Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - Банк ВТБ (Қазақстан) мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) аясында "Білім беру" салымын іске қосты.
- Банк 2017 жылдың мамыр айында білім алуға қаражат жинаймын және мемлекеттен қосымша үстеме ақы аламын деген клиенттерден салымдарды қабылдай бастады. Банк ВТБ-да (Қазақстан) «Білім беру» салымына банктен сыйақы және жыл сайын 7%-ға дейінгі мөлшерде Мемлекет сыйақысы түсіп отырады, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасының орынбасары Николай Суганяка.
Осы арқылы кез келген қазақстандық азаматтың өзінің немесе баласының атына болашақта Қазақстанда не шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу ақысын төлеуге жұмсауға болатын жинақтау салымын аша алады.
Банк төрағасының орынбасары салымды ашуға қажетті бастапқы жарна 3 АЕК, яғни 6 807 теңге болатынын айтты.
Салымды мерзімінен бұрын мақсатына жеткізбей алатын жағдайда: 1) өз қаражаты; 2) банктің есептеген сыйақысы; 3) банктің мемлекет сыйлықақысына есептеген сыйлықақысы бірге алынады. Бірақ мемлекет сыйлықақысының сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылады.
Егер салымшы мемлекеттік грантқа ие болса, жинақтаған қорды мемлекет сыйлықақысымен бірге өз қалауынша жұмсай алады.
- ҚР заңнамасындағы өзгерістердің арқасында білім беру жинақтау салымдары – үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір тыйым салулар мен өндіріп алудан толық қорғалған, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретіндегі салықтан босатылған бірден бір депозит, – дейді «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ыбрайымов. – Қазіргі таңда МБЖЖ жүйесінде жалпы есеппен 11,5 млдр астам теңгеге білім беру жинақтау салымдарын ашқан 17 000-нан аса адам тіркелген. Төрт жылдың ішінде төленген мемлекет сыйлықақысының сомасы 897 миллионов теңгені құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024