Төлем терминалы ақшаны алды, бірақ чек бермеді. Мұндай жағдайда не істеуім керек?
Жадыра Ерланқызы, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жадыра, мұндай жағдай жиі кездеседі. Көп жағдайда төлем бәрібір түседі. Бірақ, чекке мән бермеуге болмайды, өйткені бұл – төлем жасалған күн, уақыт және сома көрсетілетін және сәйкесінше мәселелер туындаған жағдайда дұрыстығыңызды дәлелдейтін құжат. Көп жағдайда терминал чек бере алмайтыны туралы ескертеді. Экранға «Терминал чекті басып шығара алмайды. Чек экранда көрінеді. Сіз төлем жасауға келісесіз бе?» деген хабарлама шығады. Бұл хабарлама техникалық себептермен – чек лентасы біткендіктен, қағаз шайналып қалғандықтан немесе жүйе жаңылғандықтан, терминалдың түбіртекті басып шығара алмайтынын ғана ескертеді, бұл төлем қабылданбайды деген сөз емес. Егер келісіп, ары қарай пернесін бассаңыз, терминал экранында электрондық чек көрінеді. Мұндай жағдайда суретке түсіріп алған жөн. Егер чекті көрсетпесе төлем жасағаныңызды суретке түсіріп алу керек. Кейде растау ретінде сіз төлеміңіздің жасалғаны туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер хат келмесе, төлем сомасы түспесе бірден терминалда көрсетілген қолдау нөміріне хабарласыңыз.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.