Журналистер арасындағы «Әскери дискурс» семинары аяқталды

????????????????????????????????????

Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығымен өткізген «Әскери дискурс» журналистерге арналған екінші практикалық семинары мәресіне жетті. Бұл іс-шара Алматы мен Астанадан барлығы 40 тілшінің, фотографтың және оператордың басын біріктірді деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Үш күндік оқытудың қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов семинарға барлық қатысушыларды наградтады. Қарулы қақтығыс, экстремалды жағдай аумағында жұмыстардың ерекшелігі туралы білетін тілшілер өткен іс-шараны жоғары бағалады.

10-нан аса тәжірибелі әскери нұсқаушылар семинарға қатысушыларға әскери іс-қимыл ауданында жұмыс жасаудың, әскери оқиғаларды таратудың, кейбір қару және жарылғыш заттар түрлерінің іс- қимыл ерекшеліктерінің, артиллерия мен граната атқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жүргізу ережелерінің, сондай-ақ миналанған даладан өту әдістерінің мен психологиялық даярлық ерекшеліктерінің қағидаларын және оны үйретуге көмектесті.

«Қауіпті аймақтарда жұмыс істегісі келгендерге бұл семинардың беретін тәлімі мол. Дегенмен біз атыстар, тұтқынға алу – бұлардың барлығы сахналанған қойылым екенін жақсы түсіндік, «Бізге осы қажет пе?» деген ой келді. Журналистер көптеген сұрақтардың жауабын тапты, олар дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын», — деді семинарға қатысушы тілші Тимур Сандыбаев.

«Әскери дискурс» семинары Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр. Тілшілер мен операторлар арнайы мақсаттағы бөлімшелер құрамымен бірге жауынгерлік операцияларды көрнекі түрде орындады. Оған ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы 10 жауынгері қатысып, олар «барлаушы жолынан» өтті, сонымен қоса тұтқынға түсті және қоршауда қалып, одан аман-есен босады. Журналистердің психологиялық даярлығына ерекше назар аударылып, психологиялық беріктікті нығайтудың жаңа әдістемесі жасалды.