Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жылужайдан "жылу" бар ма?

Жылужайдан "жылу" бар ма?

Жылужайдан пайда бар ма? Көкөніс өсіріп, қалтаңды қалыңдатуға бола ма? Жылужаймен айналысқысы келетін адамның алдынан қандай проблемалар шығады? Осы мәселелерді анықтау үшін 7kun.kz Алматы облысында орналасқан шаруа қожалығының жұмысымен танысқан еді.

"Айса атайдың фазендасы"

1 «Айса атайдың фазендасы» шаруашылығы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында орналасқан. Алматыдан 100 шақырымдай қашықтықта жатыр. 3 Бастапқыда туысқандар таза, ешқандай қоспалары жоқ өнімді тұтынғысы келіп,  эксперимент түрінде жылыжай салып, қияр өсіріп көрмек болады. Жер өздерінікі. Қажетті құнарлы топырақ алып келу, жылыжайды салу, оның керек-жарақтарын тұрғызу, су мен электр қуатын өткізу, тыңайту жұмыстарын өз күштерімен жүзеге асырған. Жылыжайды қаптауға арналған арнайы материалды табу қиын емес. Қытайдан, Ресейден  тіпті Қазақстаннан да алуға болады. "Айса атайдың фазендасының" құрылтайшылары барлық жабдықты Ресейден алдыртыпты. Жалпы есеппен бір үлкен жылыжайды тұрғызуға 3 миллион теңге жұмсалған. 10 Қиярдың ең жақсы деген сорты таңдалған. Шаруашылықтың барлық жұмыстарын (шөптеу, суару және т.б.) туысқандар өздері атқарады.

Қияр өсірудің мұңы көп

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жер өте қүұнарлы. "Айса атайдың фазендасында" қияр өте жақсы өнім берген. Туыстар артылғанын өткізуді жоспарлап, Алматылық нарықты зерттей бастаған. Сәуле Мусина шаруа қожалығына өнімді өткізуге қатысты жәрдемін көрсетеді. Ол қиярды сатудың түрлі жолдарын іздестіре бастайды. Алғашқы проблема да осы кезде пайда болған. [caption id="attachment_12897" align="alignleft" width="225"]6vXiXFiXojY Сәуле Мусина[/caption] Алматының базарларында қиярды көтерме сатып алушылар үшін ең жоғары баға - 50 теңге. Ал шаруашылықтың шығындарын өтеу үшін олар кемінде 80 теңгеден сатуы тиіс. Сәуле Мусинаның айтуынша, алыпсатарларға өнімдер оңтүстік аймақтардан, көрші Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келеді. Олардың өнімдеріне селитра қосылады, бұған қоса ол өңірлерде күн ыстық -  жеміс-көкөністері тез піседі. Осылайша, қазақстандық жылужайлардағы қиярлар піскенше, базарлар көрші елден келген 50 теңгелік қиярларға толып тұрады. Отандық өнім осылайша базарда бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Енді Сәуле Мусина қиярды өткізу күз және қыс мезгілдерінде оңайырақ болады деп үміттенуде. Базарлардан тауарларын өткізу мүмкін болмағасын, Сәуле  қожалық өнімін қаладағы ірі сауда кешендеріне ұсынып көреді. Олар өнімді алуға келісімін берді. Мұндай маркеттер тек таза, құрамында нитраты жоқ өнімді ғана қабылдайтынын ескертеді. Сәуле Мусина мұндай тексерулер шаруашылық тауарларынан ешқандай кемшілік таппайтынына сенімді, себебі көкөністер ешқандай қоспалар қосылмай, табиғи жағдайда өседі. Бірақ, мұнда тағы бір мәселе туындайды: ірі маркеттер тек сертификатталған тауарларды ғана қабылдайды. Сәуле Мусина қазір сертификат мәселесін шешіп болғанша, қиярлардың маусымы өтіп кетеді, дейді. Сондықтан, Айса атайдың қиярлары қазіргі кезде таныстарға, көрші ауылдарда сатылуда, банктер мен шағын компаниялардың кеңселеріне жеткізілуде. Тек қияр өсіру пайда әкелмейтінін түсінген соң, шаруа қожалығы қосымша құлпынай, қызанақ, бұрыш секілді өзге өнімдерді өсіру мәселесін қарастырып жатыр.

Көмекті кім көрсетеді?

Енді шаруашылық кеңею бағытында жұмыс атқармақ. Қосымша тағы екі жылыжайдың қаңқасы тұрғызылған. Солардың құрылысын толығымен аяқтау, жеміс-жидек пен көкөністердің арнайы сорттарын алу жоспары тұр. Бұған қоса қысқа дейін жылыжайда жылыту мен жарық беру жүйелерін жүргізу қажет. Осы мақсаттарда шаруа қожалығы "Даму" қорының ауыл шаурашылығын қолдау бағдарламасы бойынша көмекқаржы алмақ. Сәйкес құжаттар жинастырылып, өтініммен бірге қорға тапсырылды. Енді олар "Дамудың" жауабын күтіп отыр. Қазіргі кезде коммерциялық банктер аграрлық секторға несие бергісі жоқ. Екінші деңгейлі банктердің қарыз қоржынында аграрлық салаға бөлінетін несиелер көлемі тек 4%-ды ғана қамтиды (2014 жылдың күзіндегі жағдай бойынша). Банктер бұл саланы "тәуекелі жоғары" сектор деп атайды. Негізгі тәуекел ретінде саланың ауа-райынан тәуелділігі аталады. Бірақ бұл аграрлық бизнестің жалғыз жағымсыз тұсы емес. Бұған қоса, өнімнің болмай қалуы, өнімнің сапасы, тауарға деген әлемдік және ішкі бағалардың төмендеуі, өнімді өткізу нарығының жоқтығы, логистиканың болмауы фаторлары тағы бар. Сондықтан аграрлық бизнестің жалғыз "жанашары" - мемлекет. Себебі "Агробизнес-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламалары, сондай "Даму" қорының бағдарламалары шағын және орта бизнеске, оның ішінде аграрлық саладағы кәсіпкерлерге демеу көрсету бағытын ұстанады.

Қорытынды

"Айса атайдың фазендасынан" кейін тағы бірнеше шаруашылыққа хабарласып көрдік. Түсінгеніміз көкөніс өсіретін шаруа қожалықтары үшін басты проблема - өнімді өткізу. "Айса атайдың фазендасы" секілді шаруашылықтар өнімдерін базарларда өткізейін десе, онда арзан, көлеңкелі жолмен жеткізілетін (Қазақстандық тауар дегенмен, көрші елдерден тасымалданатын), түрлі қоспалар мен нитраттардың қосылуымен тез пісетін, денсаулыққа пайдалы бола бермейтін, сертифкаттаудан өтпейтін тауарлар сатылады. Тауарларын ірі дүкендер желісінде сатайын десе, оған келіп сертификаттау мәселесі келіп қосылады. Қағаздармен жүргізілетін жұмыс та уақытты көп алады. Бұнда логистика мәселесін айтпай кетуге болмас. Шаруашылықтардың қалалардан шалғай орналасуы қосымша қиындықтарды тудырады. Бұған қоса, кез келген бизнес секілді аграрлық кәсіпкерлікке қаражат салынуы тиіс. Ал Қазақстанда аграрлық секторды қаржыландыру мәселесі күрделі, тетіктері баяу жұмыс істейді. Фото: Григорий Беденко Дайындаған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы