Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы аздап көтерілді

Теңге бағамы аздап көтерілді

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 374,05 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,84 теңге / $1) ұлттық валюта 0,79 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 373,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 375,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 373,95 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 58 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 112.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 377 теңге, Алматыда – 376,7 теңге.

Похожие материалы