Ақтөбе. 10 мамыр. 7kun.kz - Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шегіп, билікке үндеу айтқан оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті деді.
Ал қызға осы видео Қазнетте таралғаннан кейін бизнесмендердің үш бөлмелі пәтер сыйлағаны белгілі. Ешімовтер отбасының көршісі БАҚ өкілдеріне оқушы қыз жылап тұрған видеода Талғат Лепесовтер отбасының су алған үйі екенін хабарлады.
https://youtu.be/BipxYYoJ7-E"Олардың әлеуметтік желілерде таратқан видеосында көрсетілген үйдің құлағаны рас, бірақ ол олардың үйі емес, олардың үйі сау тұр, бірақ сонда да олар Талғат Лепесовтердің құлаған үйінің алдында видео түсірген", - деді Махаббат Ешімованың көршісі. Әйелдің БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты Instagram желісіне жүктеліп үлгерді. Қазіргі уақытта Қазнетте осы мәселеге қатысты дау шықты.
Осы дауға қатысты қыздың анасы Тұрғангүл Ешімова пікір білдірді. "Біз бұл туралы білеміз, көршілердің осындай айып тағып отырғаны бізге белгілі, бұл жалған. 14 сәуірде біздің үйді су шайып кетті, тұрғындардың ешқайсысының үйі сау болмады. Барлығының үйін су шайып кетті. Менің күйеуім жүрек талмасына ұшырап, тіпті сөйлей де алмай қалды, енді ары қарай қалай өмір сүреміз? Ол ауруханада болғанда бізді мектепке эвакуациялады. Сосын біз пәтерде тұрып келдік. Журналистер сюжет түсіріп жатқанда су алған үйлердің тұрғындарына сұрақ қойды. Қызым Махаббат сол кезде менің алдыма шығып алып, өте қатты ашуланып, сөйлеп тастады. Сол кезде ол әкесін қатты уайымдады, үйді де уайымдады, сөйтіп, жылаған болатын", - деді шешесі. Әйел Интернетте таралған видеоны бөтен адамдардың түсіргенін айтып отыр. Махаббаттың отбасы роликтің бұлайша таралып кететінін білмеген екен.
https://youtu.be/XyoCf4a8cAs"Ол біздің үйді су алғанын айтты, бұл рас. Видеода қай үйдің тұрғанында не байланысы бар? Қызым артымызда тұрған үйді айтқан жоқ. Сосын бизнесмен Қайрат Құдайберген келіп, пәтер сыйлады. Осыдан кейін адамдар бізден осы жағдайымызды қызғана бастады. Көршілер осы видеоны жазып, өтірік айтып жатыр деп мәлімдеді", - деп наразылығын білдірді Ешімова.
Қыздың анасының айтуынша, Махаббатты мектептегілер өтірікші деп атайды. Өзіне тым көп адамның назары ауғандықтан, қызы көп жылап жүр екен. "Көршілеріміз мемлекеттен үй алады, біз алмаймыз. Енді неге бұлай жасап жатыр? Мен енді прокуратураға және сотқа осы әйелдің бізге жала жабуы ісі бойынша арыз түсіремін, елдің көзінше бізді алаяқ қылып көрсетті", - дейді қыздың анасы Тұрғангүл Ешімова.
[caption id="attachment_68963" align="alignnone" width="705"] Тұрғангүл Ешімова мен оның 10 жастағы қызы МахаббатФото: tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]
Осы оқиғаға қатысты өз кезегінде Ақтөбе әкімінің орынбасары Рузия Айданова пікір білдірді. "Біз Лепесовтер отбасына 2 бөлмелі пәтерді бердік, олар соңында осы үйде сатып ала алады. Оның төрт баласы бар. Бірақ біз үш адамды ғана көрдік, өзі, күйеуі және Махаббатпен бірге оқитын баласы. Бірақ Лепесов қызды үйін пайдаланып кетті деп дауласып жатыр. Себебі видео сол үйдің алдында түсірілген. Бірақ ол қызға үйді мемлекет берген жоқ қой, бизнесмен сыйлады. Бұл әркімнің өз қалауы. Әркім нені кімге сыйлайтынын өзі біледі. Ал осы айыптауларға келер болсақ, бұл отбасылардың арасындағы өз дауы", - деп мәлімдеді шенеунік.
[caption id="attachment_68964" align="alignnone" width="600"] Ортада кәсіпкер Қайрат Құдайберген Фото tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтып, Алматылық кәсіпкерлер оған көппәтерлі үйден үш бөлмелі пәтер сыйлағанын айтқанбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024