Егер карьераңызда алға жылжып, шығармашылық біліктілігіңізді арттырғыңыз келсе назарларыңызға ijnet.org мамандары жинақтаған төмендегі мүмкіндіктерді ұсынамыз.
Reuters Журналистиканы зертеу институтының арнайы бағдарламасы. Дедлайн 2017 жылдың 31 қаңтарына дейін
Тәжірибелі журналистер Оксфорд университетіндегі Reuters Журналистиканы зерттеу институтының шәкіртақысын алуға өтініш бере алады. Стипендия мерзімі - 3 немесе 6 ай. Бағдарлама журналистер белгілі бір саладағы ғалымның басшылығы арқылы зерттеу жүргізіп, универистетттің оқу, мәдени және қоғамдық өмірінің кең мүмкіндіктерін пайдалана алады. Журналистиканың бизнес-жағдайы, журналистика және демократия, журналистік тәжірибе және медиа саласындағы саясат тәрізді облыстарға басымдық беріледі. Толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады.
Гарвардтағы Джоан Шоренштейн орталығының шәкіртақысы. Дедлайн 2017 жылдың 1 ақпанына дейін
Джон Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару институты Джоан Шоренштейн орталығының стипендиясын алуға өтініш қабылдайды. Бұл бағдарлама барлық елдің журналистеріне зерттеу жүргізіп, саясат саласындағы тәжірибелерін алмасуға мүмкіндік береді. Шәкіртақы иелері бір семестр бойы оқу орны ұсынатын жерде тұрып, 30 000 доллар көлемінде стипендия алады. Толық ақпарат мына жерде жазылған.
Түрлі мамандық иелеріне журналистика курсын оқытуға арналған стипендиялар. Дедлайн 2017 жылдың 1 ақпанына дейін
Кез-келген саланың мамандарына өзі білетін тақырыптарды кеңінен жариялау үшін Торонто Университетінің Мунка атындағы Халықаралық қатынастар мектебі арнайы шәкіртақы ұсынады. Стипендиаттар журналистика саласындағы тәжірибелі мамандардың кеңесін ала алады. Бағдарлама оқуға 10 000- 26 000 Канада долларын төлейді. Шәкіртақы иелері бағдарламаны аяқтағаннан кейін де 2 жыл ішінде тегін консультация алып отырады. Барлық ақпарат мына жерде.
Рейнольдс журналистика институтының арнайы бағдарламасы. Дедлайн 2017 жылдың 1 ақпанына дейін
Колумбияда өтетін Рейнольдс журналистика институтының бағдарламасы журналистика тәжірибесі және теориясы бойынша инновациялық идеялар бар медиамамандардан өтініштер қабылдайды. Осы жылы RJI жалған ақпараттар, ақпараттарды сүзгіден өткізу және жаңалықтар ұйымына сенімділіктің азаюы тәрізді проблемаларды шешуге арналған жобаларға қызығушылық танытып отыр. Бағдарлама қатысушыларына ай сайын 10 000 доллар және бейімделу үшін 10 000 доллар көлеміндегі бір реттік жәрдемақы төленеді. Толық ақпарат мына жерде жазылған.
Ағартушылық журналистика бойынша Спенсер стипендиясы. Дедлайн 2017 жылдың 1 ақпанына дейін
Колумбия университетінің Жоғарғы журналистика мектебі ағарутшылық журналистика бойынша Спенсер стипендиясын ұсынады. Бағдарлама журналистерге, білім беру саласындағы мамандарға және зерттеушілерге АҚШ-тың білім беру жүйесіне қатысты тақырыптардың бірін зерттеуге мүмкіндік береді. Стипендия көлемі - 75 000 доллар. Барлық ақпарат мына жерде жазылған.
Knight-Bagehot бағдарламасы. Дедлайн 2017 жылдың 15 ақпанына дейін
Колумбия университетінің Жоғары журналистика мектебі Нью-Йоркте экономика және іскерлік журналистика саласында арнайы бір жылдық Knight-Bagehot бағдарламасын ұсынады. Стипендия мақсаты - бизнес, экономика және қаржы саласын тереңінен түсіндіру. Шәкіртақы иелері Колумбия университетінің халықаралық қатынастар, құқық, бизнес және журналистика факультеттерінде оқып, түрлі корпорациялардың басқарма мүшелерімен іскерлік кездесулерге қатысып, Нью-Йорктың қаржылай ұйымдарының, медиакомпаниялардың брифингтерінде болады. Толық ақпарат мына жерде.
Бүкіләлемдік Пресса институтында іс-тәжірибеден өту. Дедлайн 2017 жылдың 15 ақпанына дейін
АҚШ аумағынан тыс жерде тұратын журналистер Бүкіләлемдік Пресса институты ұйымдастырған жобаға қатысуға өтініш бере алады. Бағдарлама тәжірибелі журналистерге америкалық журналистика туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Қатысушылар Миннесотада 3 апта болып, кейінірек Нью-Йорк, Вашингтон және Американың тағы бірнеше қалаларына саяхаттайды. Барлық ақпарат мына жерде.
MIT-дегі Knight Science Journalism Fellowships бағдарламасы. Дедлайн 2017 жылдың 28 ақпанына дейін
Ғылым, технология, қоршаған ортаны қорғау немесе медицина саласындағы тәжірибелі журналистердің Knight Science Journalism бағдарламасына өтініш берулеріне болады. Бағдарлама журналистерге 9 ай ішінде Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтында курстарға қатысып, оқытушылармен кездесуге мүмкіндік береді. Қатысушыларға 70 000 доллар көлеміндегі стипендия ұсынады. Барлық ақпарат мына жерде.
Data Journalism Awards сыйақысы. Дедлайн 2017 жылдың 7 сәуіріне дейін
Global Editors Network ұйымы Data Journalism Awards сыйақысын алуға конкурс жариялады. Жеңімпаздарға Венадағы арнайы салтанатты кеште ақшалай сыйақы беріледі. Осыған дейін бұл жүлдені BuzzFeed, Quartz, The New York Times, The Guardian, ProPublica және La Nación тәрізді басылымдар иеленген. Барлық ақпарат мына жерде.