Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 389,60 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (389,65 тенге/$1) ұлттық валюта 0,5 теңгеге нығайды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 391 теңге, Алматыда – 391,7 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 389,62 теңгені құрайды.