Алматыда жемістер мен көкөністер қымбаттады

986
баға

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz — Алматыда 2016 жылдың сәуір айындағы тұтынушылық бағалар индексі өткен аймен салыстырғанда 100,9%-ды құрады. Азық-түлік бағасы — 1,1%, ақылы қызметтер – 0,2%-ға қымбаттаған. Бұл жөнінде статистика департаменті мәлімдеді.

Азық-түлік тауарларының ішінде балғын көкөніс бағалары қатты қымбаттап, 4%-ға өскен. Атап айтқанда, пияз – 12,5%, сәбіз — 9,6%, тәтті бұрыш — 6,8%, картоп – 5,5%, қызылша — 5,2%-ға қымбаттаған. Ал, қияр мен қызанақ бағасы болса, керісінше 0,6-23,8%-ға арзандаған.

Жемістер бағасында да өзгерістер бар. Олар 3,4%-ға қымбаттаған. Алма мен алмұрт  — 4,2-4,3%, жүзім — 3,9%, банан, лимон және апельсин бағасы 0,5-3,6%-ға өскен.

Балық пен теңіз өнімдері өткен айға қарағанда 1%-ға қымбаттаған (теңіз өнімдері — 3,5%, балық — 1,5%, консервіленген түрі– 0,7%-ға өскен). Бірақ, тоңазытылған балықтың бағасы 0,1%-ға түскен.

Алкоголь ішімдіктерінің бағасы 2,4%-ға (сыра – 4,1%, арақ – 2%, коньяк – 1,8%, шарап– 0,4%), алкогольдік емес ішімдіктер – 0,4%-ға өскен. Себебі, жемістер мен көкөніс шырындары да 4,1%-ға қымбаттап отыр. Минерал және ауыз су бағасы 3,5%-ға өскен. Темекі өнімдерінің бағасы 0,3%-ға өскен.

Енді ет өнімдері бағаларындағы өзгерістерді қарастырып көрелік. Қой еті 1,1%, жылқы еті — 0,8%, жартылай дайын ет өнімдері – 0,5%, сиыр және шошқа еті — 0,2-0,3%ға арзандаған. Ал, бағасы қымбаттағандардың қатарында құс еті (2,9%), шұжық өнімдері (0,8%) бар. Жалпы алғанда ет өнімдерінің қымбаттауы 0,2%-ды құрап отыр.

Бағасы түскендердің ішінде ұн да бар. Бірінші сұрыптағы ұн бағасы  – на 3,3%, жоғарғы сұрыптағы ұн – 1,9%-ға арзандаған.

Сүт өнімдерінің бағасы 1,1%, жұмыртқа 4,1%, қант – 2,2%, күріш —  1,8%-ға түскен.

Тұрмыстық тауарлардың ішінде кілем бағасы 5,3%, ыдыс-аяқ —  3,2%, киім тігуге арналған материалдар — 3,1%, фармацевтикалық өнімдер — 2,4%,киім және аяқ-киім — 1,7%, жиһаз — 1,3%, канцеляриялық тауарлар, газеттер, кітаптар — 0,8%, жеке күтімге арналған өзге де тауарлар — 0,6%-ға өскен.

Ақылы қызметтер саласында тарифтердің өсімі байқалды. Мәселен, амбулаторлық қызметтер — 4,7%, медициналық зертханалар қызметі  — 7,6%, күндізгі станционарда емделу — 3,7%-ға қымбаттаған. Ал, шипажайлар қызметі болса, керісінше 2,5%-ға арзандаған.

Қонақ үй қызметтерінің тарифі — 6,9%, киім тазалау және жөндеу — 2,7%, мәдениет, ойын-сауық және демалыс саласы — 0,2%, фотографтар қызметі — 1,3%-ға арзандаған. Ойын-сауық саябақтарының бағасы 1,1%-ға өскен.