелей және жанама болып бөлінуі "салық ауыртпалығын көтерушінің" дәрежесімен анықталады. Тауарларды өндіруші және өткізуші заңды және жеке тұлғалар жанама салықты төлеуші болып, ал салық ауыртпалығын көтеруші тауарды ақтың (оңғы) тұтынушы болып табылады.

Тікелей салықтар - бұл салық төлеуінінің тікелей табысы мен мүлкіне байланысты салықтар. Тікелей салық салынған кезде субъект салық ауыртпалығын нақты көтеруші болып табылады және бұл субъект қашан және қанша төлеу керек екенін біледі. Жеке тұлға акцизделетін тауарларды ала тұрып, бұл тауарлардың, акцизделетінін білмеуі де мүмкін, білсе де осы тауардың бағасындағы салық сомасының мөлшерін білмеуі мүмкін. Мыса-лы, Сіз бекіре балықтың 1 банка уылдырығын немесе 1 қорап темекі сатып алдыңыз. Осы тауарлардың бағасында қанша акциз сомасы бар екенін ойладыңыз ба? Міне, жанама салықтың ерекшелігі де осында, яғни салық ауыртпалығын көтеруші бұл ауыртпалықтың қандай екенін білмейді, жанама салық бүркемеленген. Тікелей салық ашық алынады және әрбір салық төлеуші қандай соманы төлеу керек екенін біледі.

Тікелей салықтың жанамадан негізгі айырмашылығы осында.

  1. Іс жүзіндегі және жеке салықтар.

Іс жүзіндегі салықтарға нақты табыс, мүлік жағдайына және субъект жағдайына байланысты салықтар жатады. Іс жүзіндегі салықтарға, мысалы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы жатады.

Жеке салықтар - бұл салық төлеушінің табысына салынатын салықтар. Бұған корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдасына салынатын салық, әлеуметтік салық жатады.

  1. Заттай және ақшалай салықтар.

Заттай салықтар заттай (өнімнің бір бөлігі және т.б.) төленеді. Заттай салықтарға Қазақстан Республикасының арнаулы төлемдері мен жер қойнауын пайдаланушылар салығына жататын өнімдерді бөлудегі үлесін жатқызуға болады. Басқа салықтар ақшалай түрде төленеді.

  1. Заңды тұлғалардан және азаматтардан алынатын салық. Бұл бөлініс салық салу субъектісіне байланысты болады. Заңды тұлғалардан алынатын салықтарға корпорациялық табыс салығын, заңды тұлғалардың мүлік салығын жатқызуға болады. Жеке тұлғалардан алынатын салықтар санына, мысалы, жеке табыс салығын, жеке тұлғалардың мүлік салығын енгізуге болады.
  2. Жалпы мемлекеттік және жеке салықтар.

Бұл бөлініс аумақтық деңгейге байланысты болады. Яғни, кейбір салықтар республикалық бюджетке, ал басқалары жергілікті бюджетке түседі. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңында қарастырылған.

  1. Жалпы және арнаулы салықтар.

Осылай бөліну қолдану сипатына байланысты болады. Салықтар арналуы (белгіленуі) бойынша жалпы және арнаулы болуы мүмкін. Арнаулы салықтар нақты шараларды қаржыландыру үшін тағайындалады. Мысал ретінде әлеуметтік салықты алуға болады, яғни, одан түсетін қаржылар әлеуметтік мұқтаждықтарға қолданылуы керек.

Көлік құралдары салығы жолдарды тиісті (қалыпты) жағдайда ұстап тұруға жұмсалады. Жалпы салықтар қазыналық рөл атқарады, яғни, бюджетке түсіп, жалпы белгіленген тәртіппен қолданылады.

  1. Айлық табыс және айлық табыс емес салықтар. Айлық табыс салығы сомасын салық органы әрбір салық төлеушіге бөлек тағайындайды және салық төлеу міндеті төлеушінің аталған органнан есептелген салық сомасы, салық базасы және төлеу мерзімдері көрсетілген тиісті өкім (салық хабарламасын) алғаннан кейін туындайды. Осындай салықтарға, мысалы, жеке тұлғаның жер салығы мен мүлік салығы жатады.

Айлық табыс емес салықтарды салық төлеушілер өздігінен есептеп және салық заңына сәйкес белгіленген тәртіпте, мерзімдерде төлейді.

  1. Актив және пассив салықтары.

Салық төлеушінің шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесі объекті, заты, салық базасы және төлем көзі қалыптасатын актив салығы болып табылады. Осындай салықтың мысалы ретінде корпорациялық табыс салығы алынады. Салық төлеушінің іс-әрекеті нәтижесінде оның табысы қалыптасып, салық салынатын табыс туындайды.

Алынған табыс есебінен салық сомасы төленеді. Актив салықтарға жанама салықтарды енгізуге болады, себебі олар өткізгеннен түскен түсім есебінен төленеді. Салық төлеу көзі салық салу объектісімен байланысты емес. Мысалы, егер жеке тұлғаның жекешелендірілген пәтері болса, онда ол тіпті оның табыс көзі болмаса да салық төлеуі тиіс.

Бюджет төлемдерінің екінші тобы — алымдар.

Алым - бұл заңдық мәні бар әрекеттерді жүргізу үшін мемлекетке төленетін төлем. Мысалы, салық төлеушіге белгілі бір құқықтық мәртебе беру үшін мүлікті заңдастыру (легализациялау) үшін, бір нәрсені пайдалануға құқықтық рұқсат беру үшін, қандай да бір қызметті жүзеге асыруға құқық беру үшін.

Салық пен алымның негізгі айырмашылығы төмендегідей:

  1. Алымдар бір-ақ рет алынады. Мысалы, заңды тұлға тіркеу кезінде мемлекеттік тіркегені үшін алым төлейді. Екінші қайтара бұл алым заңды тұлға қанша жыл жасаса да төленбейді. Салықтарға тұрақтылық пен қатынастардың ұзақтығы тән.
  2. Ақысыздың және эквивалентсіздік салық белгісі болып табылады. Алым эквиваленттік төлем болып табылады, себебі алымды төлей отырып, субъект мемлекеттен оның орнына бір нәрсе алады: белгіленген құқық, мәртебе немесе рұқсат.
  3. Алым өтемдік (компенсациялық) сипатта болады және оның мөлшері арыз берушіге көрсетілетін қызметті атқаратын мемлекеттік органның шығынын өтеуі тиіс.

Төлемдердің үшінші тобы төлемақы.

Төлемақы - бұл мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін мемлекетке төленетін төлем. Төлемақының мәні оның атауынан туындайды: орманды паидаланғаны үшін төлемақы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы және т.б.

Төртінші топ мемлекеттік баж.

Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті алым.

Бесінші топ — кеден төлемдері.

Кеден төлемдері - Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды әкелгенде және ҚР-сы аумағынан тауарларды шығарғанда алынатын міндетті алым.

ІІІ  Қазақстан Республикасында салық саясатын жүргізу ерекшеліктері.

Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жаплы ережелерін қарастырады.

Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.

Салықтардың созылымдылық принципі - бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.

Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.

Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады.

Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:

  • бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
  • екінші, салық салудың айқындығы;
  • үшінші, салық салудың әділдігі;
  • төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы;
  • бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.

Ал, енді осы принциптерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ.

  1. Салық салудың міндеттілік принципі.

Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізгі борышы, парызы болып саналады.

  1. Салық салудың айқындық принципі.

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.

Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.

  1. Салық салудыц әділдік принципі.

Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірден және міндетті болып табылады.

Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет.

Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

  1. Салық жүйесінің біртұтастық принципі.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

  1. Салық заңдарының жариялылық  принципі.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.

Олар мыналар:

  • салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
  • салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;
  • әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
  • өндіріп алынатын   салықтың   шығындары   мейлінше   аз болуға тиіс.

Нақтырақ айтатын болсақ:

  • әділеттілік;
  • анықтылық;
  • қолайлылық;
  • жалпылық.

Бұл тізім тағы да 3 принциппен толықтырылады:

  • жеткілікті және жалпыламалықты қамтамасыз етеді (салықтарды мемлекеттің обьектілік қажетіне және мүмкіндігіне қарай нығайтуға болса, азайтуға да болады);
  • керекті көзін және салық салудың объектілерін таңдау;
  • салық салудың бір дүркінділігі.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы сорақылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді.

Сондықтан Адам Смит: «Салық — төлеушілер үшін құлдықтық емес, бостандықтың белгісі» — деп жазды.

Философ Ф.Аквинский философиялық тұрғыдан «Ерік берілген тонау формасы» ретінде анықтады.

АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салық пен өлімнен қашып құтыла алмапсың» — деп атап көрсетті.

АҚШ-та екі мейрам бар:

  • туылған күні;
  • салықты төлеген күні.

Мұндағы мақсат дамыған мемлекеттер үшін салық төлеу белгілі бір дәстүр ретінде қалыптасқан.

Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақтысында төленбеген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстұр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.

Салық комитетініңбасшылары кездесуге қатысушыларды. Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарып жатқан істерімен таныстыра келе, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті, оның ішінде:

  • 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендету;
  • 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
  • 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасын енгізу;
  • 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға темендету және басқалар.

        Жиында сөз алған Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына өзгертулер енгізу және жыл басында салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшыларына, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру — Салық комитетінің жақсы дәстүріне айналғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының 2004 салық тісімдерінің бюджет деегейлері арасында білінуі кестеде корсетілген (Кесте 2).                                 Мемлекеттік кірістер бойынша болжамдалған кірістер жалпы алғанда 1084072 мың теңге асыра орындалды.

Бюджетке салықтар және басқа төлемдер құрылымында 2004 жылдың нәтижесі бойынша республикалық деңгейдегі салық төлеушілері ішінде ең көп түсімдер корпорациялық табыс салығына, роялти, баж төлемдеріне, әлеуметтік салықтарға түседі. Ал аймақты деңгей салық төлешілері бойынша салықтар тусімдердің көп мөлшері косылған құн салығынан, корпорациялық табыс салығынан түседі.

Салықтар мен төлемдердің бюджет деңгейлері арасында бөлінісі

(млн. теңге)

  Болжам Нақты орындал-ғаны Ауытқуы Орында-лу % Өткен жылмен салыстыр-ғандағы өсу қарқыны
Мемлекеттік бюджет 27923,8 29007,9 1084 103,9% 114,5%
Республикалық бюджет 17148,2 18044,3 896,1 105,2% 103,1%
Жергілікті бюджет 10775,6 10963,6 188 101,7% 140%
ҚР    Ұлттық қоры 123442,1 12342,1 0 100%  
Барлығы 40265,8 41350 1084,2 103,9% 1145,5%

ОҚО және Шымкент қаласы бойынша салық түсімдері 2005 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджеттің кірісі – 26883,8 млн. теңге, немесе жоспарға – 102,4% құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 23% өсті.

Республикалық бюджетке 15612,4 млн. теңге түсті, бұл кірістің жалпы көлемінің 58,1% құрайды. Жоспар 1,6%-ға артығымен орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,9% өскен.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 11271,4 млн. теңгені құрап, жоспар 3,5% артығымен орындалды және 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4% артқан.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары облыстың барлық аудандары мен қалаларында орындалды.

2005 жылдың қаңтар-маусымында республикадан субвенция ретінде 9718,4 млн. теңге, немесе жоспардың 100% алынды.

Бюджеттің кіріс бөлігі негізінен жалпы түсімдердің 82,9% үлесін құрайтын ҚҚС (қосылған құн салығы), заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, жеке тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салықтар және акциздерден қалыптасады.

Акциз бойынша жоспар 0,9%-ға кем орындалды, немесе аталған салық түрі бойынша 22,1 млн. теңге бюджетке түспеді.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджетке берешектер тұтас облыс бойынша 177,7 млн. теңгеге кеміп, 1385,3 млн. теңгені құрады.

2005 жылдың мамырында статистикалық мәліметтер 266 шаруашылық жүргізуші субъектілерінің көрсеткіштерін қамтыған. Олардың қаржы нәтижесінің қорытындысы 538,2 млн. теңге мөлшерінде кіріс болып анықталды.

Есеп берген субъектілердің жалпы санының 169 бірлігі (63,5%) 1603,5 млн. теңге көлемінде кіріс алды. 1065,2 млн. теңге көлемінде – 97 кәсіпорын (36,5%) залал алды.

Шымкент қаласы бойынша 2005жылдың қаңтар-маусымында КТС 5312729,1 мың.тг(2004ж сол кезеңіне 3710224,5), ҚҚС 6974422,7мың.тг(4705855,6мың.тг), акциз 68933,8 мың.тг (63920,7мың.тг) ЖТС 972914,8 мың.тг(777633,9мың. тг), әлеуметтік салық 2316439,9 мың.тг (1976119,7мың.тг), жер салығы  97175,4 мың.тг(82376,6мың.тг), көлік салығы 125654,5мың (84882,4мың.тг).тг, мүлік салығы 260193,8 (197467,9 мың.тг). Сонымен қорыта келгенде Шымкет қаласы бойынша (алымдарды т.б. қосқанда) республикалық бюджетке 2005ж 1-жарты жылдығына 14393554,1 мың.тг, жергілікті бюджетке 6940359,6 мың.тг түсім түскен. Ол 2004 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 4381297,4 және 527642,9 мың теңгеге артық.

Қорытынды

Дербес салық жүйесі үшін 10 жыл деген көп мерзім емес екенін айтқым келеді. Дегенмен, осы уақыттың ішінде ол жүйе ретінде қалыптасып үлгереді. Жалпы, республиканың салық қызметінің өткен тарихын мынадай үш кезеңге бөліп қарауға болады: 1990 –1995 жылдар –салық жүйесінің құрылу кезеңі, 1995 –2000 жылдар оның қалыптасу кезеңі, ал 2000 жылдан бастап даму және рәсімделу кезеңі.

Жалпы осы уақыттардың ішінде қоғамда, ел экономикасында болған көптеген өзгерістер, оның ішінде салық салатындығы елеулі бет бұрыстар жаңа салық заңын-салық кодексін әзірлеудің қажеттігін тудырады.

Қазақстан Республиканың салық кодексін басқа елдердің заңдарымен салыстырсақ, неғұрлым жетілдірілген құжаттың дүниеге келгенін аңғару қиын емес. Мұнда экономиканың   жетелеген инторларына, оның ішінде салық жеңілдігі түрінде емес,арнайы салық режимдерін құру жолымен белгілі қолдауды қажет ететін шағын бизнеске, аграрлық инторға, элеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінді. Салық кодексінде салық салудың халықаралық принциптеріне жақындау бар, бұл әлемдік экономикалық кеңістікке кіру үшін жақсы негіз болмақ. Жалпы алғанда салық кодексінде 1995 жылғы заңының басты негізі сақталды, өйткені қалай болғанда да сол заң арқылы біздің салықтық тәжірибеміз толығысып, белгілі бір салықтық мәдениетіміз қалыптасты.

Салық салу тәртібін жүйелеу, қазіргі салықтардың тұрақтылығы және мемлекеттегі салықтың құқын қарым-қатынастарын реттейтін біртұтас заңның болуы барлық салық төлеушілердің мемлекет бюджетіне қанша және қашан төлеуін білудің негізін жасайды. Салықтық реттеу экономикалық белсенділікті кәсіпорындар мен халықтың мүдделерін қамтамасыз етуге арналған. Бұл салық салу ставкасы мөлшерімен жасалды. Салық салу деңгейі бәрінен бұрын қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесінен байланысты: егер қажеттіктер, салық кірістері есебінен құралған жалпы мемлекеттік ақша қоры арқылы қанағаттандырылса, онда салық салу деңгейі жоғары, және егер қоғам қажетін қанағаттандыру жүйесі халықтың жеке табысына немесе кәсіпорын жабдығына бағытталса, онда салық деңгейі төмен болады. Егер салық түсімінің сомасы мемлекет шығындарын қаржылауға жетпесе, онда инфляцияға әкелетін бюджет тапшылығы пайда болады. Қаржы тапшылығы ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуіне, әрі инфляцияға әкеледі. Егер қаржы тапшылығы барысында мемлекеттің жинаған қаражаты тиімді пайдаланылып айналым кезінде экономикалық өсуге әкелсе, онда бұл мәселені қысқа мерзімде шешу мүмкін болады.

Салық жүйесі–елдің экономикалық дамуының бірқатар міндеттерін шешуге, экономиканы құрылымдық қайта құруға өндірістік және инфрақұрылымды әлеуметті кеңейтуге, жеке органдардың даму деңгейін теңестіруге қажетті мемлекеттік қаржы ресурстарын шоғырландыруды қамтамасыз етеді.

Салық төлеуші мен оны жинаушы салық төлеу процесінде қарым-қатынасқа түседі. Бұл қарым-қатынас неғұрлым дұрыс, өзара тиімді әрі объективті болса соғұрлым салықтың жиналу деңгейі де жоғары болады. Бірақ, үйдегі ойды базардағы нарық бұзатыны белгілі. Сол себепті салықтың жалпы жиналу деңгейіне әсер ететін объективті де субъективті жағдайлар бар: өндіріс қарқының төмендеуі кәсіпорындар мен мекемелердің арасындағы төмен ақылардағы дағдарыс, заңды білмеу немесе оның алдындағы жауапкершіліктің төмендеуі салық жүйесі қызметкерлерінің жалақысының аздығы және тағы басқалар. Әрине, мемлекет барынша көп кіріс  кіргізуге тырысады. Кәсіпкер де солай ешкім де ешқашан да өз еркімен өз пайдасының бір бөлігін бөліп беруге құлшынбайды. Сондықтан да әр елдің өз салық Кодексі бар. Ол әр елдің экономикасының, қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тіршілігінің халахуатының жағдайы байланысты әртүрлі болып келеді. “Қазақстанда қазір ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы, жетілген салық Кодексі бар” деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тегін айтпаса керек. Бірақ, қазір осы ең жақсы салық кодексі жақсы жұмыс істеді деп айта алмаймыз. Оған себеп экономикадағы қиыншылықтар мен оңтүстік-Шығыс Азия және Ресейдегі дағдарыстың әсері, әлемдік рынокта мұнай мен түрлі-түсті металға деген бағалардың құлдырап төмен түсіп кетуі болып отыр. Елбасымыздың  “ Қазақстан болашақта тіпті де мұнай мен түрлі-түсті металл арқылы емес, шағын және орта бизнес арқылы дамытсақ “ деді салық Кодексінің мәнін арттыра түседі.

Тағы бір айта кететін жайт, төлемшілердің салық заңдылықтарын білмеуі. Осы бір сауатсыздық талай  іске кедергі болып отырғаны да жасырын емес. Сондай-ақ, салық саласының мамандарына да кәсіби білімдарлық керектігін айтуымыз керек. Бюджетке қаржы түсіретін әр мекеме өз міндетін жете түсінбейінше ортақ іске кедергі келері заңдылық. Сондықтан салық жинауда салғырттық атаулыға жол бермей, бюджет қаржысын молайту жолында аянбай еңбек етуіміз керек.

Салық органдарында 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген салық төлеушілер 2002 жылғы 1 ақпанға дейін ,,Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабында белгіленген талаптарды орындауға міндетті.

Похожие материалы