Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Темір жол техникасы» ЖШС экономикалық жағдайы (курстық жұмыс)

«Темір жол техникасы» ЖШС экономикалық жағдайы (курстық жұмыс)

Бұл  курстық жұмыста мен фирманың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын қарастырдым. Ол  келесі  көрсеткішкерден  байқалады: кәсіпорынның  өндірістік  бағдарламасы, цехтың  өндірістік  қуатын  есептеу,  жұмыскерлер  санын  және еңбек ақысын анықтау. Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан  « Темір жол техникасы  » ЖШС-нен алдым.

Бұл   кәсіпорын   двигательдерді  жинау  және  құрастырумен айналысады, сонымен  қатар  басқа  жұмыстармен  де   айналысады.

Осы   курстық  жұмысты   алуымның    себебі,  егер  фирманың   әлеуметтік-экономикалық   дамуы   қарқынды   жүріп   жатса ,  онда  халқымыздың   да  әлауқаты   тез  арада  жоғарылайды   деп  ойлаймын.  Ал    бұл   әр  азаматты  толғандыратын   мәселе.

Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді.

Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тимділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығын және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды

1.Кәсіпорынның әлеуметтік – экономикалық жағдайы.

1.2 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері мен олардың мәні.

Практикалық қызыметінде кәсіпорын өзің ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.

Сатудың жалпы мөлшері – бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формулалармен анықтайды:

Q = Б * N

Мұнда, Q- сату мөлшері;

              Б- тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге;

              N- сатылған тауардың мөлшері, теңге;

Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызыметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда  болып есептеледі.

Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.

Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизаторлық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.

Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған  өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациалық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).

Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:

  • Кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
  • өнім сапасының көрсеткіштері;
  • тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
  • кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.

Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең таралғандары:

  • Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
  • Өндіріс шығендары құрылымының көрсеткіштері

Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:

  • Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда деңгейі;
  • Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі;
  • Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың арақатынасы.

Екінші топқа жататындар:

  • Жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда денгейі;
  • Тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының қор деңгейі;

Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мұмкіндік береді:

  • Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
  • Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы тұрлеріне алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және ессепке алу;
  • Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысые анықтау;
  • Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу жолдарын табу.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші ьолған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін, басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету денгейін, мерзімін және ұйым тұрпатын бейнелейтін өзара байланысты жүйенің қалыптастырудың қажет ететіндігін көрсетеді.

Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті-оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады жіне өз көрсеткіш жүйелерінің немесе қаржы коэффицентін анықтайды.

Негізгі қаржылық   коэффиценттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

  • өтімділік (төлем қабілеттілігі)
  • пайдалылық
  • активтерді басқару тиімділігі

қаржы ресурстарының құрылуы түрлі көздері бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлініді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

Кәсіпорынның өзінің қысөа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігі өтімділік немесе төлем өабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егерде айналым активтерін іске асыра отырып ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесңн орындауға жағдайы болса.

Тез өтімділіктің коэффиценті - өысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтерді үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.

Дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақасы әліде алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

Несие қарыздарының айналым кезеңіеің –бұл коэффицент тауарларды сатып алуға және қымет көрсетуге байланысты өткізушілерді және несигер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффицент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы орларды басқару іскерлігіне байланысты болады.

Несиелердің орнын толтыру коэффиценті – ол компанияның қызмет табысының неше рет проценттік төлемақы соммасының және үзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі соммасының асқанын көрсетеді.

Төлем өабілеттілігінің коэффиценті – ло қарыз капиталының меншіктілікке ара салмағын белгіліейді. Бұл коэффицент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса,  соғұрлым кәсіпорындардың қарыздарын көп және сол орын оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.

1.2 Ұйымның әлеуметтік тәсілдері.   

Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сійкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болыр табылады. Былай айтуға болады- еңбекақыкәсәпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадый факторлар анықтайды:

Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  • жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
  • оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындарды;
  • жұмыскердің отбасының өмір сүруіне қажетті заттарды құны .

нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемінің анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлә және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.

Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінің еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуінде шапшаң болады.

Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғры бағаланады.

Қажетті өнімнің әулеметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қжетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әулеметтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемелекетке қоғамдық тұтыным қорына кетеді.

Жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді. Атаулы табыс жалақы – бұл қызметекердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.

Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының сатып алуға жарамдылығы.

Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек ақының көп тараған екі түрі: кесімді және мерзімдік.

Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсіткіштерін жақсартуға ынталандырады. Ол өндіріс учаскілерінде қол еңбегінің немесе машиналы қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады. Дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін жіне оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.

Кесінді нысаны мына жағдайларда қолданылады:

  • Тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстараының сандық көрсеткіштерінің бар болуы.
  • Жұмысышының өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі.
  • Осы учаскіде жұмысшылардың өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін одан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі.
  • Орындалған жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі.
  • Техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.

Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлеге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірсте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді.

Еңбеақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің білігтілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.

Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:

  • Егерде жұмысшы машиналар немесе агригаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды нығайтуға ықпалын тигізе алмаса.
  • Егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы.
  • Ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда.

Өндіруші қызметкерлер үшін еңбек ақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инжинерлік – техникалық қызмет жұмыскерлердің еңбегін төлеу жағдайын өзара шарт арқылы көрсетеді.

Ол белегілі бір кезеңде жұмыскер мен әкімшіліг арасында жасалады.

Еңбек нормалары еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметекер үшін техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.

Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қаруды жұмыс беруші жүргізеді. Қызметкерлердің жұмыс істеуі нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн : осы жүйеге негізделген күнкөрістің ең төмен деңгейі , “ ең төмен жалақы” – тұтыну игілігі және қызметінен тұрады. Жалақының ең төменгі мөлшері қабылданған заңмен анықталады және дүркін - дүркін баға индексінің өзгеруіне байланысты үйлестіріп, қайта есептеліп отырылады.

Ең төменгі жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындардағы еңбекақы базасы болып есептеледі. Бұдан шығатын қорытынды кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақвдан кем болмауы керек.

2.1 «Темір жол техникасы» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - номенклатура, нарық талап ететін тауарларды және қызметтерді, сапасы мен мерзімін, жылдық көлемін сипаттаушы өнім өндіру мен сатудың ауқымды және кешенді жоспары.

Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі бейнелік, еңбек, бағалық өлшемде жоспарлануы мүмкін.

Өндірістік қызмет көлеміне 3-5 жылға болжам жасалады, бірінші жылы ай сайын болжам жасалса, екінші жылы-тоқсан сайын болжам жасалады.

Тауар өндіру номенклатурасы және өндіру көлемі, жұмыстарды және қызметтерді орындаудың еңбек өлшемінде сипатталатын (норма-сағат) кәсіпорынның (фирма), бір айда (тоқсан, жыл) тауар өнімін өндіруі, келесі формула бойынша анықталады:

           n

ТП =e Tшт. X Nг /60.

           I=1

Ондағы ТП – тауар өнімін өндіру, н-ч;

               n  - өндіретін өнім немесе жұмыс номенклатурасы;

               Тшт. – уақыт, өнім бірлігінің нормативтік еңбек көлемі, мин/дана.

               Nм,кв,г – (сұраныс) өнім шығарудың айлық, тоқсандық, жылдық көлемі, дана.

ТП1 =260*8300/60=3567 н/ч

ТП2-170*8300/60=23517 н/ч

ТП3=130*8300/60=17983 н/ч

ТП4=60*8300/60=8300 н/ч

ТП5=110*8300/60=15217 н/ч

ТП6=150*8300/60=20750 н/ч

ТП=121734 н/ч

Кәсіпорынның (фирма) тауарлық өнімінің бағалық көрсеткішінде бір айда шығарылатын өнімді (сұраныс) өнім бірлігінің нақты шамасына көбейтіледі, оған келесі формула қолданылады:

            п

ТПст.=e Nм,кв,г, ХЦ,

          I=1

Ондағы ТПст. – тауар өнімін өндіру, сом;

Nм,кв,г - өнім шығарудың (сұраныс) айлық, тоқсандық, жылдық көлемі, дана.

Ц - өнімнің, жұмыстың және қызметтің, сом/дана бірлігінің шамамен алғандағы нарықтық құны;

П – шығарылатын өнімнің немесе жұмыстың номенклатурасы;

ТПст=3000*8300=24900 мың сом.

Жоспарланатын тауарлық өнімді 1 таблицаға жинақтаймыз.

1 таб.

Көрсеткіштер Сомасы
Жылдық өнім өндіру, мың дана 8,3
Жеке уақыт, мин/дана 14,7
Шығарылатын өнім көлеміне жұмсалатын уақыт мың 121,7
өнімнің құны 3000
Тауарлық өнім шығару, мың сом 24900

Өнімдерді күтілетін инфляцияға сәйкес есепке алып бағалайды (айына 2%).

Аяқталмаған өндірісті жоспарлау

Есептеу IV тоқсанның мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Аяқталмаған өндірістің көлемі, жоспарланған айлық (тоқсандық, жылдық) өндірістік бағдарламаны әзірлеу барысында, шынайы, сол сияқты бағалық көрсеткіштерде есептесе алады. Бағалық өлшемде аяқталмаған өндіріс келесі формула бойынша есептеледі:

АӨ=Тц Х С Х Кн.з./Дп

Ондағы АӨ - кезең соңындағы аяқталмаған өндірістің нормативі,сом;

Тц - өндіріс циклінің ұзақтығы, күндер;

Стп – тауарлық өнім шығарудың құны,

Кн.з - өнімге жұмсалатын шығынның өсу коэффициенті

Дп – жоспарлы кезеңдегң күндер саны

Өндірістік циклдың бір өнімді шығаруға жіберген уақыты, циклдарға кеткен уақытты жинақтаумен есептеледі:

а) өндеу процессі (айналым қоры)

б) фабрикаттарды бір жұмыс орнынан екінші орынға беру, сондай-ақ дайын өнімді қоймаға өткізу (аяқталмаған өндірістің көлік қоры);

в) өңделетін өнімнің операциялар мен цехтардың арасында болуы (айналым    қоры);

г) өңделетін өнімнің сақтандыру қорында болуы

Шығындардың өсу коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

Кн.з. = (Ум+1) 2,

Ондағы Ум - өнім құнының материалдық шығындарының жеке салмағы.

Мз=[(0,052*10000)+(0,026*7000)+(0,016*8000)+(0,0065*20000)+(0,04*50000)]*8300

=12765400

Ум=12765400/20750000=0,62

Кн.з. =(0,062+1)/2=0,81

НЗП=(65*20750000*0,81/4)/92=2968716 т.

Шығындардың өсу коэффициентін есептеуді 2 таблицада жинақтау.

Шығындардың өсу коэффициенті

2таб.

Көрсеткіш Сома
өнімнің өзіндік құнының материалдық шығындары, тең. 12765400
Тауарлық өнімнің өзіндік құны, тең. 20750000
Ауыл шаруашылығы өнімінің МЗ жеке салмағы 0,62
Шығындардың өсу коэффициенті 0,81

Аяқталмаған өндіріс нормативінің есебін 3 таблицаға жинақтау

3таб.

Көрсеткіш
Цикл күндерінің ұзақтығы, күндер 65
Тауарлық өнімнің жоспарлы өзіндік құны, тең. 20750000
Шығындардың өсу коэффициенті 0,81
Жоспарлы кезеңдегі күндер саны 92
Жоспарлы кезең соңындағы НЗП 2968716

  Жаппай өнім өндіруді жоспарлау.

Жаппай өнім өндіру дайын өнімнің сомасын көрсетеді және  кәсіпорынның аяқталмаған өндірісінің қалдығын өзгерту.

ЖӨ = ТӨ + DHЗП,

Ондағы ЖӨ - жаппай өнім, тең.

               ТП – тауарлық өнім, тең.

               DНЗП – аяқталмаған өнім қалдығын өзгерту, тең.

ЖӨ = 6625-337= 5888 мың тең. тоқсанына, 5888*4=23552 мың тең. жылына.

DНЗП=2688*1,2-2969*1,2=-337 мың тең.

Мұндағы екі көбейткіштер өзгермейтін көтерме бағамен көрінуі керек.

Аяқталмаған өндірістегі қалдықтың өзгеруін көрсету үшін, бағадағы аударма коэффициенті былай есептеледі:

k=NG/Cmn=(24900000)/[(2500*8300)/4]=1,2

ондағы ТП-тауарлық өнімді 4 тоқсанда шығару, тең.;

Стп-тауарлық өнімнің 4 тоқсандағы өзіндік құны, тең.

Жаппай өнімнің есептемесін 4 табл. Жинақтаймыз

4табл.мың тең.

Көрсеткіш
Тауарлық өнім 24900
Айдың басындағы НЗП 10752
Айдың соңындағы НЗП 11876
НЗП өзіндік құны бойынша өзгеруі -1124
Көтерме құнға ауыстыру коэффициенті 1,2
Көтерме құндағы НЗП өзгеруі -1349
Жаппай өнім 23552

Тұтынылған өнімді жоспарлау

Артылып жіберілетін өнімнің көлемін жоспарлау

Артып жіберу жоспары келесідей анықталады:

ОП=ТП+(Огпскл-Огпскл)

Ондағы ОП-артылып жіберілетін жүктің көлемі, мың тең.;

Огпскл және Огпскл – жоспарланған кезеңнің басы мен аяғында қоймада қалған жылдық өнімнің қалдығы, мың тең.

Аяқталған жоспарлы кезеңде қоймада қалған жылдық өнімнің қалдығының шамасы қоймадағы жылдық өнім қорының нормасы негізінде анықталады.

Жоспарланған кезеңнің соңына қоймадағы жылдық өнім қорының нормасы формула бойынша есептеледі:

Огпскл=Тотгр. Х ТП күн сайын

Ондағы Тотгр. –қоймадағы жылдық өнім қорының нормасы;

ТП күн сайын-бір күндік өнім шығарудың құны, мың тең.

Тотгр. =20 күн

Тп күн сайын=24900/365=68 мың тең.

Огп» скл=20*68=1360 мың тең.

ОП=24900+(903-1360) = 24443 мың тең.

Қоймадағы өнім қорының жылдық нормасы, уақытты жинақтау арқылы анықталады:

-өнімді партиялап шығару көлеміне дейін жинақтау және толықтыру, келісім, тапсырысқа сәйкес, сұрыпталым және т.б.;

-транзиттік нормаларға сәйкес артылып жіберілетін тауардың көлеміне дейін өнімді жинақтау;

-НЗП – да есепке алынбаған жағдайда өнімді қаптау және реттеу;

-тұтынушы белгіленген мерзімді тиеп алып кететін өнімнің қоймада сақталуы;

-өнімді кәсіпорын қоймасынан шығарып темір жол стансасына немесе айлаққа дейін тасымалдау;

-өнімді вагондарға, кемеге, баржаға тиеу;

-тиелетін өнімді жүк тасымалдаушы ұйымдарға тапсыру;

-тұтынушының өнімді тасып алуына қатысты өзге де операциялар.

Жылдық өнім қорының нормасын есептеу №5 табл.

5табл.

Операция атауы Ұзақтығы, күн
Өнімді партиялап шығару көлеміне дейін жинақтау және толықтыру, келісім, тапсырысқа сәйкес, сұрыпталым 9
Транзиттік нормаларға сәйкес артылып жіберілетін тауардың көлеміне дейін өнімді жинақтау 8
Өнімді қаптау және реттеу 2
Өнімді кәсіпорын қоймасынан шығарып темір жол стансасына дейін тасымалдау 0,5
Өнімді вагондарға тиеу 0,5
Қоймадағы өнімнің барлық жылдық қоры нормасы 20

Тасымалданатын өнім көлемін есептеу 6 табл.

6табл.

Көрсеткіш Жыл
Тауарлық өнім 24900
Жоспарлы кезеңнің басында қалған жылдық өнім қалдығы 903
Күндегі қор нормасы 20
Бір күні шығарылған өнім құны 68
Жоспарлы кезеңнің соңында қоймада қалған ГП қалдығы 1360
Тиеліп жіберілген өнім 24443

РП = ОП +(О’т.о. – О’’т.о.).

Ондағы РП-тұтынылған өнім көлемі, мың тең.

О’т.о. және O’т.о.-жоспарлы кезеңнің басында және соңында тиеліп жіберілген тауардың қалдығы, мың тең.

Жоспарлы кезеңнің соңында тиеліп жіберілген тауарлардың қалдығы, өнім дайындаушы-кәсіпорын есеп шотына қаржы түскенге дейін банкке шот беру мезетінен құжаттама айналымы уақыты нормативі негізінде және күн сайынғы өндірілген тауарлық өніммен анықталады.

О”т.о. = Тр Х ТП күн сайын

Ондағы Тр-жоспарлы кезеңнің соңына тиеліп жіберілген тауар қорының нормасы, күн;

ТП күн сайын-күн сайын шығарылатын өнім құны, тең.

Тр=20 күн

О”то=20*68=1360 тең.

РП=24900+(1806-1360)=25346 мың тең.

Тұтынылған өнім көлемін есептеу 7 табл.

7табл.

Көрсеткіш Жыл
Тиеліп жіберілген өнім 24443
Жоспарлы кезеңнің басында тиеліп жіберілген тауардың қалдығы 1806
Жоспарлы кезеңнің соңында тиеліп жіберілген тауар қорының нормасы 20
Жоспарлы кезеңнің соңында тиеліп жіберілген тауардың қалдығы 1360
Тұтынылған өнім 25346

 2.2 «Темір жол техникасы» ЖШС-ның экономикалық жағдайын талдау.

Құрылғының жұмыс істеу уақытының тиімді қорын есептеу

Құрылғының жұмыс істеу уақытының тиімді қоры, екі ауысым жұмыс кестесі мен ауысымның сағат ұзақтығы белгіленіп, толық және жоспарлы – ескертпе жөндеу жұмыстарына бөлінген уақыт, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ мереке алдындағы қысқартылған жұмыс күндерін есептемегенде,  екі ауысымда жұмыс істейтін кәсіпорындар бойынша анықталады.

Құрылғының жұмыс уақытының тиімді қорының жалпы түрін анықтау:

Fэ=(Fк-Fв-Fп) х S х Тсм – (Ткр+Тп),

Ондағы Fк-құрылғы жұмыс уақытының күнтізбелік қоры, күн;

Fп- жылдағы мереке күндері саны;

S- тәуліктегі ауысым саны;

Тсм.- ауысым ұзақтығы, сағ.;

Ткр- толық және жоспарлы-ескертпелі жөндеуге қажет уақыт, сағ.;

Тп-мереке алдындағы күндердегі жұмыс уақытын қысқарту, сағ.

Fэ=(365-106-8)*2*8-(158+16)=3842

Құрылғының жұмыс уақыты қорының тиімді уақытын есептеу, 8 табл.

8табл.

Көрсеткіш Жыл
Күнтізбелік қор, күн 365
Жылдағы демалыс күндерінің саны, күн 106
Жылдағы мереке күндері 8
Ауысым ұзақтығы, сағ. 8
Толық және жоспарлы-ескертпелі жөндеуге қажет уақыт,сағ. 158
Мереке алдындағы күндердегі жұмыс уақытын қысқарту,сағ. 16
Құрылғының жұмыс уақыты қорының тиімді уақыты,сағ. 3842

Құрылғының жекелеген тобының өндірістік қуатын анықтау.

Цехтың өндірістік қуаты, осы цехқа бекітілген электрқозғағыш бөлшектері санымен өлшенеді. Онда қуаттылық j-құрылғы тобы Mj формуламен анықтауға болады:

Mj=Fэф.х сj/tпр.j компл.,

Ондағы: Fэф.-құрылғы бірлігінің жұмыс уақытының тиімді қоры, сағ.;

сj – топтағы құрылғының бірлік саны j;

tпр.j – құрылғыда j-тобындағы бөлшекті өңдеуге жұмсалған жұмыс күші;

tпр.j = tпл.j/kв.н.j

ондағы tпл.j – құрылғыда бөлшекті өңдеуге жоспарыл жұмсалған уақыт;

kв.н.j-орындалған норманың прогрессивтік коэффициенті.

Тпрток=260/1,05=247,6.

Мток.=3842*8*60/247,6 = 7448 компл.

Тпррев. = 170/1,06 = 160,4 мин.

Мрев.= 3842*8*60/160,4 = 11497 компл.

Тфр.= 130/1,08= 120,4 мин.

Мфр.= 3842*6*60/120,4=11488 компл.

t св.= 60/1,13 = 53,1 мин.

Мсв.=3842*1*60/53,1=4341 компл.

t стр=110/1,03=106,8 мин.

Мстр.=3842*3*60/106,8=6475 компл.

t шл.=150/1,08=138,9 мин.

Мшл.=3842*5*60/138,9=8298 компл.

Құрылғының жекелеген тобының өндірістік қуатын есептеу 9 табл.

Құрылғының жекелеген тобының өндірістік қуаты

9 табл.

Көрсеткіш Токар лық Револь верлік Фрезер лік тескіш Үстүрік теу Тегіс теу
Құрылғы жұмысы уақытының тиімді қоры 3842 3842 3842 3842 3842 3842
Құрылғы бірлігінің саны j-тобы, дана 8 8 6 1 3 5
Бір бөлшекті өңдеуге жұмсалатын жоспарлы уақыт, мин/компл. 260 170 130 60 110 150
Норманы орындаудың прогрессивтік коэффициенті 1,05 1,06 1,08 1,13 1,03 1,08
Сағаттың ауыстырмалы коэффициенті. Минутына. 60 60 60 60 60 60
Өндіріс қуаты  j-құрылғы тобы 7448 11497 11488 4341 6475 8298

Цехтың өндірістік қуатын анықтау және жіңішке орындарын жою бойынша шаралар әзірлеу.

Цехтың өндірістік қуаты, жіңішке орындарын (сетінету) жою мүмкіндіктерін есепке алып құрылғының жетекші тобының қуаты мөлшері бойынша белгіленеді.

өнім өндіру жөніндегі негізгі операциялар орындалатын, жұмыс үлесінің басым бөлігі жұмсалатын және цехтың негізгі қорының мейлінше көп үлесі сай келетін тобы құрылғының жетекші тобы болып саналады. Құрылғының мұндай тобы мейлінше аз өндірістік қуатын иеленуі мүмкін, басқа станоктарға жұмыстарды бөлу барысында жұмыс күшін арттыруы мүмкін. Сондықтан бұл цехтың өндірістік қуаты j-құрылғысы тобының оңтайлы өндірістік қуатымен анықталады.

Мц=Мопт.j – тобы.Құрылғының жетекші тобы-токарлық станок, яғни учаскенің өндірістік қуаты 7448 комплект.

Бұдан әрі цех құрылғысының өндірістік қуатының диаграммасы құрылады.

Мj құрылғысының топтар бойынша өндірістік қуаттылығы

-Тиімсіз жерлері

Цехтың қуаттылығына сәйкес келмейтін құрылғы топтары, жіңішке болып табылады. Жіңішке орындарды жою жөніндегі шаралар әзірленбегенше, өндірістік қуаттылықты есептеу тоқталмайды.

Цехтың өндірістік қуатына сәйкес келмейтін өндіріс қуатының j- түрлі құрылғысының операцияларының қай бөлігіне жататыны қарау керек, цехтың өндірістік қуаты артық j-түріне құрылғының ауыстыруға болады. Операциялардың бір бөлігі басқа құрылғы түрлеріне берілгеннен кейін, цехтың өндірістік қуаты бойынша электр қозғағыштарды өңдеуге кететін жұмысты жинақтап формула бойынша қайта есептеледі:

t’nл.j = Fэф. Х сj Х kв.н. / Мц

бұл учаскедегі тесу бойынша операцияның бір бөлігі револьверлік станоктарда орындалған.

t’пл.св.=3842*1*1,13*60/7448=35 мин.

Т.о. tпер. Жұмыс көлемінің тесуге бөлінген жинақтама бөлшегі д.б. револьверлік станокқа берілген.

tпер.=60-35=25 мин.

tпл.рев. шартты түрде қабылдаймыз=170+25=195мин.

Үстіріктеуші станок жұмысының бір бөлігі фрезерлік станокқа берілген.

tпл.стр.=3842*3*1,03*60/7448=96мин.

tпер=110-96=14

t’пл.фрез.=130+14=144 мин.

Құрылғының жұмыс атқару коэффициентін анықтау.

Kзj құрылғысының жұмыс атқару коэффициенті белгілі уақыт қоры бағдарламаның жұмыс көлемін салғастыру арқылы формула бойынша анықталады:

kзj=t’пл.j Х Мц/kв.н.jХ Fэф. Х сj

kз ток.=260*7448/1,05*3842*8*60=1

kз рев.=195*7448/1,06*3842*8*60=0,7

kз фр.=144*7448/1,08*3842*6*60=0,7

kз св=35*7448/1,13*3842*1*60=1

kз стр.=96*7448/1,03*3842*3*60=1

kз шл.=150*7448/1,08*3842*5*60=0,9

Қорытынды нәтижесін 10 таблицаға жинақтаймыз.

10табл.

Құрылғы тобы Станоктар саны, сj Бөлшекке кететін уақытына енгізілген түзетулер нормасы, t’ пл.мин. t’пл х Мц k в.н.,сағ. Fэф. х сj, сағ. Құрылғының жұмыс істеу коэффициенті, kзj
Токарлық 8 260 1844267 30736 1
Револьверлік 8 195 1370151 30736 0,7
Фрезерлік 6 144 993067 23052 0,7
Тесу 1 35 230690 3842 1
Үстіріктеу 3 96 694183 11526 1
Тегістеу 5 150 1034444 19210 0,9
Цех бойынша: 31 880 6166802 119102 -

2.3 «Темір жол техникасы» Ж.Ш.С. -ның әлеуметтік жағдайын талдау.

Цехта жұмыс істейтіндердің саны әр санат бойынша жеке жоспарланады:

*негізгі өндіріс жұмыскерлері;

*қосымша жұмыскерлер;

*үйренушілер;

*инженерлік-техникалық жұмыскерлер;

*қызметкерлер және кіші қызмет көрсетуші қызметкерлер.

Жұмыс уақытының тиімді қорын анықтау.

Жұмыскерлердің санын анықтау үшін (негізгі және қосымша) алдын ала жұмыс уақытының тиімді қорын есептеп алу қажет. Ол үшін орташа жұмыскерге жұмыс уақытының теңгерімі құрылады.

Уақыт теңгерімін құрған кезде (15 табл.) зауыттың мәліметтерін қолдану керек немесе жоғалтылған жұмыс уақытын тең қабылдау қажет: а) кезекті еңбек демалысы -24 күн, б)үйренушілердің демалысына ақы төлеу-1,3күн; в)мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына ақы төлеу-0,3 күн; г) бала тууымен байланысты демалыс-1,1 күн; д)науқастануына байланысты жұмысқа шықпау-4,3 күн; е)ауысым аралық тоқтап тұрған жұмыс келесі деңгейде жоспарланады: мереке алдындағы қысқартылған жұмыс күн-0,02; жасөспірімдерге берілген жеңілдік сағаттары-0,03.

15табл.

Жұмыскердің жұмыс уақытының теңгерімі

Жұмыс уақыты қорының құрамы Абсолюттік мәліметтер %
Уақыттың күнтізбелік қоры, күн. 360
Демалыс және мереке күндері, күн. 99
Жұмыс уақытының нақты қоры, күн. 261 100
Жұмысқа күні бойы шықпау
А) кезекті демалыс 24 9,1
Б) үйренушілердің демалысы 1,3 0,5
В) декреттік демалыс 1,1 0,4
Г) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау 0,3 0,1
Д) науқастануына байланысты 4,3 1,7
Жұмысқа шықпаған уақыттары, күндер 31 11,8
Жұмыс уақытының көрінеу қоры, сағ. 230 88,2
Жұмыс күні арасында жоғалған жұмыс күн, сағ. 0,05
Ауысым аралық жоғалған барлық жұмыс күн 0,05
Жұмыс уақытының тиімді қоры, сағ. 1817
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағ. 7,9

Негізгі өндірістік жұмыскерлердің санын анықтау.

Жұмыс нормасына сай негізгі өндірістік жұмыскерлер санын анықтаудың екі тәсілі қолданылады:

Жұмыс көлемі және уақыт нормасы бойынша

Қызмет көрсету нормасы бойынша

Механикалық өңдеудің жұмыспен қамтылуы бойынша негізгі жұмыскерлердің тізім санын есептеу әрбір мамандық және разряд бойынша формулаға сай орындалады:

          п

Рнег.j=Stij xBП/Фэ х kвнj

          І=1

Ондағы: tij-электр қозғағыштың бөлшек жиынтығын өңдеуге жұмсалатын жұмыс і құрылғыға j (j=1,2,...,m);

ВП-электр қозғағыш бөлшектерін жаппай өндіріске шығарудың жылдық жоспары і(і=1,2,...,п).

1 бөлшекке жұмсалатын жұмыс:

Токарлық 35690/8300=4,3

Револьверлік 23240/8300=2,8

Фрезерлік 18260/8300=2,2

Тесу 8300/8300=1

Үстіріктеу 14940/8300=1,8

Тегістеу 20750/8300=2,5

Саны:

Токарлық 4,3*8300/1817*1,05=19

Револьверлік 2,8*8300/1817*1,06=12

Фрезерлік 2,2*8300/1817*1,08=9

Тесу 1*8300/1817*1,13=2

Үстіріктеу 1,8*8300/1817*1,03=8

Тегістеу 2,5*8300/1817*1,08=11

Есептеме 16 табл. Жинақталады.

16табл.

Негізгі жұмыскерлердің мамандықтар және разрядтар бойынша саны

іөрсеткіштер Жұмыскерлердің мамандығы мен разряды
токарь Револь верші Фрезер ші Тес кіш   Үстірік теуші Тегіс теуші
Жоспар бойынша саны,т.дана. 8,3 8,3 8,3 8,3 8,3 8,3
1 бөлшекке жұмсалатын уақыт,н-ч 4,3 2,8 2,2 1 1,8 2,5
Бағдарламаға кететін уақыт 35690 23240 18260 8300 14940 20750
Норманы орындау коэффициенті 1,05 1,06 1,08 1,13 1,03 1,08
Түзетілген жұмыс уақыты 33990 21925 16907 7345 14505 19213
Жұмыскер уақытының тиімді қоры, сағ. 1817 1817 1817 1817 1817 1817
Тізім саны, адам. 19 12 9 2 8 11

Негізгі жұмыскерлердің жалпы саны- 61 адам

Қосымша жұмыскерлердің санын анықтау

Қосымша жұмыскерлердің саны қызмет көрсету нормалары бойынша анықталады:

Рк=vкөл./Нкөл.,

Ондағы: Рк-жұмыскерлердің көрінеу саны, адам;

Vкөл.-қызмет көрсету көлемі;

Нкөл.-қызмет көрсету нормасы.

Қосымша жұмыскерлердің санын анықтау үшін қажет нормативтер:

Мамандық Қызмет көрсету нормасын өлшеуіш Жұмыскерге қызмет көрсету нормасы Жұмыстың тарифтік разряды
Құрылғыны жөндеуші Станоктар саны 14 5
Құрылғыны жөндеу жөніндегі слесарлар Жөндеудегі қиындықтар бірлігі 500 5
Құралдар мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі станокшылар өндірістік жұмыскерлер саны 70 4
Қадағалаушылар өндірістік жұмыскерлер саны 30 3
Мамандық Қызмет көрсету нормасын өлшеуіш Жұмыскерге қызмет көрсету нормасы Жұмыстың тарифтік разряды
Көлік жұмыскерлері өндірістік жұмыскерлер саны 50 4
Қоймашылар өндірістік жұмыскерлер саны 50 3
Краншылар Аспалы крандар саны 1 4
Электр монтерлер Жөндеудегі қиындықтар бірлігі 800 5
Краншының көмекшілері Аспалы крандар саны 1 3

Қызмет көрсету көлемі жоғарыда келтірілген және алдыңғы 5,4,2 тарм.есеп мәліметтерінен алынған, сандарды 17 табл. жинақтаймыз.

17 табл.

мамандық Жұмыскерге қызмет көрсету нормасы 2 ауысымда қызмет көрсету көлемі саны әзірленген жұмыс
Көрінеу Тізім
Құрылғыны жөндеуші 14 62 4 4 5
Құрылғыны жөндеу жөніндегі слесарлар 500 2000 4 4 5
Құралдар мен жабдықтарды жөнжеу жөніндегі станокшылар 70 63 1 1 4
Қадағалаушылар 30 63 2 2 3
Көлік қызметкерлері 50 63 1 1 4
Қоймашылар 50 63 2 2 3
Краншылар 1 6 6 6 4
Электр монтерлер 800 2000 3 3 5
Краншының көмекшілері 1 6 6 6 3
Барлығы: 28 28

Қосымша жұмыскерлердің тізімі формула бойынша анықталады:

Ртіз.=Рк./kорын.

Ондағы: kорын.-уақыттың түзімдік қорын пайдалану коэффициенті.

k=1817*2/3842=0,9

ртіз.=4/0,9=4

ртіз.=4/0,9=4

ртіз.=1/0,9=1

ртіз.=2/0,9=2

ртіз.=1/0,9=1

ртіз.=1/0,9=1

ртіз.=6/0,9=6

ртіз.=3/0,9=3

ртіз.=6/0,9=6

қосымша жұмыскерлердің қосымша саны мамандықтар бойынша бөлінеді, есептеу барысында Рк. Аз бөлігіне дөңгеленді.

 Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы қорын анықтау

Сағаттық тариф көрсеткіші (жұмыстар) тең.

 Жұмысшы разряды

                                                                              I             II             III              IV               V

Атқарған жұмысқа ақы алатындар                 5,03       5,48            6,06         6,70

Уақытша жұмыс атқаратындар                       4,71       5,12            5,66         6,27

А) Атқарған жұмыс үшін тікелей ақы төлеу қоры:

            l

Зт.а.ж.=Srсmd x Toбpd

           d=1

ондағы: rсmd-тарифтік сағат ставкасы d-разряд (d=1,2,…,1),

Toбpd-жұмыстың жиынтық көлемі d-бағдарлама разряды (16табл.3 жолы);

Зт.сд.ток=35690*6,06 =216281тең.

Зт.сд.рев.=23240*6,7 =155708тең.

Зт.сд.ток=18260*6,7 =122342тең.

Зт.сд.ток=8300*5,48 =48484тең.

Зт.сд.ток=14940*6,06 =90536тең.

Зт.сд.ток=20750*6,7 =139025тең.

Зт.сд.ток=769376тең.

Есепті 18 табл. жинақтаймыз.

Орташа сағаттық тариф ставкасы:

rcт=ФОТ сд/S Тобр. d

r=6,3

б) сыйақы есептеледі.

Сыйақы сомасы:

769376*40%=307750 тең.

в) жұмыс атқарған уақытқа қосымша ақы төлеу: бригадирлікке; түнгі жұмыс үшін.

Бригадирлік

Бригадирлер саны 3 адам.

Оларға қосымша ақы төлеу 3784 тең.

Түнгі жұмыс (2 ауысымда жұмыс істеуіне байланысты, 2 ауысым 24 сағатқа дейін, 2 сағатқа қосымша ақы төлеу):

6,3тең.*25 адам*2*0,4*21*12=31752 тең.

г) еңбек ақысының сағаттық қоры

ФОТ сағ./ФОТ а.+ФОТ пр+ФОТ бр+ФОТнв=769376+307750+3784+31752 =111662/1817 =612,4 тең.

Орташа еңбек ақысы

Зсағ.=ФОТсағ./ФэхРнег.=612,4/61=10тең.

е) күндізгі еңбек ақысы қоры:

ФОТкүн= ФОТсағ.+ФОТлч*7,9=612,4*7,9 =4838 тең.

Орташа еңбек ақысы

Зкүн=ФОТкүн./Фкүн. Х Р нег.=4837/61=79 тең.

ж) күні бойғы үзілістерге қосымша еңбек ақы төлеу: кезекті еңбек демалысына ақы төлеу, үйренушілердің еңбек демалысы; мемлекеттік және қоғамдық міндеттер атқару уақытына ақы төлеу;

демалыстар-79*24*61=115656 тең.

Үйренушілерге және жүктілік, бала туу бойынша демалыс – 79*1,3*61+79*1,1*61=11566тең.

Мемлекеттік міндеттерді орындау – 79*0,3*61=1446тең.

з) еңбек ақысының айлық қоры

ФОТа.=ФОТкүн.+ФОТкез.дем.+ФОТүйр.дем.+ФОТмем.+4838*21*12+115656+11566+1446=1347844

Орташа жылдық еңбек ақысы

Е.ақы=ФОТа/Рнег. =1347844/61=22096 тең.

Орташа айлық еңбек ақы

Зай.=Зақы./12 =22096/12 =1841 тең.

18 табл. есептеледі.

Уақытша-жәрдемдесуші  жұмыскерлердің  еңбек ақысы қорын анықтау

Уақыт бойынша тікелей ақы төлеу қоры (тарифтік)

ФОТ қайт.=Srсағ.d х Фэ х Рспd,

(6,9*1817*4)+(6,9*1817*4)+(6,27*1817*1)+(5,66*1817*2)+(6,27*1817*1)+(5,66*1817*1)+(6,27*1817*6)+(6,9*1817*3)+(5,66*1817*6)=321609 тең.

Ондағы: Рспd – d-разрядты, жұмыскерлердің тізімдік саны.

Қалған есептер, осы цехтың қосымша жұмыскерлеріне қарастырылмаған,бригадирлікке төлнетін қосымша ақыдан басқа 5.4.4. тар. ұқсас орындалады. Есептердің нәтижелері 18 табл. жинақталады.

Түнгі жұмысқа 6,3 тең.*10 адам*2*0,4*21*12=12701 тең.

ФОТ сағ.(321609+96483+12701)/1817=237 тең.

Орташа сағ.еңбек ақы 237/28=8,5 тең.

Күндізгі ФОТ 237*7,9=1872 тең.

Орташа күндізгі еңбек ақы 1872/28=67 тең.

Демалыс 67*24*28=45024 тең.

Үйренушілерге және декретке шыққандар демалысы 67*1,3*28+67*1,1*28=4503 тең.

Мемлекеттік міндеттер 67*0,3*28=563тең.

ФОТ жыл.1872*21*12+45024+4503+563=521834тең.

Жылдық орташа еңбек ақы 521834/28=18637тең.

Орташа айлық еңбек ақы 18637/12=1553тең.

18табл.

Цех жұмыскерлерінің еңбек ақысының құрылымы, теңге.

Еңбек ақысы түрлері Негізгі жұмыс Қосымша жұмыс
1.Тікелей жұмыс уақытына еңбек ақы төлеу қоры 769376
2. Уақытқа төленетін еңбек ақы қоры 321609
3. Орташа сағаттық тарифтік ставка 6,3 6,4
4. Сыйақылар 307750 96483
5. Қосымша ақылар, барлығы: оның ішінде
-бригадирлікке 3784 -
-түнгі жұмыс үшін 31752 12701
6.Еңбек ақысының сағаттық қоры 612,4 237
7.Орташа сағаттық еңбек ақы 10 8,5
8.Еңбек ақысының күндізгі қоры 4838 1872
9. Орташа еңбек ақысы 79 67
10. кезекті еңбек демалыстарына ақы төлеу 115656 45024
11. үйренушілердің еңбек демалысына ақы төлеу 11566 4503
12.мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына ақы төлеу 1446 563
13.Еңбек ақысының жылдық қоры 1347844 521834
14.Орташа жылдық еңбек ақы 22096 18637

 ИТР, қызметкерлерді және МОП еңбек ақысының қорын анықтау.

ИТР еңбек ақысының қоры жоспарланған кезеңге белгіленген, мейлінше аз айлық ақы бойынша есептеледі:

ФОТ итрг=12 [Зқызм. Х Ритр х (1+Кд)]=12*[1900,6*7*(1+1,5)]=399126 тең.

Ондағы: Зитр-ИТР еңбек ақысының айлық минимумы

               Кд-қосымша еңбек ақысының (процент) коэффициенті.

Қызметкерлердің еңбек ақысының қоры:

ФОТ слг=12 [Зқызм. х Рсл х (1+Кд)]=12*[1094*3*(1+1,3)]=90583 тең.есептеледі.

Ондағы: Зсл.-қызметкерлердің айлық еңбек ақысының минимумы, тең.;

               Кд-қосымша еңбек ақысының (процент) коэффициенті.

МОП еңбек ақысы қоры:

ФОТ моп=12 [Змоп. х Рмоп х (1+Кд)]=12*[845*2*(1+1,2)]=44616 тең. есептеледі.

Ондағы: Змоп-МОП айлық еңбек ақысының минимумы,тең;

               Кд-қосымша еңбек ақысының (процент) коэффициенті.

Есептеменің нәтижесін 20 табл. жинақтаймыз.

ИТР, қызметкерлердің жне МОП еңбек ақысының қоры

Көрсеткіш Сомасы
ИТР еңбек ақысының минимумы 1900,6
ИТР саны 7
Қосымша ақы коэффициенті 1,5
ИТР еңбек ақысы қоры 399126
Қызметкерлердің еңбек ақысы минимумы 1094
Қызметкерлер саны 3
Қосымша ақы коэффициенті 1,3
Қызметкерлердің еңбек ақысы қоры 90583
МОП еңбек ақысының минимумы 845
МОП саны 2
Қосымша ақы коэффициенті 1,2
МОП еңбек ақысының қоры 44616
Барлық еңбек ақы қоры 534325

Еңбек ақы қорынан салық төлеуді жоспарлау.

Еңбек ақысының жылдық қорын жоспарлау барысында, еңбек ақысы қорынан төленетін салық төлемдерін анықтау қажет:

Фн = SФОТг х Кн, = 2404003*0,428=1028913

Ондағы: Фн-бөлінген салық қоры,тең.;

               Кн-салықтық коэффициент жиынтығы.Кн=0,428

Есепті 21 табл. жинақтаймыз.

21табл.

Еңбек ақысына төлемдер.

Көрсеткіш Сома
Негізгі жұмыскерлердің ЕАҚ(ФОТ) 1347844
Қосымша жұмыскерлердің ЕАҚ (ФОТ) 521834
ИТР, қызметкерлер, МОП ЕАҚ (ФОТ) 534325
Барлығы ЕАҚ, мың теңге 2404003
Еңбек ақысына бөлінгені 1028913

Еңбек ақысына төлемдер еңбек ақысының проценті нормативтері бойынша анықталады, әлеуметтік сақтандыру (9,7%)6зейнетақы қоры (28%), жұмыспен қамту қорына (1,5%), міндетті медициналық сақтандыру қорына (3,6%) төлемдер енгізіледі.

5.5. Өндірістік салықтар есебі.

22табл.

Өнім өндіру шығындары сметасын есептеу.

Шығындар элементі Шығындар, мың.тең. Жылдық көлем шығындары, мың тең. Шығындар құрылымы, %
Шикізаттар мен материалдар 1,538 12765
Қалдықтар (есептен шығарылады) 0,322 2672
Қосымша материалдар және отын-қуат беру ресурстары 0,308 2553
Барлығы материалдық шығындар 1,524 12646 78,2
Еңбек ақысы 0,29 2404 14,9
әлеуметтік мұқтаждықтарға есептеу 0,124 1029 6,4
Негізгі өндірістік қор серпіні 0,009 72,5 0,4
өзге де шығындар 0,001 10,9 0,1
Барлығы шығындар 1,9 16162 100

22 табл. құруға түсінік беру.

  1. 3 – шикізат және материалдар тауарлық өнім шығаруда (тапс. қара) материалдың құнын 1 өнімге көбейту арқылы анықталады.
  2. Қалдықтар, қалдық салмағы қалдықтар құнына көбейту арқылы анықталады (мліметтерді тапс. қара).

3.Қосымша материалдар және отын-қуат беретін ресурстар шартты түрде шикізат пен материалдың 20% көлемде қабылданады.

12765*20%=2553 мың тең.

2553/8300=0,308 мың теңге бір бөлшекке.

  1. еңбек ақысы, 21 табл. 4 жол.
  2. Әлеуметтік сақтандыруға төленетін ақы, 21 табл. 5 жол.
  3. Негізгі қорлардың серпіні.

Көтерме төлемдер негізгі қордың орташа жылдық теңгерім құны мен көтерм нормасынан есептеледі (негізгі қорлар топтары бойынша). Көтерме төлемді есептеуді жеңілдету үшін курстық жобада төлемді тең бөлу тәсілімен төлеу ұсынылады.

23табл.

Негізгі капитал, материалдық емес активтер және жоспарлы жылда көтерме төлемдер сомасын есептеу.

Негізгі қорлар Жыл басындағы теңгерімдік құны, мың тең. Орташа жылдық құны НҚ, мың.тең. Көтерме нормасы, % Төлемнің көтерме сомасы, мың тең.
Ғимарат 750 7500 1 7,5
Құрылғы 1140 1140 5 және10 65
Барлығы: 1890 1890 - 72,5

Ғимараттың, имараттың және құрылғының теңгерімдік құны, сондай-ақ көтерме нормасы (тапс. қара).

  1. Өзге шығындарды алдыңғы шығыннан 15% қабылдансын.
  1. «Темір жол техникасы» ЖШС-ның  әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолдары.

“Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның әлеуметтік – экономикалық дамуының жақсартудың бірден – бір жолы бұл инновация және техниканы жақсарту болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі ғылыми талдамаларды заттандырады, материалдық және өмірлік игілікті ұдайы өндірумен айналысады. Оның міндеті – адамдардың мұқтаждарын және жалпы қоғамды жоғары сапалы құралдармен, еңбек заттармен және тұтыну заттарымен толық қамтамасыз етуді қанағаттандыру болып табылады.

Өндірістің тиімді жұмыс істеуі өндірістің жоғары техникалық деңгейін, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды, кадрларды  орналастыру , тәрбиелеу және қызметкерлердің жоғары өндірістік , еңбек және атқарушылық тәртібін қамтамасыз етеді.

Екінші жолы маркетинг және оның ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануы болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында маркетинг - өндіруде , тауар өткізуде кәсіпорын қызметіндегі ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оның қызметіндегі негіз қаланатын принциптер – сатылатынды өндіру , ал өндірілетінді сатпау. Осының нәтижесінде өнімді өндіруде кәсіпорын оған деген сұранысқа сәйкес жұмысын қайта құрады.

Өндірістің тиімді жұмыс істеуінде ақпараттық ресурстар елеулі орын алады. Ғылыми деректерді, техникалық ақпараттарды және болжауды өз уақытысында пайдалану өндірісте шығарылатын бұйымдардың технологиялық конструкциясын әзірлеуге және отандық, халықаралық рыноктарды өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі.

Үшінші жіне негізгі жолы бұл – менеджмент жүйесін дұрыс жолға қою. Отандық менеджменттің негізі адамдар ресурстары мен кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Сондықтан да менеджменттің басты міндеті – ақпарат жасау, білім , тәжірибе және т.б.

Басқару қызметінің ерекшк түрі ретінде қндірістің дамуына байланысты пайда болады. Сонымен бірге, басқару адамдар қызметінің кез келген түрінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Менеджмент кадрларды қалыптастырады, адамдар арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді. Осыған орай , менеджменттің тағы бір басты міндеті – қызметкерлер дамуына ықпал ету, оқыту және олардығ өсуіне кепілдік беру.

Басшылық міндеттерін орындау үшін оларға түпкілікті және көбеюші , яғни артушы талаптар қойылады. Сондықтан да , басшы қызметкерлердің ынталы жүйелерін жете зерттеуді қажет етеді.

Міні осы шараларды іске асыру арқылы “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С.- ның әлеуметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді.

Өйткені иновация мен жаңа технологиялар еңгізу арқылы  нарықтық экономика жағдайында, яғни жоғары бәсекелестік жағдайда тұрақты пайда алып отыру, даму мүкін.

Ал бұл,  өз кезегінде, ақпаратсыз мүмкін емес. Қазіргі заманда ақпарат ең қымбат заттардың бірі болып табылады.

Осының барлығы жүзеге асырылуы үшін жүйелі басқару қажет. Дұрыс басқарылмаған ұйым ешқашан дамымайды.Ол өз кезегінде нарықтық экономика қалыптасуы , кәсіпкерліктің дамуы, заңды тұлғалар қызметін жандандыру үшін нақтылы жағдайлар жасауы керек.

Қорытынды

Сонымен     қорыта   келгенде , бұл курстық жұммысымда    мысал      ретінде қарастырылған кәсіпорын арқылы  біз фирманың әлеуметтік-экономикалық даму процессін байқадық.

Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.

Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.

Қандай да болмасын кәсіпорындарда өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты.

Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас һзгеруде, “кім көп жұмыс істесе, сол сол көп табыс алуы тиіс”.

Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өндірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық және бағалылығының және жеке табыстарының  негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады.

Жоғарыда айтылғанды  қорыта келе, ең алдымен кәсіпкерллік қызметтің дамуы үшін тұрақты құқықтық – заңнамалық базаны құрү керек, белгілі бір кәсіпкерлік түрлеріне жеңілдіктерді анықтау қажет және осы процессті қадағалайтын лауазымды уәкілетті органдардың жұмысын реттеу қажет.

Осының барлығы жүзеге асырылуы үшін жүйелі басқару қажет. Дұрыс басқарылмаған ұйым ешқашан дамымайды. Ол өз кезегінде нарықтық экономика қалыптасуы, кәсіпкерліктің дамуы, заңды тұлғалар қызметін жандандыру үшін нақтылы жағдайлар жасауы керек.

Похожие материалы