"ҚазТрансГаз" АҚ және Жамбыл облысының әкімдігі "Астана-Транс-Ойл" ЖШС-мен табиғи газды сұйылтатын зауыт құрылысындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нысанның құны шамамен 100 млн доллар деп хабарлайды ҚазТрансГаз баспасөз қызметі.
Жасалған уағдаластыққа сәйкес, Астана-Транс-Ойл табиғи газды сұйылтатын зауыттың құрылысын жүзеге асырады, қажетті көлік инфрақұрылымын дамытады. Зауыттың қуаты жылына кем дегенде 100 млн текше метр. Өз кезегіне, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облысының газ құбырларына қосылу мүмкіндігін ұсынып, зауыттың тоқтаусыз жұмысы үшін кіретін газдың келісілген көлемін қамтамасы етеді.
Зауыт салыну кезеңінде 200 адамды, ал пайдалану кезінде шамамен 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жобаның іске ассырылуы - аймақтарды газбен қамтудың альтернативті нұсқасы. Бұған қоса, зауыттың құрылысы түрлі көлік түрлеріне арналған экологиялық таза отынға көшудің алғышарты болмақ.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





