Сараптау жүйелері негізінде үздіксіз экономикалық процестерді бақылау және басқару
«Жүйе» термині ғылыми әдебиеттерде қалай қолданылса, күнделікті өмірде де солай қолданылады. Әдетте біз жүйе туралы сөз қозғағанда, қандайда бір өзара байланысқан мәліметтердің біртұтас бүтін күйінде қарастырылатын жиынын (бірігуін, жиынтығын) бейнелейміз, мысалы олар, күн жүйесі, транспорт жүйесі, есептеу жүйесі, қаржы жүйесі, математикалық теңдеулер жүйесі және тағы басқа.Біз бұдан жүйені материалдық объектілер (экономикалық, биологиялық, техникалық) сияқты және абстрактілі объектілер біріктіретінін байқаймыз.
Жүйе – бұл бір-бірімен қатынаста және байланыста болып, анықталған бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы.
Жүйе туралы ұғым қашанда элемент, тұтастық, құрылым, байланыс, қатынас, ішкі жүйе сияқты түсініктермен байланыстырылады. Білімнің әртүрлі саласында бұл түсініктемелер әртүрлі мағынаны білдіреді. Дегенмен, жалпы білімнің барлық салаларында жүйені элементтердің бірігуінінен тұратын тұтас объеті деп қарастыруға болады.
Кез келген жүйені шектеулі санға дейін бөлшектеп, ішкі жүйелер алуға болады да, оның ішінде әрқайсысын өз кезегіне сәйкес жүйенің элементі деп аталатын – бірінші деңгейдегі ішкі жүйені алғанша, майдаланған ішкі жүйені тағы да шектеулі санға бөлшектеүге болады.
Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлем бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін:тауарды өңдеушілер, маркетолготар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және тағы басқа.
Жүйелер әр түрлі болуы мүмкін: қарапайым, күрделі, әлеуметтендірілген автоматтандырылған және басқалар. Олар нақты мақсаттарға сәйкес әртүрлі белгілер бойынша жіктелінеді (класификацияланады). Қарапайым жүйеге мысалы: жұмысқа келуді, тапсырманң орындалуын бақылау жүйелері және басқалар жатса, ал өте күрделі жүйеге: мемлекеттік АЖ, халықаралық АЖ және тағы басқа жатады.
Экономикалық жүйе енулер мен шығарулардан тұратын динамикалық жүйе болып табылады. Экономикалық өндірістік жүйеге енуге табиғи, еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттық, мәліметтік және басқа да қорлар жатады.Ал экономикалық өндірістік жүйеден шығуға – қоғам мүддесін қанағаттандыру үшін игілік пен қызмет көрсету жатады. Экономиклық жүйе өте күрделі жүйеге жатады және сондықтан ол дәстүрлі «қара жәшік» үлгісі бойынша бейнеленуі мүмкін.
Сарапжау жүйе – экономика, медецина, инженерия, нақты ғылым сияқты әр түрлі күрделі салалардағы шешімдерді қабылдауға көмек көрсетуге арналған. Оның айырмашылық ерекшелілігіне, сарапшылардың берілген пәндік саладан алған эвристикалық (тапқыштық) білімге сүйенуі жатады. Кез келген сараптау жүйенің негізі болып, қорытынды шығару ережесі мен ақиқат ақиқат айғақтарды қамтитын эвристикалық білім қоры саналады. Ақиқат айғақтар күнделікті ағымдағы жағдайларды бейнелейді де, сондықтан білім қорының қысқа мерзімдік ақпаратына айналады. Таңдау ережесі ұзақ мерзімдік ақпарат болып және жаңа фактілер мен болжаулардың қалай пайда болатыны туралы білімді қамтиды. Таңдау ережесі ұзақ мерзімдік ақпарат болып және жаңа фактілер мен болжаулардың қалай пайда болатыны туралы туралы білімді қамтиды. Таңдау сратегиясының өзін, яғни таңдауды, қолдануды, тексеруді және ережені орындауды логикалық (қисынды) қорытынды шығару машинасы деп аталған сараптау жүйесінің блогы жүзеге асырады. Ал стратегияны тікелей іздеу, кері, іздеу және аралас деп бөледі.
Сараптау жүйе пайда болған алғы шарттары өткен ғасырдың 70-жылдарын қамтиды. Бұл уақытта мәліметтер базасының қатар білім базасының қолдану мәселесі пайда болған сараптау қатар білімді ұсыну бойынша модельдер түрлері ұсынылады. Мысалы, Newl, Сейман атты ғылымдардын білімді ұсынудың протеционды моделін, ал 1975 жылдары линейный Фреймдік модемдік модемді ұсынады. Сол кезде логикалық есептер үшін бірқатар сараптау жүйелері құрылды. Сараптау жүйесінің бірнеше анықтамасы бар.
Сараптау жүйесі – белгілі бір қолдану саласын мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс – қимылын модельдеуге имитация арналған интелектуалды деп аталады.
Сараптау жүйесінде – қолдану саласында болып мәселені сарапшы маман жүзеге асырғанда етіп орындайтын жасанды интеллек жүйесі.
Сараптау жүйе – өте күрделі программалық кешен болып саналады. Себебі мұнда қолдану салаларын, мамандарын бүкіл білімдері қамтылған . Осы тәжірибе басқа деңгейде пайдаланғанға таратылатын болады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау
2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 9,4 %-ға өсті және 5542 млрд. теңгені құрады.
Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты, мұндағы жоғары даму қарқынын оның құрамдас секторларының тұрақты дамуы қамтамасыз етті. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі 10,1 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 12,7 %-ға, өңдеуші өнеркәсіп – 8,9 %-ға, өндіріс және электр энергиясын, газ және су тарату – 3,5 %-ға өсті.
2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,1 %-ға өсті және 694,7 млрд. теңгені құрады.
Қызметтер секторындағы неғұрлым ауқымды өсу байланыста қамтамасыз етілді, мұнда кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін қызметтер көлемі 2003 жылғы деңгейден 32 %-ға асып түсті және 150,8 млрд. теңгені құрады.
2003 жылмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен тасымалдау 9 %-ға өсті және 1840 млн. тонна жүкті құрады.
2004 жылы инфляция деңгейі орта есеппен 6,9 %-ды құрады.
Қаржы рыногының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит рыногын едәуір жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер секторын дамытуға бағытталатын ақша қаражатының мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2005 жылғы желтоқсанның аяғында 1484,3 млрд. теңгені құрады және 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,8 %-ға өсті.
2004 жылы қазақстандық өнім экспорты барлық тауарлар номенклатурасы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 55,5 %-ға ұлғайды. Нақты көлем құны мен индексі бойынша шикі мұнайдың және мұнай өнімдерінің (газ конденсатын қоса алғанда) экспорты 2003 жылдың деңгейінен тиісінше 61 %-ға және 19 %-ға жоғары болды.
Темірден жасалған жалпақ илек экспорты 7 %-ға ұлғайды, бұл ретте сатудан түсетін түсім 15 %-ға, тазартылған мыс – 4 %-ға және 64 %-ға, өңделмеген мырыш – 14 %-ға және 42 %-ға, өңделмеген қорғасын – 21 %-ға және 86 %-ға ұлғайды.
2004 жылы Қазақстанға тікелей шетелдiк инвестициялардың нетто-ағымы 5,5 млрд. АҚШ долл. асты, бұл 2003 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 2,5 есеге көп.
Шетелдік қарыз капиталының мол ағылуымен қатар экспорттан түсетін валюталық пайда түсімдері ішкі валюта рыногында шетелдік валютаның шамадан тыс ұсынылуына себеп болды. Ішкі валюта рыногына көрсетілген қысым салдарынан АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамы номиналды қымбаттады. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңгенің орташа өлшенген айырбас бағамы бір доллар үшін 136,04 теңгені құрады, жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегі теңге 9,30 %-ға нығайды.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы халықтың нақты есептелген кірісі 13,2 %-ға көтерілді. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы бір жұмыскердің орташа жалақысының нақты өсуі 13,9 %-ды құрады.
2005 жылғы бірінші жарты жылда сыртқы экономикалық жағдайлар мен елдегі жүргізіліп отырған экономикалық саясат экономика дамуының жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді.
Экономика өсуінің жоғары қарқынын сақтауға әсер еткен негізгі факторлар мыналар: әлемдік тауар рыноктарындағы шикізатқа жоғары бағалар, негізгі капиталға едәуір көлемде инвестициялар тартуға мүмкіндік берген елдегі қолайлы экономикалық ахуал және тікелей шетелдiк инвестициялар, халықтың ақшалай табыстарының өсуі есебінен ішкі сұраныстың кеңеюі және бөлшек сауда тауар айналымының ұлғаюы; тұтыну рыногында бағалардың және негізгі валюталарға теңге бағамының күрт ауытқуларының болмауы.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бағалауы бойынша 2005 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ-нің өсуі 9,1 %-ды құрады. Өсудің жоғары қарқыны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнім шығарудың есебінен қамтамасыз етілді. Құрылыс индустриясы экономиканың өсуіне едәуір үлес қосты. Қызметтер секторында көрсетілетін қызметтердің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жоғары болды.
Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылда өнеркәсіп өнімдерін (тауарларын, қызметтерін) өндіру көлемі 2294,6 млрд. теңге құрады және өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7 %-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 4%-ға ұлғайды және 167,2 млрд. теңгеге жетті.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 240,4 млрд. теңге құрады және өткен жылғы деңгейден 33,8 %-ға асты.
Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 2,8 %-ға өсті, бөлшек тауар айналымының көлемі 10,8 %-ға ұлғайды, байланыс қызметтерінің көлемі 21,2 %-ға өсті.
2004 жылғы желтоқсанға қарағанда инфляцияның жалпы көлемін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі маусым айында 3,5 %-ды құрады. Инфляцияның орташа жылдық мәні 7,3 %-ды құрады.
Ағымдағы жылғы алты айда теңгенiң орташа өлшенген айырбас бағамы бiр доллар үшiн 131,21 теңгенi құрады, жыл басынан берi АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегi теңге 3,84 %-ға құнсызданды.
Ұлттық қордың ақшаларын (5,2 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 13,2 млрд. долл. құрады.
2005 жылғы алты айда ақша массасы 11,1 %-ға ұлғайды және 1833,3 млрд. АҚШ долл. құрады.
2005 жылы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының сыртқы тауар айналымы 21,2 млрд. АҚШ долл. құрады және өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 49,2 %-ға ұлғайды. Экспорт көлемі 53,1 %-ға өсті және 13,1 млрд. АҚШ долл. жетті, тиісінше импорт – 43,4 %-ға және 8,1 млрд. АҚШ долл.
Жұмыссыздардың саны маусым айында 640,6 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға ұлғайды. Жұмыссыздардың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 7,7 %-ын құрады.
2005 жылғы маусымда жұмысшыларға аударылған орташа айлық номиналды жалақы 3215,2 теңге құрады және 2004 жылғы маусым айымен салыстырғанда 14,4 %-ға өсті. Нақты жалақы 6,0 %-ға артты.
Қаржы секторының тұрақты дамуы мен халықтық нақты табыстарының өсуі халық салымдары өсуінің негізгі факторлары болды, бұл 2005 жылғы алты айдың нәтижелері бойынша 13,7 %-ға ұлғайды және 509,5 млрд. теңгеге жетті.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2005 жылы 2004 жылға қарағанда ЖІӨ-нің нақты өзгеруі 8,8 %-ды құрайды.
Экономикалық өсу өнеркәсіптегі өндіріс қарқынының 6,7 %-ға өсуімен қатар жүреді.
Тұтастай республика бойынша егіс алаңының құрылымы өткен жылғы деңгейде сақталады және 17,9 млн. га құрайды, оның iшiнде 14,3 млн. га. жерге дәндi дақылдар (күздiк дақылдарды есепке алғанда) егiледi.
2004 жылмен салыстырғанда астық өндiру 4,8 %-ға ұлғаяды және 13,0 млн. тоннаны құрайды, оның iшiнде бидай 10,0 млн. тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң өсуi 100,5 %-ды құрайды деп күтілуде.
Құрылыс қарқыны 2004 жылғы қарқыннан 9,5 %-ға жоғары болады. Саладағы өсу, негiзiнен, тұрғын үй құрылысын кеңейту есебiнен қамтамасыз етiледi.
2005 жылы 61 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндiрiледi, бұл 2004 жылғы деңгейден 2,7 %-ға артық.
Қазақстандық өнiмдердiң экспорты 2004 жылғы деңгейден 24,9 %-ға асып түседi және 26,8 млрд. АҚШ долларын құрайды.
2004 жылмен салыстырғанда импорт 20,1 %-ға ұлғаяды және 18,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Бағалау бойынша орташа жылдық мәндегi инфляция 5 – 7% аралығында сақталады.
Экономиканың 2006 – 2008 жылдары жұмыс істеу жағдайлары
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2006 – 2008 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2006 – 2008 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады
Сыртқы жағдайлар
Әр түрлі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша 2006 – 2008 жылдары әлемдік экономика бірқалыпты қарқынмен дамиды. Әлемдік экономиканың өсуінде АҚШ, Қытай, ЕО елдері және Жапония айқындаушы рөл атқарады.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша 2004 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4 %-ды құрады. Банк 2005 – 2006 жылдары әлемдік экономиканың жыл сайын 3,2 % өсуін болжап отыр. 2004 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының бәсеңдеу болжамы әлемдік экономиканың теңгерімсіздігін ескере отырып жасалды, бұл АҚШ-тағы қосарлы жоғары тапшылықтың, еуропа елдеріндегі экономиканы қалпына келтірудің созылып кетуінің; Қытай экономикасындағы белгісіздіктің және оның қызып кету ықтималдығының, сондай-ақ мұнайдың болжанбайтын бағаларының әсерінен пайда болып отыр.
Банк мамандарының бағалауы бойынша орта мерзімді перспективада осы факторлардың әлемдік экономиканың өсуіне әсері сақталады.
Валюта рыногында америка долларының әлсіреуімен сипатталатын өткен жылдардағы үрдіс жалғасады деп күтілуде. 2004 жылы негізінен екі фактор – АҚШ бюджетінің тапшылығы мен сауда теңгерімінің күшеюі доллар бағамының өзгеруіне келеңсіз әсерін тигізді. Көрсетілген факторлардың салдарынан АҚШ доллары бағамының әлсіреуі евроға қатысты 8,7 %-ды, жапон йеніне қатысты 3,7 %-ды құрады.
Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) болжамы бойынша 2005 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4 %-дан астам болады.
Қор мамандарының пікірі бойынша мұнайдың қымбаттауы, инфляцияның жеделдеуі және ағымдағы шоттардың теңгерімсіздігі әлемдік экономиканың өсуі үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.
ХВҚ бағалауы бойынша Азияның дамушы елдеріндегі ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2004 жылғы 8 %-дан 2005 жылы 7 %-ға дейін бәсеңдейді. Өңірдегі экономиканың өсуі, негізінен, ішкі сұраныстың айтарлықтай кеңеюі есебінен болады деп күтілуде.
Азия Даму Банкінің мәліметтері бойынша 2004 жылы Азия – Тынық мұхиты өңіріндегі дамушы елдердің жиынтық ЖІӨ-сі 7,3 %-ға ұлғайды. Бұл 1987 – 1988 жылдардағы валюта-қаржы дағдарысы уақытынан бергі өңірдегі ең жоғарғы өсу қарқыны. Рекордтық көрсеткішке белгілі бір дәрежеде халық кірістерінің жоғарылауы және ішкі сұраныстың өсуі, Қытайдың серпінді экономикалық дамуы, өңірдегі сауданы және экономикалық ықпалдасуды одан әрі жандандыру сияқты факторлардың есебінен қол жеткізілді.
Банк мамандарының болжамы бойынша мұнайдың жоғары бағаларына және 2004 жылғы желтоқсандағы апатты цунами салдарларына қарамастан, 2005 жылы Азияның дамушы елдеріндегі экономикалық өсу қарқыны жоғары болады және 6,5 %-ды құрайды. 2006 – 2007 жылдары олардың экономикалық өсу қарқыны орта есеппен 6,6 – 6,9 %-ға жетуі мүмкін.
Азия – Тынық мұхиты өңіріндегі дамушы елдердің экономикалық өсуіне індеттер, террорлық қауіп, энергия тасығыштарға бағалалар өсуінің жалғасуы және АҚШ-тағы зор сыртқы сауда тапшылығының салдарынан валюта бағамдарының тұрақсыздығы теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Ішкі жағдайлар
2006-2008 жылдары экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканы өсірудің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы аралықтағы инфляцияны ұстап тұру мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды қабылдайтын болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеуші функцияларын күшейту үшін практикаға тоқсан сайын қайта қарауды және қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтілімдердің деңгейіне қарай белгілеуді енгізу жоспарланып отыр.
Теңгенiң айырбас бағамының серпiнi сыртқы жағдайлармен де, Ұлттық Банктiң бағамды iшкi валюта рыногына шетел валютасының ағынына байланысты қалыпты өзгеруiн қамтамасыз ете отырып, теңге бағамының күрт ауытқуларын болдырмауға бағытталған саясатымен де айқындалатын болады.
Алдыңғы жылдардағыдай, бұл жылдары да өнеркәсіпті дамыту негізінен басты екі стратегиялық құжатта: Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында (бұдан әрі - Стратегия) айқындалатын болады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес 2003 жылға қатынасы бойынша 2005 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2,7-3 есе ұлғайту ұйғарылып отыр.
Мұнай-газ секторын тұрақты дамыту Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Экономиканың бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету үшін Стратегияның екiншi кезеңiн iске асыру жалғасатын болады. Экономиканың басым салаларында кластерлік бастамаларды дамыту үшiн негiз құру бұл кезеңнiң негізгі қорытындысы болады.
Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту бұл міндетті шешудегі бірінші қадам болды және бұл перспективада экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді. Аталған Жоспарға жеті пилоттық кластерлер енгізілді: туризм, құрылыс материалдары, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ машиналарын жасау, көліктік логистика. Қабылданған шаралар кейінгі жылдары экономиканың осы салаларына кластерлік ұстанымды кең ауқымда енгізу үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Кластерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жекелеген басым инвестициялық жобалар, сондай-ақ инновациялық сипаты бар жобалар даму институттары арқылы қаржыландырылатын болады.
Қаржы даму институттарының инвестициялық жобаларының портфелі қаржыландыруда даму институттарының 530 млн. АҚШ долл. астам қатысу үлесі бар жалпы сомасы 1776 млн. астам АҚШ долл. қаржыландыру үшін мақұлданған 96 инвестициялық жобалардан тұрады.
Қазақстанның инвестициялық қоры үш жоба бойынша - құны 269,15 млн. АҚШ долл. табақ шыны, құны 80 млн. АҚШ долл. электрмен пiсiру тiк жiктi құбырлар және Қарағандыда құны 269 млн. АҚШ долл. сортпрокат өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады. Өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, перспективалы жобалар болып табылатын құны 150 млн. АҚШ долл. Шар-Өскемен темір жол желісін салу жөніндегі жобалау жұмыстары жүргізілуде.
2005 жылы даму институттарының 21,5 млн. АҚШ долл. қатысу үлесімен қаржыландыру үшін 525,2 млн. АҚШ долл. сомасында 29 жоба мақұлданды.
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ қатысуымен 2004 - 2005 жылдары Қарағанды, Орал және Алматы қалаларында жарғылық капиталдарының жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын үш өңірлік технопарк құрылды.
Технопарктер қызметінің негізгі мақсаты отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді және перспективалы шетелдік технологиялар трансфертін енгізудің тиімді тетігін жасау арқылы экономиканың нақты секторының технологиялық дамуына жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Бағдарлама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық гранттық қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейді.
Республикада инвестициялық преференциялар беру 2003 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2005 жылғы мамырда «Кейбір заңнамалық актiлерге инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда бірқатар басымдықтарға ие инвестициялар беруді мемлекеттік қолдау шараларының жаңа тетігі қаланған.Олар:
- отандық, сол сияқты шетелдік инвесторларды тең деңгейде қолдау және ынталандыру;
- инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қарау мерзімдері едәуір қысқартылған (отыз жұмыс күніне дейін);
- оларды беру тәртібі және инвесторларға инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен оған құрамдауыштардың импорты кезінде кедендік баждарды төлеуден босату тетігі оңайлатылды;
- 10 жылға дейін корпорациялық салықтан босату түрінде салық преференциясының әрекет ету мерзімі Салық кодексіне сәйкес келтірілген;
- келісім-шарт бойынша инвесторлардың инвестициялық міндеттемелерді орындау мониторингінің барынша ашық және нақты рәсімдері белгіленді;
- мемлекеттік заттай гранттар беру схемасы өзгертілді.
«Инвестициялар туралы» Заң инвестициялар көлемінің төменгі шегін белгілемейді, ол қызметтің басым түрлерінде инвестицияны жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса алғанда, оны қолдану аясын кеңейтеді.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында активтерді басқару жөніндегі бірқатар мемлекеттік функцияларды рыноктық ортаға беру арқылы мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыру жүргізіледі.
2006 - 2008 жылдары әлемдік рынокта мұнайға қолайлы баға конъюнтурасының сақталуы экономика өсуінің негізгі факторларының бірі болады.
Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға ішкі сұраныстың кеңеюі инвестициялық ресурстардың импортын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Макроэкономикалық саясат және 2006 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы
Қазіргі уақытта экономиканың «қызып кету» болдырмау проблемасы елдің тұрақты макроэкономикалық дамуын қолдау бөлігінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы уақыттарда Қазақстанның экономикасында белгілі бір үрдістер бар, олардың дамуы орта мерзімді перспективада экономиканың «қызып кетуіне» әкелуі мүмкін.
Қазақстанның экономикасы жоғары қарқынмен өсуде. 2000 жылдан бастап ЖІӨ өсуінің орташа қарқыны 10,3 %-ды құрады. Алайда, экономикалық өсу ең бастысы әсер етуі күшейіп бара жатқан шикізат секторының дамуына байланысты.
Инвестициялардың құрылымы олардың басым бөлігінің экономиканың шикізат және сатылмайтын салаларына бағытталатынын көрсетті. Елдің жалпы экспортындағы мұнай мен газ конденсаты экспортының үлесі ұлғаюда.
2005 жылғы бірінші жарты жылда өткен жылмен салыстырғанда кейбір инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. Бұл экономика «қызып кетуінің» басталуының басты белгілерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылғы жарты жылдың қорытындылары бойынша қаңтар-маусымда инфляцияның деңгейі 3,5 % құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайыздық пункт жоғары. Ал жылдық мәнде 2005 жылғы қаңтар-маусымда инфляция деңгейі өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда орташа 7,3 % құрады (2004 жылы 6,9).
Инфляцияға монетарлық фаторлардың үлкен әсер етуі жалғасуда. Соңғы жылдары экономикаға қысым жасай отырып, ақша массасы жоғарғы қарқынмен өсуде. Ақша ұсынысы экономиканың өсуі қарқынынан едәуір оза отырып, қарқынды өсуін жалғастыруда.
Сыртқы рынокта қарыз алушылар ретінде банктердің белсенді қатысуы банк секторының экономиканы кредиттеу көлемінің өсуіне ықпал етті. Өз кезегінде банктердің сыртқы қарыз алуының өсуі ссудалық капиталдың төмен құнымен сипатталатын сыртқы рыноктағы қолайлы жағдайға негізделген.
2000 жылмен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары 2004 жылы 34,5 есе өсті, 2001 жылмен салыстырғанда банктік емес жеке сектордың қарыздары 4 есеге өсті.
Сыртқы қарыз алудың және кредит беру көлемінің өсуімен қатар банктердің тәуекелдері де өсуде және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасы нашарлауда.
1999 жылмен салыстырғанда 2004 жылдың соңында ақша массасы 6 есе, экономикадағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 10 есеге өсті, ал номиналды ЖІӨ 2,7 есеге ғана өсті.
«Либералды» ретінде сипатталатын, соңғы уақыттарда жүргізіліп отырған фискалдық саясаттың елдің макроэкономикалық жағдайына белгілі бір әсері бар. Экономиканың «қызып кетуі» туындауы үшін белгілі бір алғышарттар байқалуда, атап айтқанда мемлекеттік бюджет шығыстары өсуінің орташа қарқыны номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынын басып озуы.
Либералды фискалдық саясат жүргізуден ақша агрегаттарының жылдам өсуімен қатар экономика өсуінің жоғарғы қарқыны инфляциялық процестердің жылдам жүруіне ықпал етті.
Мұнайға жоғары әлемдік бағаға байланысты мұнай секторының шапшаң дамуы, белсенді фискалдық саясатын жүргізу, инфляциялық процестерді жеделдету және ақша массасының өсуі 2001 жылдан бастап АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюына ықпал етті. Өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюы отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және импорттың жаппай көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.
Экономиканың бұдан әрі «қызып кетуін» болдырмау және орта мерзімді перспективада макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру мақсатында шаралар кешенін қабылдау қажет.
Зерттеулер жүргізу негізінде жаңа мұнай кен орындарын пайдалануға тартуды есепке ала отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған мұнай мен газ өндірудің барынша қолайлы кестесін әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өндіруді еңсеру орынсыз, түсетін кірістерді экономиканы реформалауға, оның шикізаттық бағытынан кету, іске асырылатын бағдарламаларға мұрындық болатын басқа да факторларды жұмылдыруға жұмсау қажет.
Бұдан әрі мұнайға жоғары әлемдік баға және шетел капиталының көп көлемде елге ағылуы жағдайында фискалдық, сол сияқты ақша-кредит саясатын қатаңдату қажет.
Ақша-кредит саласында ақша агрегаттарының өсуіне бақылауды күшейту, сондай-ақ пайыздық ставкаларды өзгерту арқылы ақша рыногына әсер етудің тиімділігін арттыру қажет.
Қаржы секторын дамыту саясаты халықтың еркін ақша қаражатын инвестициялардың көзіне айналдыру үшін бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға бағытталуы тиіс. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуының шамадан тыс өсу қарқынын тежеу жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Бәсекеге қабілетті экономика құру мақсатында Қазақстанның бәсекелі басымдықтарына сәйкес экономиканың секторларын дамыту, инфрақұрылым саласындағы реформалардың жалғасуы қажет. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы стратегияларды іске асыру жолымен өнімділігі жоғары жұмысшы күшін құруға көп көңіл бөлу қажет. Ғылым мен инновацияларды дамыту саласында жоғары білім мен ғылым жүйесін айтарлықтай жаңарту қажет.
Экономика дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету үшін 2006-2008 жылдары экономика өсуінің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы
Көрсеткіштер | 2005 бағалау | Болжам | ||
2006 | 2007 | 2008 | ||
ЖІӨ, млрд. теңге | 6780 | 8065,4 | 9183,8 | 10471,6 |
Өткен жылға %-бен ЖІӨ-нің нақты өзгеруі | 108,8 | 108,3 | 108,3 | 108,9 |
ЖІӨ-нің дефляторы, % | 112,5 | 109,8 | 105,1 | 104,7 |
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми бағам бойынша | 52,2 | 63,5 | 74,1 | 87,3 |
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. сатып алу қабiлетiнiң шамасы (АҚШ) бойынша | 157,1 | 174,4 | 193,7 | 216,2 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. ресми бағам бойынша | 3439,9 | 4147,0 | 4794,8 | 5608,7 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. САҚШ бойынша | 10361,4 | 11391,4 | 12541,8 | 13899,1 |
Тұтыну бағаларының индексі, %-бен | ||||
бір жылға орташа есеппен | 5-7 | 5-7 | 5-7 | 5-7 |
Ақша базасы, млрд. теңге | 778 | 962 | 1128 | 1280 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 2123,0 | 2760,0 | 3470,0 | 4200 |
Экономиканы монеталандыру деңгейi, % | 31,3 | 34,2 | 37,8 | 40,1 |
Тауарлар экспорты, млрд. АҚШ долл. (ФОБ) | 26,8 | 29,1 | 29,0 | 27,8 |
Тауарлар импорты, млрд. АҚШ долл. (ФОБ) | 18,6 | 23,1 | 24,7 | 25,8 |
Негізгі капиталға инвестициялар | 2143 | 2529 | 2908 | 3315 |
өткен жылға %-бен | 140 | 118 | 115 | 114 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге | 722,5 | 774,7 | 823,5 | 886,4 |
өткен жылға %-бен | 100,5 | 102 | 102,2 | 103 |
Өнеркөсiптiк өнiм көлемi, млрд. теңге | 4526 | 4915,4 | 5377,2 | 5929,9 |
өткен жылға %-бен | 106,7 | 107,3 | 107,6 | 108,8 |
мұнай және газ конденсатын өндiру, млн.тонна | 61 | 62 | 66 | 72 |
оның iшiнде, экспорт, млн. тонна | 54,4 | 55,1 | 58,7 | 64,4 |
Шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының құны, млн. АҚШ долл. | 15089 | 14735 | 14712 | 14664 |
Мұнайдың әлемдiк бағасы (Вrent қоспасы), бiр баррель үшiн АҚШ доллары | 48 | 47 | 44 | 40 |
Мұнайдың экспорттық бағасы, бiр баррель үшiн АҚШ доллары | 36 | 35,3 | 33 | 30 |
Азаматтардың өмiр сүруiнің жоғары стандарттарын жасау орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады, бұл Қазақстанның әлемнiң тиiмдi дамушы елдерiнiң қатарына кіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2010 жылға қарай жан басына шаққанда 5000 АҚШ долларынан асатын, ал 2015 жылға қарай 9000 АҚШ доллары деңгейіне дейінгі ЖIӨ-ге қол жеткiзу қажет.
Орта мерзiмдi мiндеттердi шешу саласында
2006 - 2008 жылдары әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттiң "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауында, стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасында, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес болады.
Инновациялық экономика құру және экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту жөніндегi белсендi жұмыс экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгін жоғарылатуға ықпал етуi тиiс.
Жоспарланып отырған кезеңде бәсекеге қабiлетті экономика негiздерiн құру үшін мынадай мiндеттердi шешу ұйғарылып отыр:
2006 - 2008 жылдары ЖIӨ-нiң орта есеппен 8,5 %-ға орташа жылдық өсу қарқынын қамтамасыз ету;
инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5 – 7 %-дық межеде қамтамасыз ету;
сақтандыру жүйесiн дамыту;
кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
металлургия, тоқыма салаларында, тамақ өнеркәсiбiнде, мұнай-газ машина жасауда, құрылыс индустриясында, туризмде, көлiк-логистикалық қызметтерде пилоттық кластерлердi құру және дамыту;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндiру және өңдеу саласында кластерлік бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiсті индустрияландыру;
ауылдық аумақтардың әлеуметтік проблемаларын шешу және ауыл халқы мен қала халқының арасындағы өмір сүру деңгейінің алшықтығын азайту;
ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi және ғарыш қызметін дамыту;
болашақтың жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң өмiрiн лайықты қамтамасыз ету;
тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу;
белсендi, жан-жақты және теңестірiлген сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу;
Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын құру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
ел экономикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын одан әрi iске асыру, жеке сектормен ынтымақтастықты тереңдету;
ғылымды, бiлiм берудi және халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн дамытудың қазiргі заманғы және тиiмдi жүйесiн құру;
тұрғын үй құрылысын дамыту;
денсаулық сақтау жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
шағын кәсіпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыруды одан әрi арттыру;
қоршаған ортаның ластану деңгейiн қысқарту;
мемлекеттің астанасы Астана қаласын дамыту.
Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясат
2006 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екi бағытта iске асырылатын болады:
бюджеттің қалыптасқан мұнай емес тапшылығы мөлшеріне негізге ала отырып, жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере, республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік борыш өлшемдерін айқындау;
үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту.
Үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн қысқарту жолымен жүзеге асырылады.
Үкiметтiң қарыздар портфелiн әртараптандыру мақсатында бір мезгілде ішкі рынокта қарыз алу ұлғайған кезде сыртқы қарыз алу көлемін азайтылатын болады.
Бәсекелестіктi қорғау және дамыту, табиғи монополия субъектiлерінiң қызметiн реттеу
Бәсекелестiктi қорғау және дамыту
Экономиканың одан әрі өрлеуі мемлекетті дамытудың басты басымдығы болып қала береді және ол бәсекелестікті қорғау жағдайларында ғана болуы мүмкін.
Тауар рыноктарында салауатты және адал бәсекелестікті дамыту мақсатында бәсекелестiктi қорғау әрі дамыту және монополистік қызметті шектеу қажет.
Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қазіргі заман ақиқатына сәйкес келтіру үшін «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы субъектілердің монополиялық мінез-құлқының алдын алуға бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жағдай туғызады.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде заңи кесімдер әзірленуде. Мысалы, Республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдау мен бағалауды және бiр немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайын белгiлеудi жүргiзу жөнiндегі нұсқаулық пен Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөніндегі әдістеме сияқты нұсқаулықтар әзірленді.
Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау мәселелерін реттейтін құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру туралы мәселе өзекті болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, қазақстандық экономиканы әлемдік экономикалық кеңістікке жоспарлы біріктірумен байланысты.
Халықаралық экономикалық бірігуге қатысу
Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi бірігуі, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн жағдайларды қалыптастыру сыртқы экономикалық саясаттың 2006 – 2008 жылдарға арналған негiзгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әрiптес елдердi таңдауда икемдi саясат жүргiзу: үшiншi елдер арқылы транзиттi барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерiнiң таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, epкін сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткiзу рыногын әртараптандыру болып табылады.
Алдағы кезеңге арналған аса маңызды іс-шаралардың бірқатары:
саудада преференциялық режимді белгілеу жөнінде екіжақты және көпжақты келісімдер жасау жөніндегі келіссөздерді одан әрі жүргізу;
өңірлік бірлестіктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және ОАО) шеңберінде экономикалық бастамаларды жылжыту;
Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне қатысуымен байланысты мәселелер жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
Бақылау және басқару
Бірнеше орталықтан түсетін ақпаратты өңдей отырып басқаратын сараптау жүйесі шешім қабылдай алады. Бұлар атом электро станцияларында, ұшақ двигательдерінде және дәрігерлік бақлауда қолданылады. ОЛ сонымен қатар фирмалардың жұмысында шешім қабылдап жұмыскелерді барқарудың бір тәсілі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Попов Э.В. Экспертные системы.-М:Наука,1996.
- Гусаков А.А. Экспертная система в проектировании и управлении строительством.-М.:Стройиздат, 1995.
- Ж.-Л.Лорьер Системы искуственного интеллекта.-М:Мир,1991.
- Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. Экономикадағы ақпараттық жүйелері, Алматы:Нур,2001.
- Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. Бизнестегі ақпараттық жүйелері, Алматы:Ротопринт ҚазГАУ,1994.
- Наумова А.Н. Компьютерные технологии оброботки информации.-М:Финансы и статистика,1995.
- Нейлор К. Как построить свою экспертную систему-М:Энергоатомоиздат,1991.
- Марселуе Д. Программирование экспертных систем на ТурбоПрологе.-М:Энергоатомоиздат,1993.
- Попов Э.В. Искуственный интеллект справочник.Книга 1-Системы обучения и ЭС.-М:Радио и связь,1990.
- ИНТЕРНЕТ:
- Сайт: www.google.ru
- Сайт: www.kurs.lab.ru
- Сайт: www.5ballov.ru
- Сайт: www.bankreferatov.ru