Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шілдеге дейін ЖІӨ-нің құлдырауы тоқтайды (Видео)

Шілдеге дейін ЖІӨ-нің құлдырауы тоқтайды (Видео)

Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Шілдеге дейін ЖІӨ-нің құлдырауы тоқтайды. Қазіргі болжам бойынша ЖІӨ құлдырауы 0,5 пайызды құрайды деп хабарлады ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, шілдеде экономика нейтралды деңгейге шығады. Яғни экономикамыз не әлсірейді, не ЖІӨ-нің төмендеуі тоқтатылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев орындауды тапсырған шаралар пакеті экономиканы қолдауға көмектесіп жатыр дейді министр.

Оның сөзінше, осы жылдың қаңтар-мамыр айларының қортындысы бойынша, ЖІӨ төмендеуі 0,2% ды құраған. Бұл мұнай бағасының жыл басынан бері 50 пайызға қымбаттауы есебінен болып отыр дейді мамандар. Егер қара алтынның бағасы ары қарай да қымбаттаса, я осы қалпында қалса ЖІӨ-нің өсуіне айтарлықтай мүмкіндік бар.

Осыған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 2016 жылдың жартысында экономикалық өсімді нығайту үшін қосымша 240 млрд теңге бөлу туралы тапсырма берді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы шағын және орта бизнесті қолдауға, несиелендіруге және тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға жұмсалады

Похожие материалы