Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес, тараптар E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін енгізуде және Астана қаласы Есіл ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда ынтымақтасуды жүзеге асыруға ниет білдірді.
«ТКШ ҚазОрталығы» іске асыратын E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйе көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері, басқарушы компаниялары, әкімдіктер, меморгандар, коммуналдық кәсіпорындар – барлық тұтынушылары үшін ашықтықты қамтамасыз етеді. Жалпы меморандум аясында жоспарланып отырған іс-шаралар тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ, Қазақстанның инфрақұрылымдық – тұрғын үй кешеніне цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндігін береді» - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.
Қазіргі кезде ТКШ ҚазОрталығы ҚР инфрақұрылымдық тұрғын үй кешенін жаңғыртудың оңтайлы үлгісін анықтау және осы салаға инновациялық технологияны енгізу жұмыстары белсенді түрде атқарылып келеді. Компания, сонымен бірге, тұрғын үй қорын басқару әлемдік тәжірибесін Қазақстан Республикасында қолдануды зерттейді. Айта кететін бір жайт, инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінде «цифрлық экономика» құралдарын қолдану Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Финляндия сияқты дамыған елдерде және Ресейде сәтті қолданылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024