Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – «Яндекс.Такси» мен Uber онлайн-тапсырыстарды қабылдау бойынша бизнесті біріктіру келісімін аяқтады, деп хабарлайды Яндекс компаниясының ресми сайты.
«7 ақпан күні Яндекс пен Uber Ресей мен оған көрші елдерде онлайн-тапсырыстарды қабылдау бойынша бизнесті біріктіру келісімін аяқтады. Мәміле аяқталар сәттегі жағдай бойынша, Uber мен Яндекс жаңа компанияға сәйкесінше 225 млн және 100 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйды. Аталған инвестицияларды есепке алғанда, компания балансындағы қаржы қаражаты 400 млн долларды құрады. Осылайша, оның құны 3,8 млрд АҚШ долларына бағаланады. Жаңа компанияның 59,3 пайызы - Яндекске, 36,9 пайызы - Uber-ге және 3,8 пайызы қызметкерлеріне тиесілі», - делінген ақпаратта. Жаңа компанияның бас директоры бұған дейін Яндекс.Таксиді басқарған Тигран Худавердян болды. Яндекс.Такси мен Uber - пайдаланушыларға бұрынғыша қолжетімді болады. Онымен бір мезгілде, таксопарктер мен жүргізушілер бірыңғай технологиялық платформаға көшіріледі. Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024