2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

259
шаршы
astana.gov.kz

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz — Бұл туралы Инновациялар және Даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Жайымбетов Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Ипотеканы дамыту, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша қолжетімді тұрғын үй беру тетігін әрі қарай өрбітеміз. Сондай-ақ, құрылыс көлемінің ұлғаю себебінен біршама өзгерістер көзделуде. Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына айтарлықтай серпін береді. Соның нәтижесінде халық үшін баспана алудың қолжетімділігі арта түседі. 2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, «7–20–25» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бұл көрсеткіш дами түседі деген сенімдеміз» — деді Жайымбетов.

Парламенттің бірлескен отырысында президент ұсынған 5 әлеуметтік бастамасының алғашқысы баспана мәселесі болған еді.