Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда теңге нығайды

Таңғы сессияда теңге нығайды

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,73 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,79 теңге / $1) ұлттық валюта 1,06 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,08 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 77 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 148.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 379 теңге, Алматыда – 380,5 теңге.

Ұлттық Банктің 22 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,78 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы