Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта жаңа антирекорд орнатты: 1 доллар - 383,23 теңге

Ұлттық валюта жаңа антирекорд орнатты: 1 доллар - 383,23 теңге

2016 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 383,23 теңге болды. Бұл туралы биржа сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 381 теңгені құрады. Максималды курс — 385,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 382 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 57 млн 750 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 71. Алматы қаласындағы (11:15) ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 385 теңгеден сатылуда. 19 қаңтардағы доллардың ресми бағамы  374,31 теңге болды. Осылайша,  21 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы 374,60 теңге болады. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото: finance.nur.kz

Похожие материалы