
Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 385,95 теңгені құрады. 26 қарашадағы деректермен салыстырғанда (386,27 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,32 теңгеге нығайды.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 387,5 теңге, Алматыда — 387 теңге.
Ұлттық Банктің 27 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,49 теңгені құрайды.