
Украиналық «Рейтинг» әлеуметтік тобы сайлау алдындағы соңғы рейтингтің нәтижесін жариялады.
Көш басында әртіс Владимир Зеленский келеді. Оған украиналықтардың 26,6% дауыс беруге ниетті.
Екінші орында қазіргі президент Порошенко, үшінші «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко. Оған халықтың 17,2% дауыс беруге дайын.


Төртінші орында «Гражданская позиция» партиясының төрағасы Анатолий Гриценко (9,8%), бесінші «Оппозиционная платформа — За жизнь» платформасының кандидаты Юрий Бойко (9,5%).
Украиндықтардың көпшілігі екінші турға Владимир Зеленский мен Юлия Тимошенко өтеді деп болжайды. Екінші турға өтуі мүмкін үшінші кандидат - Петро Порошенко.
28 наурыз Украина заңдары бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындысын жариялауға болатын соңғы күн.
Айта кетейік, осы жексенбі, 31 наурыз күні Украинада Президент сайлауы өтеді. Президенттікке үміткерлерді тіркеу 2018 жылдың 31 желтоқсанында басталған. Үміткер болуға 93 адам өтініш берген, ОСК оның 44-ін ғана кандидат ретінде тіркеді. Оның 24 –і партиялардан, 20 – адам өзін-өзі ұсынушы.
Үміткер ретінде тіркелгендер 7 наурызға дейін үміткерліктен бас тартуға құқығы болған. Мұны 5 кандидат пайдаланды. Қазіргі кезде қалған үміткер саны - 39.
Cайлау қорытындысы 10 сәуірде белгілі болады. 31 наурыз күнгі дауыс берудің нәтижесін 13 сәуірге дейін "Голосе Украины" және "Урядовому курьере" газеттерінде жарияланады. Оның нәтижесі бойынша үміткердің ешқайсысы 50%+1 дауыс алмаса 21 сәуірде екінші тур өтеді. Оның нәтижесін ОСК 1 мамырда анықтап, 4 мамырға дейін "Голос Украины" және "Урядовий курьер" газеттерінде жарияланады.
Сайланған мемлекет басшысы ресми ант беруден кейін 3 маусымға дейін қызметке кіріседі.