Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Түркістан. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Ары қарай Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті.

«Менің қасиетті Түркістанға ықыласым ерекше екенін білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды дәл осы жерден бастаған едім. Содан бері мұнда көптеген оң өзгеріс болды.

Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды.

Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады», – деді президент.

Похожие материалы