Сарапшылар: АӨК субъектілерін қаржыландыру орта және шағын компаниялар үшін қол жетімді болуы тиіс
Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін қаржыландыру ісіне ірі, орта және шағын компаниялар үшін тең қол жетімділік нормалары қажет деп есептейді сарапшылар.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰАК) басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың пікірінше, бағдарламаның көп сынға ұшырауының себебі - оның алушылары көбіне ірі компаниялар болып, шағын фермалардың үлесі аз болғандығында.
"ҰКП үкіметке "ретроспективті" инвестициялық көмекқаржыларды бөлу ұсынысын бағыттады, себебі бөлінген қаражат АӨК-тің қазіргі жағдайын шеше алмай отыр. Сонымен бірге қолданыстағы кәсіпорындар өндірісі толық жүктелмегендіктен, Кәсіпкерлер палатасы жаңа инвестицияларды ынталандыру мөлшерін азайтуды ұсынып отыр", - деп мәлімдеді Р.Ошақбаев.
Өз кезегінде "Қазақстан фермерлерінің одағы" республикалық қоғамдық бірлестіктің президенті Әуезхан Даринов АӨК-ті қолдауға бөлінген қаражаттың зор бөлігін қарыздарын қайтармай жүрген компаниялар алғандығына шағым білдірді.
"Біз талдау жүргіземіз, бөлінген 300 млрд теңгенің тек 0,2%-ын орта және шағын компаниялар алып отыр. Қалғаны қайтадан ақшаны қайтармайтын, мемлекетке әрдайым қарыз болып жүретін холдингтерге берілді. Тиімді пайдаланатындарға беру керек", - деді Ә.Даринов.
Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Алтынбек Молдашевтың ойынша мемлекеттік қолдау шараларын мал шаруашылығына бағыттау қажет.
"Халықтың мал шаруашылығы өнімдеріне, әсіресе етке, сүтке, майға деген өсіп келе жатқан мұқтаждығын ескерсек, мал шаруашылығы саласын дамыту басым міндет болуы тиіс", - деп түсінік берді А.Молдашев.