Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Toyota Camry 80 пішіні алдыңғы нұсқаларына қарағанда едәуір өзгеше болады. Онда жаңаша бумеранг шамы орнатылып, жаңа буындағы Crown мен Prius дизайнын қайталауы мүмкін.
Carscoops жазуынша, Camry 80-нің салонында цифрлы аспаптар панелі мен үлкен мультимедиа экраны болады. Ол дауыс арқылы басқару мүмкіндігі бар брендтің ең жаңа операциялық жүйесімен, сондай-ақ Apple CarPlay және Android Auto-мен басқарылады.
Ол қазіргі Camry және Crown, ES, RAV4, Highlander сияқты Toyota мен Lexus модельдерінен таныс TNGA-K (GA-K) платформасына негізделеді. Соған сай ең танымал 2.5 литрлік мотор седанның жаңа буынына да қойылады. Басылым қазіргі 3.5 литрлік атмосфералы V6-ның орнын 2.4 литрлік турбоүрлемді 4 цилиндрлі мотор басады деп болжануда.
Айта кетейік, Ресейде енді Toyota шықпайтындықтан, Қазақстанға Жапония немесе Қытай нарығына арналған Camry 80 келуі мүмкін деген болжам бар.