Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев көпшілік алдында шеге майыстырды

Тоқаев көпшілік алдында шеге майыстырды

Қонаев. 19 қазан. 7kun.kz Мемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуден кейін Қонаев қаласының орталығын аралады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, президентке тарту етті.

Одан кейін мемлекет басшысы да спортшының әрекетін қайталап, бір шегені өзі майыстырып көрсетті.

Президент Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы шешімі өңірді өркендету үшін маңызды қадам болғанын атап өтті.

Похожие материалы