Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы жарылыс

1266
жарылыс

Сәрсенбі күні Қытайдың Тяньцзинь қаласында химиялық қоспалар сақталған қоймалардың бірінде болған жойқын жарылыс адамзат тарихындағы аса ірі техногенді апаттардың бірі ретінде есте қалды.

Жарылыстан 50 шақты адам қаза болып, 500-дей адам жараланған. 50 адам із-түссіз кеткендер санатына жатқызылды. Қаза тапқандардың 9-ы оқиға орнына бірінші болып барған өрт сөндірушілер. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, жарылыс толқыны 10 шақырым аумаққа дейін жайылған. Жақын маңдағы үйлер түгелдей дерлік қирап, 10 шақырым қашықтықтағы ғимараттардың терезелері мен төбелеріне зақым келген. Әлемдегі № 1-ші суперкомпьютер саналатын Тяньхэ 1А суперкомпьютері орналасқан ғимараттың терезелері мен төбесі зақымданып, суперкомпьютер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір жарылыс орын алған қойманың қожайыны тұтқындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

preview_97bbc717e587becb48a05b32e2a2ec23

Химиялық қоспалардан тұтанған өрт әлі жануда.

preview_489b94a9027080995d296107366f3562

Шошынып қалған тұрғындар өртті бақылап тұр.

preview_711aa135ef3671dfe1ca660d1ee83b35

Зардап шеккен тұрғынның бірі.

preview_42db74a3367cd9bb64283aff0c0f8a6b

Жарылыстан кейінгі металл балқымасы.

preview_503eaa245cbc41aab043b7dff5b95d97

Жарылыс толқыны 10 км қашықтықтағы ғимараттардың терезелерін жұлып әкеткен.

preview_59c9b27279aa59cfccda2add50aee52b

Өрттен кейін жұмысшылар жатақханаға орала бастаған.

preview_0bf57a1a61e5b64130698402e9817f84

Жүздеген көлік зақымданды.  Бұл туралы кеше хабарлаған едік.

preview_959ae7cb8012ca55d0c5752cca961e7f

Жарылыстан зардап шеккен тұрғын.

preview_6617e01eb96522d0744a4f568489a24a

Бүгін жарылыс аумағын тазарту жұмыстары басталды.

preview_dfe5e6f750eb1c286cb15c7e2a08c7d3

Жарылыс салдарынан өртенген көліктер. Көліктер сатылым алаңында тұрған күйі данып кеткен.

preview_e3c64e7be8bf25a9c71cf7f06a86aab1

Медициналық көмек көрсетуге беталған жедел жәрдем көлігі.

preview_f55a0857bb31504529288b526f5da6d0

Жарылыстан зардап шеккен құтқарушы.

Суреттер lenta.ru сайтынан алынды.