Таңдаулы1Турист әліппесі

Ыстықкөлге саяхат

Ыстықкөл – қашан да қазақстандықтар үшін қолжетімді әрі жиі демалатын орын болып табылады. 

Жалпы жер аумағы – 6236 км²
Танымал жағалаулары: Шолпан-Ата, Қаракөл қаласы, Бостері, Сары-Ой, Чок-Тал, Булан-Сегеттю, Чон-Сары-Ой
Ақша бірлігі – сом. 1 сом — 4. 65 теңге

Ыстықкөлге саяхат
Фото: issykkul.biz

Қазақстаннан (Алматы) Тамшыға «BEK AIR» әуе компаниясының желісімен ббару және қайту бағасы 54 мыңға жуық теңгені құрайды. Сондай-ақ, 2017 жылдың 7 шілдесінен бастап «Qazaq Air» әуе компаниясы «Тамшы» әуежайына ұшуға мүмкіндік алды. Ыстықкөлге ұшақтар (Алматы-Тамшы) дүйсенбі және жұма күндері ұшады. Егер билетке бірнеше ай алдын тапсырыс беретін болсаңыз, біршама жеңілдіктер қарастырылады. Ал автобус арқылы шығуды ойласаңыз, «Сайран» автобекетінен және «Алатау» метро тұрағынан (Абай көшесінің бойында, Жароков және Гагарин көшелерінің арасында) Ыстықкөлге тасымалдайтын автобустар жолға шығады. Автобуспен немесе автомобильмен қозғалу жылдамдығына байланысты шамамен 5-10 сағатта жетесіз. 2017 жылы автобуспен жол жүру ақысы, шамамен — екі жаққа 9500 теңге. Бір жаққа – 4750 теңге. Балалар үшін (2 жастан 12 жасқа дейін) жол жүру ақысы екі жаққа – 8500, ал бір жаққа – 4250 теңге.

Шекаралық бақылаудан өту үшін қажетті құжаттар
Қазақстан азаматтарында өзімен бірге жарамды жеке бас куәлігі немесе шетелдік паспорты болуы керек. 16 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы қыстырмасы және фотосуреті бар, түпнұсқадағы туу туралы куәлік не шетелдік паспорт болуы керек. Ата-аналарынсыз жолға шығатын балалар үшін ата-анасынан сенімхат керек.

Астанамен уақыт арақашықтығы: +0 сағат

Шет елге саяхаттаудағы жасалатын алқашқы қадамдардың бірі – қонақүй таңдау мәселесі. Бостері мен Шолпан-Атадағы 2 және 3* қонақүйлерде 18-20 мың теңге аралығында орын табылады. Сондай-ақ, 4-10 адам болып барсаңыздар үй жалдап тұруға да болады. Әрине, бұл қонақүйде бөлек бөлмелерде жатқаннан әлдеқайда тиімді әрі көңілдірек болады. Үйдің бағасы – 30-50 мың теңге аралығында болады. Естеріңізге салар кетейік, Ыстықкөлде ауысымға байланысты бағалар да өзгеріп отырады.

Төтенше жағдайлар кезінде қажет болатын нөмірлер:
Өрт сөндіру-101
Полиция: 102
Жедел жәрдем-103

Асханасы
Қырғыздардың ұлттық тағамдары басқа да Орта Азиялық мемлекеттердікіне ұқсас. Ең танымал тағамы – «бешбармақ». Қонақ күтетін кезде әдейілеп жасалатын бұл тағамды Ыстықкөлдің кез келген мейрамханасынан көре аласыз. Сондай-ақ, лағман, палау, кәуап секілді еттен жасалатын тағамдар сұранысқа ие. Сүт тағамдарынан қымыз, құрт, айран, шұбаттардан дәм татыңыз. Ал нан өнімдерін ұнатсаңыз, тандыр нан мен самсаны жеп көріңіз. Ал орта бағалы кафелерде тамақтану, шамамен 2000 теңге болса, мейрамханаларда 4000-5000 мың теңге аралығын құрауы мүмкін. Әрине, ол тәбетіңізге байланысты.

Транспорт
Ыстықкөлдегі ең танымал транспорт – автобус. Күніне 2-3 рет қана жүреді. Олардың басты міндеті – Бішкек пен Қаракөл, Бостері, Шолпан-Ата, Балықшы арасын жалғау. Жол ақысы – 900-1200 теңге аралығында. Ал таксилер жолаушы санына байланысты жүреді. Жол ақысы – 2000-2500 теңге. Көл бойында қайықтар, катерлер, тіпті кемелер бар. Сондай–ақ, туристерді атпен тауға экскурсия жасатады. Ал сіз жеңіл көлікті жалға алып мінгіңіз келсе, тәулігіне 23 мың теңгеге жуық ақша төлейсіз. Оның ішіне сақтандыру мен балаларға арналған автокресло кіреді.

Такси шақыру:
Namba 0771 609760, 0559 976000
SMS такси — 1236, 901236
Ак-Жол — 182, 314082,
Альфа- 579999
Евро Такси- *150, +996 (555) 999150
Дока-такси- 695555

Саяхат
Қырғызстандық турагенттіктер мынадай қызықты экскурцияларды ұсынады (бағалары шамамен және бір адамға алынған):
Григорий шатқалы — 2400 теңге, балаларға — 1200 теңге.

Ыстықкөлге саяхат
Фото: issykkul.biz

Семён шатқалы — 2400 теңге, балаларға — 1200 теңге

Ыстықкөлге саяхат
Фото: rutraveller.ru

Жеті-Өгіз (Джети-Огуз) — 6000 теңге, балаларға — 2000 теңге

Өлі көл — 4000 теңге, балаларға — 2400 теңге.
Алтын-Арашан шатқалы – 10 000 теңге.

Ыстықкөлге саяхат
Фото: issykkul.biz

Шолпан-Атадағы музей — 1200 теңге
Қайықпен саяхат — 2400 теңге

Ыстықкөлге барғанда көру керек төрт нәрсе:
1. Аспанға көтеріліп, көлдің үстінен тамашалау. Жоғарыдан қарағанда көлдің тазалығынан судың түбін көре аласыз.
2. Шолпан-Атада жаныңызға телескопты алып, жұлдыздарды қолмен ұстағандай әсер алыңыз. Тіпті, телескопсыз да көруге болады.
3. Ыстықкөлдің түбіне қарай жүзсеңіз, ертеде түбінде қалған елді мекеннің қирандыларын көруіңізге болады.
4. Шолпан-Атадағы Ш. Айтматов атындағы «Рух Орда» аспан асты музейі. Кіру құны — 1200 теңге.

Ыстықкөлге саяхат
Фото: ozero-issykkul.ru

Ауа-райы
Климаты — қоңыржай континенттік. Жағалауындағы ауаның температурасы шілдеде 16–17°С, қаңтарда –2° – 7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110–470 мм. Ал су температурасы мамыр айынан қыркүйек айына дейін жылы болып тұрады.

Tags

Осы айдарда

Close