Нұр-Сұлтан. 2 маусым. 7kun.kz – Украинадағы соғысқа қатысты деген Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалуда, деп хабарлайды 7kun.kz Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҰҚК департаменті Қазақстан азаматына қатысты ҚР ҚК 172 - бабы (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша оның Украина аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қатысуы туралы ақпарат алуына байланысты қылмыстық істі тергеуде", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
"Қазақстан азаматтарының қарулы қақтығыстарға немесе кез келген шет мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қасақана, заңға сай емес қатысуына байланысты іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 172-бабының диспозициясына жатады. Тек жалдамалық белгілері болса жағдай басқа. Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген", – деді ҰҚК-де.
ҰҚК қылмыстық істің нақты кімге қатысты қозғалғанын айтпады. Алайда біз бұған дейін Украина жерінде соғысқа қатысып жүрген Жасұлан Дүйсенбин туралы айтқанбыз. Ол – Қостанай облысы, Арқалық қаласының тумасы. Жасұлан Дүйсембин Украинадағы соғысқа қатысып қана қоймай, ондағы жағдай туралы белсенді түрде әлеуметтік желілерге жариялап жүр. Украинаның мемлекеттік наградасы – ерлігі үшін орденімен марапатталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024