Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге тиыннан құралады немесе отбасылық бюджетті басқару

Теңге тиыннан құралады немесе отбасылық бюджетті басқару

Тұрмыстық кіріс-шығысты, отбасындағы «экономиканы» жүргізу оңай жұмыс емес. Әсіресе, отбасының қаржысын басқару жеңіл болып көрінгенмен, әркімнің қолынан келе бермейді. Ақшаны қанша көп тапсаң да, басы құралмай, жұмсаған қаражат көзге көрінбейді. Таныс жағдай ма? Міне, өзіңіздің отбасылық бюджетті қалай дұрыс басқару екеніне бірнеше пайдалы кеңестер ұсынамыз. Отбасылық бюджетті жоспарлау қаражатты бөлуге, қажет уақытқа қор дайындап қоюға және алдағы үлкен мақсаттарға ақша жинауға көмектеседі. Біз сізге қаржы есебін қалай дұрыс жүргізу керектігін және бұл үшін қандай құралдар бар екенін айтамыз.

Жеке қаржыны басқару – ол шеберлік

Мәселен, сіз жазғы демалысқа шетелге бару үшін ақша жинайсыз ба немесе қиын кезеңдерге қажет болар деп қор жинайсыз ба? Жеке қаржы сіздің отбасыңызда маңызды орынға ие болуы керек. Шығындарға қатысты жақсы әрі пайдалы әдеттерді қалыптастыру және жеке бюджетті сақтау — бұл бала кезден бастап барлық адамдарға қажетті дағдылар. Балаларыңызға өмірді қалай жеңілдетудің керемет үлгісін ұсыну үшін отбасылық бюджетті құру бойынша бірнеше кеңестерді қолданыңыз.

Отбасылық бюджетті жүргізу қажеттілігі әрдайым айқын бола бермейді. Әдетте адамдар екі себепке байланысты жоспарлаудан бас тартады. Не ақша бәріне жетеді, ал кірістер мен шығыстарды есепке алу уақытты босқа ысырап ететін сияқты болып көрінеді. Немесе қаражат аз, оны кейінге қалдыру мүмкін емес, сондықтан бюджетті жүргізу мағынасыз болып көрінеді.

Шын мәнінде, қаржылық жоспарлау кіріс мөлшеріне байланысты емес. Ол кез келген мөлшердегі бюджеттерде қолданылады. Барлық шығындар мен түсімдерді есепке алу отбасылық бюджетті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Міне, жоспарлаудың артықшылықтары:

  1. Ірі қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге болады. Егер кірістер үлкен болмаса, кез-келген уақытта маңызды сатып алуларға қол жеткізу үшін ақша жинауға тура келеді. Демалысқа, жөндеуге немесе көлік жаңартуға. Мұны тиімді орындау үшін бюджетті есептеу керек;
  2. Күтпеген жағдайлар үшін қор дайындап қою керек. Аяқ асты сырқаттану, жұмысынан айрылу және басқа тосын жайттар әрқашан қосымша шығындарды талап етеді. Қаржыны жоспарлау "резервтік қорды" құру арқылы осындай жағдайларға дайындалуға мүмкіндік береді. Бұған сақтандыру төлемдерін сатып алу да кіреді. Олар бойынша төлемдер бюджетте жоспарсыз шығындарға жол бермейді. Мысалы, жазатайым оқиғалардан полис ресімдеуге, балаларды спорттық жарақаттардан сақтандыруға немесе жылжымайтын мүлікті қорғауға болады;
  3. Шығындарды оңтайландыру. Жоспарланбаған ұсақ-түйек сауда жасау, қажет заттар сатып алулар отбасылық шығындардың маңызды бөлігін құрайды. Бюджетті талдаудың бірінші айынан кейін көптеген адамдар сандарға үреймен қарайды, өйткені олар кез-келген нонсенс үшін қанша ақша кететінін білмейді. Есеп жүргізу ақша шығындаудағы әлсіз тұстарды табуға және қаржы ағындарын сауатты түрде қайта бөлуге көмектеседі.

Бюджетті жоспарлау күнделікті күйзелісті де азайтады. Жалақыдан жалақыға дейін қаржы жеткілікті ме екенін білмесең үнемі мазасыз күй кешесің. Күтпеген шығындар ақшаны қарызға алуға немесе оны несие карталарынан жұмсауға мәжбүр етеді. Әрі қарай қарызды қалай қайтарамыз, соны да ойлану керек. Бұл әрекет сауатты жоспарлауды жоятын тұрақты күйзелісті тудырады. Отбасылық бюджет барлық шығындарды ескереді, сондықтан ақша күтпеген жерден таусылады деп алаңдамайсыз.

Отбасылық бюджетті жоспарлаудың нақты қадамдары

Егер отбасы бұрын соңды кірістері мен шығындарын талдамаған болса, алғашында бастау қиын болуы мүмкін. Міне, бюджетті құру кезінде қаперде ұстауға болатын қадамдық жоспар:

1. Бірінші айда барлық кірістер мен шығыстарды жазу жеткілікті. Қазір басты міндет — теңгерімнің жинақталатынын, қанша артық қаражат қалатынын білу. Мүмкін, ақша жеткіліксіз шығар. Сол себепті қанша қаржы қарызға немесе несиеге алынғанын да жазу керек.

2. Айдың соңында сіз ақша жұмсалатын негізгі категорияларды бөлуіңіз керек. Әдетте бұл азық-түлік, байланыс қызметтері, коммуналдық төлемдер, көлік шығындары. Әр санат бойынша шығындарды қорытындылау керек.

3. Келесі кезең – шығындарды талдау. Әр санатқа бюджеттің қанша пайызы қалай бөлінетінін есептеу керек. Ең дұрысы, міндетті төлемдер кірістің жартысынан көбін құрағаны абзал. Содан кейін қалған ақшаны пропорционалды түрде қосымша сатып алу мен жинақтауға бөлуге болады.

4. Талдаудан кейін жоспарлау уақыты келеді. Әдетте адамдар импульсивті сатып алуларға тым көп ақша жұмсайды. Яғни, мақсатсыз сауда жасау, қажзет емес затты сатып алу. Ал жинақтау мен инвестициялауға қаражат жетіспейді. Қосымша шығындарды алып тастап, қалғандарын қосу арқылы шығындарды қайта бөлу қажет.

5. Жоспар дайын болған кезде келесі айға мақсат қойыңыз. Олар түсінікті әрі оңай орындалатын болуы керек. Мысалы, жұмысқа барар жолда кофе сатып алмаңыз және бұл соманы демалысқа қалдырыңыз.

6. Келесі айда шығындар мен кірістерді жазуды жалғастырыңыз, бірақ жаңа мақсаттарды ескеріңіз. Аяқтағаннан кейін сіз талдау жасап, не істегеніңізді және не істемегеніңізді түсінуіңіз керек. Содан кейін қосымша жоспар құрыңыз. Бұл кезеңде ірі сатып алуларға қаражат жинау үшін ұзақ мерзімді мақсаттар жазылады.

Әдетте сіз үш-төрт айда бюджетті жоспарлап үйренесіз. Осы уақыт ішінде кірістер мен шығыстарды есепке алу нәтижесі айқын көрінеді. Қаржы дұрыс бөлінген кезде, отбасы көп ақша таба алады. Бұл барлық қаржылық мақсаттарға жету үшін бюджетті жүргізуді жалғастыруға ынталандырады.

Похожие материалы