Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшылар: 25 жылда алғашқы триллионер пайда болуы мүмкін

Сарапшылар: 25 жылда алғашқы триллионер пайда болуы мүмкін

Сарапшылардың пікіріне сүйенер болсақ әлемдегі ең бай адамдардың қаражаты бүгінгідей өсуін жалғастыра берсе, алдағы 25 жылда жаңа трилионердің пайда болуы ғажап емес.

Әлемдегі ең бай сегіз адамның жалпы қаражаты 426 млрд доллар.  Елестету үшін айтайық, жер бетіндегі аса бай емес халықтың барлық қаражатын қосқанда аталмыш сан шығады.

Халықаралық экономикалық форум төрт жыл бұрын экономикалық теңсіздіктің әлеуметтік тұрақтылық үшін қауіпті екенін атап өткен. Үш жыл бұрын халықаралық банк кедейлікті жоюды мақсат етіп, әрекеттерге көшкен. Алайда сарапшылардың байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздікті азайту мақсатында жасаған әрекеттері еш нәтиже бермеген.

2015 жылы әлемнің ең бай 1% адамның байлығы жер бетіндегі өзге халықтың әл-ауқатымен бірдей болған. Бұл көрсеткіш жоғарыдағы сөздерге дәлел бола алады. Айта кететін тағы бір қызықты дерек: алдағы 20 жылда 500 адам өзінің мұрагерлеріне $2,1 трлн қалдырып кетеді. Бұл 1,3 млрд. халқы  бар Үндістанның ЖІӨ-нен де жоғары.

Әлемнің ең кедей 10% халқының табысы 1988 жыл мен 2011 жыл аралығында жылына  бар жоғы 3 долларға көтерілді. Ал жоғарыда атап өткен 1% ауқаттылардың табысы 182 есе өскен. Мамандардың айтуынша FTSE-100 компаниясының бас директоры Бангладеште тігін фабрикасында жұмыс істейтін 10 000 адамнан көп табыс табады.

Әлемдегі әрбір тоғызыншы адам ұйқыға аш жатады деген дерек бар. Сарапшылар егер 1990-2010 жылдар аралығында байлардың емес, керісінше жағдайы нашар халықтың табысы көтерілген жағдайда бүгін 700 млн адам, әсіресе әйелдер, кедейлікте өмір сүрмес еді. Ғылыми зерттеушілер салықты көбейткенде, соғыс және өзге де регрессивті шығындарды азайтқанда кедейшіліктен біршама айырылуға болатынын айтады.

Қалай қарасақ та біз байлардың дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сарапшылар баяндамасында Forbes журналының мақаласын еске түсіреді. Әлемде 1810 долларлық миллиардер бар екен. Оның 89%-ы ер кісілер. Олардың иелігінде $6,5 трлн. Дәл осындай көрсеткіш жер бетіндегі барлық кедейлердің 70%-ында бар. Сарапшылар миллиардерлердің жартысы қаражатты өз еңбектері мен дарындарының арқасында жинаса, үштен бірі мұра арқылы байыса, қалған 43%-ының баюына таныс-тамыр әсер еткен дейді.

Мамандар бай адамдардың кеңесшілері болатынын  және 2009 жылдан бастап капиталдары орта есеппен жылына 11%-ға өсіп жатқанын айтып өтті. Forbes журналының әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс 2006 жылы Microsoft компаниясынан кеткенде қазынасы 50%-ға, $25 млрд. көбейген. Егер оның байлығы осындай қарқынмен өсуін жалғастырса, алдағы 25 жылда алғашқы триллионердің пайда болуы мүмкін.

Адина АНАРБЕК «7»

Похожие материалы