Валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық (бағамдық) зиян шегу қауіпі.
Валюталық тәуекелдің құрылымы мынадай:
- Коммерциялық ,яғни қарызданушылардың төлеуді қалау және оның мүмкіншілігінің болмауы;
- Операциялық, валюталық шығындардыі тәуелді нақты операциялар негізінде. Бұл тәуекелде пайданы алу мүмкіншілігі жоқ деп қарас-тыруға болады.
Операциялық валюталық тәуекелді төмендетудің ең негізгі әдістері:
- Хеджерлық
- валюталық своп
- трансляциялық
- форфейтингтік
Хеджерлық – тәуекелдің жоғалту мүмкіндігінің азаю процесі, яғни әр түрлі тәуекел жасау валюталық позициясы болып табылады. Хеджер өз тәуекелін валюталық операциялар қатысушысына әкеледі. Егер ол фьючерстік сатып алса, онда басқа біреу сатуы қажет.
Валюталық своп – бұнда екі әр түрлі жағдай болады. Біріншісі параллельді несиелендіру жасайды, яғни екі жақ екі түрлі елде несиені бірдей мерзіммен қоюды және тәсілмен, бірақ әр түрлі валюта деңгейінде.
- параллель (қосарлас) несиелерді рәсімдеу, мұнда екі түрлі мемлекеттегі екі тарап екі түрлі бағытталған, бірдей мерзімді және өтеу әдістері бірдей, бірақ әр түрлі валюталарда берілген несиелерді ұсынады.
- Екінші нұсқа – банктер арасындағы валютаны спот мөлшер-лемесімен сату немесе сатып алу және мәмілені алдын ала келісілген күніне (болашақта) белгіленген спот мөлшерлемесімен қою (апару) келісімі.
Қосарлас несиелерге қарағанда своптар пайыз төлемін қоспайды. Активтер мен пассивтер бойынша тәуекелдерді өзара есепке алу немесе неттинг, мұнда банк басқарушылары валюта түсімін оның ағымынан шегеру арқылы тәуекел мөлшеріне әсер ету мүмкіндігін иеленеді. Ал басқа трансұлттық банктер (біріккен) неттинг әдісін қолданады, бұл әдіс валюталық мәмілелерді ірілендіру жолымен қысқартуда көрініс табады. Бұл мақсатта банктік несиелердің барлық бөлімшелерінің қызмет үйлестірілуі жоғары деңгейде болуы тиіс.
Своп – термині халықаралық қаржылық тұрғыдан алғанда 3 түрлі анықтама береді және де олар өте тығыз байланысты:
- сатып алу және біруақыттағы форвардтық валюта сатуы
- бір уақыттағы несиені екі валютамен көрсету
- тәжірибені алмастыру, бір валюта негізінде екіншісіне негізделген.
Валюталық трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері
Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер - баланс активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде және шетел клиенттері, контрагенттердің «Табыстар мен шығындар» шотын қайта бағалағанда туындайды. Бұл тәуекелдер өз кезегінде қайта есептеу валютасын таңдауға, валюта тұрақтылығы мен басқа да бірқатар факторларға тәуелді. Қайта есептеу трансляция әдісі бойынша (қайта есептеу күніндегі ағымдық бағам бойынша) немесе тарихи әдіспен (нақты операцияны жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша) жүргізе алады. Кейбір банктер ағымдық операцияларды ағымдық бағаммен, ал ұзақ мерзімді операцияларды – тарихи бағаммен есепке алады, басқалар қаржылық операциялардың тәуекел деңгейін ағымдық бағам бойынша талдайды.
Трансляциялық валюталық тәуекелді басқарудың әдістері келесідей: 1)ішкі 2)сыртқы 3)техникалық 4)әкімшілік Осы әдістер белгілі бір стратегия үшін,сондай-ақ банктердің қызметінің тактикалық бағдарламаларын құрастыру үшін де қолданылуы мүмкін.
Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.
Форфейтирлеу кезіндегі тәуекел деңгейін төмендету артықшылықтар:
- мүмкін болатын міндеттемелердегі баланстың өзара қарым-қатынастарды жеңілдету;
- өтімділік жағдайыш жаксарту;
- пайыздық мөлшерлемелердің тербелісімен байланысты тәуекелдердің келуі және мүлдем болмауы;
4)валюталардың тербелістерінмен және қарызгердің қаржылық тұраұтылығының өзгеруімен бай/ты тәуекелдер деңгейінің күрт төмендеуі