Шығыс Қазақстан облысында зауыт құрылысына инвесторлар іздеуде

теңге
Фото: liter.kz

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында 3,8 млрд теңгеге табиғи тасты өндіру және қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

«Табиғи тасты өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ қаптау және сәулет-құрылыс бұйымдарын өндіру бойынша зауыт салу жобасы инвесторларды тарту және өндірісті жаңғырту үшін қаржыландыру көздерін іздеу сатысында», — деп түсіндірді ведомствода.

Жаңа нысанды Курчатов қаласында салу жоспарлануда. Бизнес-жоспарға сәйкес, оны жүзеге асыру 3,79 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорын слябтар, жылтыратылған, қаптауға арналған плиталар, мемориалдық бұйымдар өндірісін жолға қойғысы келеді. Оның қуаты жылына 400-500 мың шаршы метрді құрайды.

Дайын өнімді тек қазақстандық нарыққа ғана емес, сондай-ақ жақын шетелдерге де жеткізетін болады. Жұмыспен 90 адамды қамтамасыз еткісі келеді.