Жапондық Westinghouse-тың банкрот болуы қазақтың Қазатомөнеркәсібіне әсер етпейді

Көрнекі сурет novostibankrotstva.ru сайтынан алынды.

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz — Жапониялық Тoshiba Corp. бизнесін қайта құрылылымдайтыны белгілі болды. Атап айтқанда америкадағы еншілесі Westinghouse Electriс компаниясын жабады. Ал қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰК 2007 жылы аталған компанияның 10% акциясын $540 млн сатып алған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰК хабарлауынша Westinghouse Electric Company-дың қайта құрылымдануы ұлттық компанияның қаржылық көрсеткішіне әсер етпейді.

Toshiba корпорациясынан акциялар пакетін сатып алу «опцион-пут» шарты бойынша жасалған. Бұл бойынша қазақстандық компания сатып алған акцияны Toshiba-ға сатып алу кезінде көрсетілген баға бойынша қайта сатуға құқылы», делінген хабарламада.