Тауар сапасы мен қызметті жақсарту үшін бизнестің өзін-өзі реттеуі қажет
30 мая, 2016
Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Тауар сапасы мен қызметтерін жақсарту үшін бизнестің өзін-өзі реттеуі қажет. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлімдеді.
«Өзін-өзі реттеу туралы заңда өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызмет ету шарттары, белгілері көрсетілген. Бірақ бізде көп жағдайда міндетті өзін-өзі реттеуге көп мән беріледі. Ерікті түрі кәсіпкерлер мен профессиналдардың консолидациясы», - дейді Жолдыбаева.Оның айтуынша, міндетті өзін-өзі реттеуде белгілі бір салаға не нарыққа қол жеткізу, қандай да бір саланың монополизациясы болу қаупі бар дейді. «Біз бұл туралы заң қабылданып жатқан кезде айтқанбыз. Бүгінде тауарлар мен қызметтерді жақсарту үшін өзін-өзі реттеу қажет. Міндетті өзін-өзі реттеу үшін арнайы норма қабылданған. Ол жерде бір жыл ішінде бір саланы басқарушылар сол ұйымдарда қатысуын міндеттейтін салалық заңдарды көрсетуі міндеттелген», - дейді сарапшы.