Астана. 28 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік қызметтердің басшыларын қайта тағайындады. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымында қалды.
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.
Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Айбек Арқабайұлы Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.