Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!» – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Похожие материалы