Сбербанк балаларға арналған Профилэнд қалашығын қаржыландырды

Профилэнд
Фото: viktoriny.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz – Сбербанк пен Профилэнд кредиттік желіні ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржыландыру балаларға арналған мамандықтардың интерактивті қалашығын кеңейтуге және орнын ауыстыруға бағытталатын болады. Профилэнд Алматы қаласындағы «Қарқара» сауда — ойын-сауық орталығы умағында орналасады. Кешен ауданы бір жарым есе ұлғайып, 3000 шаршы метрден асады.

«Шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыру Сбербанк үшін маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Біздің банк жас ұрпақтың дамуына бағытталған жобаларды қолдайды. Қаржыландырылатын бизнес-бастама Қазақстан мен Ресей үшін бірегей жоба. Ол балалалық шақтан бастап түрлі мамандықтарды меңгеру аясында балалардың интерактивті дамуына арналған», — деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Елдар Теңізбаев.

Профилэндте 4 жастан 14 жсқа дейінгі балалар 30-дан астам түрлі мамандықтарды меңгере алады. Қалашық аумағында банк, наубайхана, аурухана, полиция учаскесі, құтқару қызметі, дүкен, зертхана, шеберхана және т.б. нысндар орналасқан.

«Сбербанктің өз клиенттерімен сапалы, жедел және жекеше түрдегі қатынас жасауға бағыттаалуы ынтымақтастыққа қызығушылықтты оятады. Сбербанктің қаржылық қолдауымен біз кішкентай клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және қойылатын шарттар көлемін арттыру арқылы бизнесіміздің жұмысын  жоғары деңгейде болуын мақсат етіп отырмыз», — деді Профилэнд компаниясының директоры Наталья Заева.