Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңалық редакторлары үшін Facebook-пен жұмыс істеу ережелері

Жаңалық редакторлары үшін Facebook-пен жұмыс істеу ережелері

Facebook әлеуметтік желісі пайда болысымен-ақ, журналистер үшін маңызды әмбебап құралға айналды. Желі арқылы жаңалықтар қолданушыларға еркін жеткізіледі және жаңалықтар трафигін көтеруге болады. Алайда Facebook-ке кез келген ақпаратты салып оқырманыңызды жалықтырып алуыңыз тағы мүмкін. Сондықтан жаңалық редакторларына желімен жұмыс істеудің жолын түсіндіріп көрейік.

1. Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз

Facebook-та жаңалықты жариялау кезінде басты екі нәрсені естен шығармаңыз.  Бірінші - қолданушылардың парақшаларында сіздің профиліңіз арқылы жаңалықтардың жиі шығу кезеңі және оларға "лайк" басу. Екінші - сіздегі контент санының көп болуы.

2. Жаңалықтарды 1-2 сағат көлемінде жариялау керек

Metro топтық басылымында әлеуметтік медиаға жауап беретін Ричард Монихан егер журналистикаға қатысыңыз болмаса, жай қолданушы ретінде әлеуметтік желіде күніне 1-2 жаңалық жариялау жеткілікті деген кеңес береді. Ал жаңалықтар бөлімінде жұмыс істейтіндер  әрбір 1-2 сағат сайын ақпарат жариялап отыру керек дегенді айтады.

Сондай-ақ, жаңалықтарды жариялау арқылы қолданушылармен кері байланыс орнатуға болатындығы да назарыңызда болсын.

3. Ақпаратты қысқа жеткізуге тырысыңыз

Әлеуметтік желі бұл - лонгридқа арналған орын емес. Ұзын сонар статустарды жаңартудан пайдаланушылар жалығып кетеді. Сондықтан өзіңіз беретін ақпаратты қысқа әрі түсінікті беруге тырысыңыз. Ақпаратқа қатысты қысқаша жазба пайдаланушының қызығушылығын оятатынын ұмытпаңыз.

4. Қарапайым диалог құру

Егер Facebook-те жаңалықтар сілтемесін жариялауды жөн көрсеңіз, сол ақпаратқа қатысты диалог құруға мүмкіндік бар екенін ұмытпаңыз.  Жансыз парақша болып қалмай, желі қолданушылармен жаңалыққа қатысты пікір алмасыңыз, сұрақ қойыңыз немесе сұраққа жауап беріңіз. Тек тематикалық сұрақтар ғана қоймай, оқырманға қатысты ақпаратты да білуге болады. Бірақ тақырыптан алыстап, шектен шығуға болмайды.

5. Адамдарды күлдіре біліңіз

Әлеуметтік желіде маңызды адамның рөлін ойнаудың қажеті жоқ. Барынша ашық болыңыз. Себебі желідегілер аукционға қатысып немесе биржа саудасында отырған жоқ. Көңілді нәрсе тауып, соны оқырмандармен бөлісуге тырысыңыз. Әзіл - ең ұтымды коммуникация түрі.

6. Мультимедиа және мәтін

Мамандардың дәлелі бойынша құр мәтін мен сілтеме адамдарың қызығушылығын оята қоймайды. Сондықтан барынша мультимедиалық өнімдерді пайдалауға тырысыңыз. Себебі статус апдейті мен фотсуреттер қолданушылардың есінде тез сақталады.

7. "Лайк" батырмасына үйір болмаңыз

Facebook парақшасын жүргізіп отырғандардың көпшілігі "Ұнаса лайк" деген сияқты жазбалармен лайк жинаудың амалдарын қарастырады. Ал бұл жаңалықтар бөлімі үшін қажетсіз, әрі ақпарат мәдениетіне аса сәйкес келмейді.

8. Мерзімі өткен жаңалықтармен де бөлісу керек

Жаңалықтар басылымында сол күнгі өзекті ақпараттар бойынша жұмыс істеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл міндетті емес. Жаңалықтар әмбебап болғандықтан оның жариялану мерзімі де ұзақ болуы керек. Яғни бір-екі апта бұрын жазылған жаңалық өзекті болса оны қайта бөлісу қателік емес.

 9. Рейтингтер мен тізімдер, фотосуретер жариялау

Ең танымал рейтингтер мен түрлі компаниялар немесе ауқатты адамдар, бизнес саласына қатысты тізімдер тәрізді ерекше контентті де назардан тыс қалдырмаған жөн. Осы арқылы құрғақ жаңалықтар мекеніне айналған парақшаңызды тірілте аласыз.

 10. Жеке профильді пайдалану

Егер сіз белгілі бір басылымның редакторы болсаңыз профиліңізде ақпараттар мен шығармашылық материалдарға арналған арнайы топ құрыңыз. Ол жерде өзіңіздің достарыңыздан немесе сізге тіркелгендерден сол күнгі өзекті тақырыптардан қайсысы қызығырақ болғанын сұрап білесіз. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтар қойыңыз. Осы арқылы екінші бір қызықты ақпаратқа қол жеткізуіңіз мүмкін және өз профиліңізді пайдалануда сіздің жаңалықтар аккаунтыңызға сенімділік арта түседі.

Похожие материалы