2016 жылдың қаңтарында «Телерадио тарату туралы» Заңға өзгерістер күшіне енеді. Жаңа заң елімізде көрсетілетін шетелдік телеарналарда жарнама көрсетуге тыйым салады. Яғни осыған дейін өзге елдің телевизиясының табысын арттыруға жұмсалып келген қомақты қаржы отандық журналистерге жұмсалатын болады. Келесі жылдан бастап жағдай өзгереді деген сөз, ал осыған дейін жарнама нарығы қандай нәтиже көрсетті? Қандай көрсеткішке ие болды?
Қазіргі дағдарыстың жарнама нарығына әсер еткені белгілі. Көшеде бос билбордтар көбеюде, жалпы жарнамаға деген тапсырыс азаюда дейді TNS Gallup M1edia Asia агенттігінің бас директоры Татьяна Старцева. Оның айтуынша, қазақстандық БАҚ жарнама нарығының үлесі 4%-ға төмендеген. Егер 2014 жылы жарнама нарығының көлемі 210 млн доллар болса, 2015 жылдың алғашқы 9 айында жарнама нарығының көлемі 154 млн долларды құрады. Жарнама бюджетіндегі теледидар нарығына бөлінген қаражат бірнеше жылдан бері 64-70 %-ды көрсетіп келеді. Сарапшылар жарнамалық бюджеттерді бөлу жағдайының өзгеріліп жатқанын, жарнама берушілердің баспасөз бен радиоға жарнама беруін тоқтатып жатқанын айтады. 2015 жылы жарнама берушілердің саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9%-ға азайған. Жарнама берушілердің 29%-ы телеарналарды таңдаған. Радиода -18%, интернетте -15 %, жарияланымдарда(баспасөз) -9%. Осылайша, жарнама бюджеті аудитория көлеміне байланысты бөлінеді. Қазақстандағы ең үлкен аудитория болып теледидер (ТВ) табылады екен. Алайда аудитория динамикасына көз жүгіртсек, интернеттің аудиториясы қарқынды өсуде. Татьяна Старцеваның хабарлауынша, соңғы 10 жылда "интернет аудиториясы ең белсенді өсу деңгейін көрсетеді. 2006 жылдан бері интернет аудиториясы 48,6%-ға көтерілсе, баспасөз аудиториясы 25,3%-ға түскен". Сондай-ақ, жыл сайынғы адамдардың интернетте жұмсайтын уақыты артуда. Қазіргі таңда БАҚ -ның тұтынушылары уақытының 25%-ын интернетте өткізеді. Қазақстандық тұтынушылар уақыттарының 17%-ын радиоға, 3%-ын БАҚ-ының баспаларына және 55%-ын ТВ-да өткізеді екен. Ұлттық телехабарлар тарату қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаеваның айтуынша, мемлекет медиа кеңістіктегі басты ойыншылардың бірі және медиа нарығының қалыптасуына белсенді әсер ететін негізгі жарнама беруші болып табылатынын айтады. Шолпан Жақсыбаеваның мәлімдеуінше, мемлекеттік тапсырыс үшін БАҚ-қа бөлген қаржының 78%-ы ТВ-ға, 13%-ы жазба БАҚ-ына, шамамен 6%-ы интернетке және қалған 3%-ы продюсерлік орталықтарға жұмсалады. International Media Service компаниясының құрылтайшысы Валерий Маштаковтың айтуынша, 2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы — 7%-ға, ал Ресейде — 20%-ға төмендеген. Айта кету керек, Қазақстанның тележарнама нарығын ТМД аумағындағы ең ауқымдысы деп саналады. Отандық жарнама нарығындағы тележарнаманың үлесі 64%-ды құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстандағы телекөрерменнің орташа жасы-36, Ресейде-49, ал Украинада 54 жасты құрайды.Жарнама нарығындағы кедергілер
31 арна директоры Бағдат Қожахметовтың сөзінше қазақ телевизиясының болашағы әлі де жарқын. Дегенмен қазір Қазақстандағы ТВ қиын кезде тұрғанын жасырмайды. 2014 жылы жарнама нарығындағы теледидардың үлесі 4%-ға азайған. Оған себеп, девальвацияның келуі және алкогольсіз сыраларға жарнама жасауға тиым салу болса, әрі БАҚ-ның мемлекеттік тілде жазған жарнамаларға қатаң талап қоюы екен. Нәтижесінде орыс тілді аудиториялар да азайып, телеарналар 16% тұрақты көрермендерін жоғалтқан. Ал Виктор Елисеев жарнамалық нарықтың төмендеуінің тағы бір себебі осы жылы қабылданған фармацевтикалық өнімдер мен медициналық қызмет көрсету туралы жарнамаға заң жүзінде тыйым салғандықтан деп есептейді. "Қазіргі уақытта фармацевтика жарнама берушілер категориялары арасынан қарқынды өсуін көрсетеді. Бұл тек қазақстандық емес, жаһандық тренд. Бірақ аталған заңның қабылдануынан отандық арналар 25 млн долларынан айырылуы мүмкін"-деді коммуникациялық агенттіктер тобының атқарушы директоры. 2014 жылдың шілдесінен бастап сыра жарнамасына толықтай тыйым салудан Қазақстанның жарнама бюджеті кем дегенде 10 млн доллардан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар Виктор Елисеев девальвацияның жарнама берушілерге , оның ішінде тұрмыстық техника мен электроника нарығында және ұялы байланыс операторларына қатты әсер етіп, жарнама бюджетінің қысқарғанын айтты.Жарнама нарығындағы үздік жарнама берушілер
2015 жылдың І жартыжылдығында Unilever компаниясы 2014 жылғы жарнамаға бөлген қаражатын 2 есеге арттырып, бірінші орынды иеленді. Nestle компаниясы жарнама бюджетін 23%-ға өсіріп, екінші орында тұрды.
Үшінші орында - Мон'Дэлис Қазақстан компаниясы. Ол 2015 жылдың Қаңтар-Маусым айларында өткен жылдың көрсеткішінен өарағанда 44 %-ға көп салған. 2015 жылдың Үздік-50 жарнама берушілер тізімін КСелл, Wimm-Bill-Dann, De Sheli, Колеса, Avon Cosmetics, Сандоз Фармасьютикалс, Janssen-Cilag, Storck International, Renault, Home Credit Bank, РИА Панда Казахстан, КокшетауМинВоды, TMV Telecommunication компаниялары толықтырды.
24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені - Интернет. Бұл саладағы ең үздік жарнама берушілер:- Global Building Contract
- Базис-А
- LG Electronics Almaty
- Astana Motors
- КазКоммерцБанк
- ASTER AUTO
- Coca-Cola Almaty Bottlers
- Элитстрой
- Аллюр-Авто
- Тойота Мотор Қазақстан