Таңғы сессия: 1 доллар — 330,07 теңге

215
доллар
Фото: Kapital.kz

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 330,07 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,20, сауданың аяқталуы кезінде 330,20 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 22 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 161.

Ақша айырбастау орындарында 8 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 332,10 теңгені құраған.