Екі жағынан қысу арқылы басқарылатын смартфон шықты

24gadget.ru

Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – HTC компаниясы жаңа HTC U 11 флагманын ұсынды. Оның ерекшелігі смартфон екі жағынан қысу арқылы басқарылады.

Жаңа гаджеттің жиектемесі (рамка) металдан, ал артқы бөлігі жылтыр шыныдан жасалған. Оған ылғал мен шан кірмейді. Себебі телефон IP67  стандарттық қорғанысымен жабдықталған. Өндіруші құлаққапқа арналған 3,5 мм  байланыстырушының орнына,  мини-джекті қолданылған. Енді оған фирмалық  HTC U Sonic гарнитурасы қолданылады.

қысу
24gadget.ru

HTC U 11-ге 5,5 дюймдық QHD дисплейі орналастырылды. Сонымен қатар, ол Gorilla Glass 5 шынысымен қорғалған.  Одан бөлек, саусақ іздері сканері, сегіз ядролық Qualkomm Snapdragon 835 процессоры мен Adreno 540  графикасы іске қосылды.

Жаңа флагман сымсыз Wi-Fi 802.11 модулі, microSD картасы, Bluetooth 4.2 , Quik Charge  тез қуаттаушы (3000 мАч) құрылғысымен қамтамасыз етілген.

Негізгі камерасы 12 мегапиксель, ал фронтальды камерасы 16 мегапиксель.

Оң және сол жақта орналасқан қысымды сезетін сканерлердің көмегімен кей функцияларды қысу арқылы басқаруға болады. Edge sense басқару жүйесі басу уақыты мен жиілігін ескеріп, әртүрлі командаларды орындайды.  Мысалы, қосымшаларға кіріп суретке түсіруге немесе музыка қосуға болады. Edge sense  жүйесі кездейсоқ басылып кетсе іске қосылмайды.

HTC U 11 смартфонының салмағы — 168 гр. Ол IP67 стандарттық қорғанысының арқасында су астында 1 метр тереңдікте 30 минут жұмыс істей алады.