ЖаңалықтарКомпанияларҚазақстанТаңдаулы1

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылы IPO-ға шығу мүмкін

Қазіргі уақытта инвесторларды іздеу және банк акцияларын сату жөніндегі мәмілені жүргізу үшін қаржылық кеңесші - ScholzvonGleich компаниясы тартылды.

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) келесі жылы IPO-ға шығу мүмкін. Бұл туралы “Бәйтерек” холдингінің басшысы Айдар Әріпханов Астанада өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

Холдинг басшасының айтуынша, қазіргі уақытта инвесторларды іздеу және банк акцияларын сату жөніндегі мәмілені жүргізу үшін қаржылық кеңесші – ScholzvonGleich компаниясы тартылды.

Әріпханов  төрт халықаралық инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

“Әлеуетті сатып алушылар банктің ішкі ипотекалық нарығындағы соңғы өзгерістерге байланысты жаңартылған болжамын зерделейді; келісудің ішкі рәсімдеріне, инвестициялық критерийлерге сәйкес коммерциялық инвестилендіру алдындағы сараптама процесін жалғастырады. Егер келіссөздер ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмаса, 2019 жылы IPO – ға шығу нұсқасы қаралатын болады”, – деп түсіндірді Айдар Әріпханов.

Tags

Осы айдарда

Close