
Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Жапонияның Ұлттық полициясы агенттігінің хабарлауынша, 2018 жылы криптовалюта көмегімен 7000-нан астам ақша жылыстату оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 10 есе жоғары. Бұл туралы The Mainichi хабарлады.
Осындай қарқынды өсуге қарамастан, жылыстатуға арналған операциялар бұрынғысынша негізінен банктер тарапынан жүзеге асырылады. Өткен жылы 417 000 күдікті транзакция тіркелді. Бұл жағдайда тек 1,7% криптовалюта қолданылған.
Қаржы саласындағы күдікті әрекеттерді анықтау тиімділігін арттыру үшін Ұлттық полиция агенттігі жасанды интеллект негізінде шешімдерді іске қосуға ниетті.
Жапонияда криптовалюта уақыт өте келе танымал болып келеді. Мысалы, биткоинмен сауда операцияларында жапон иенасы американдық долларға қарағанда жиі қолданыла бастады.