Таңғы сессия: 1 доллар — 334,17 теңге

193
теңге
Фото: 365info.kz

Алматы. 27 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 қазандағы доллардың орташа бағамы 334,17 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,35, сауданың аяқталуы кезінде 334,23 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 40 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 190.

Ақша айырбастау орындарында 27 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 335,50 теңгені құраған.