Ақтөбе. 10 қараша. 7kun.kz - Ақтөбеде студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін тегін жол жүруді ақшалай көмекпен алмастыру туралы шешім шығарылды. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серік Нәби мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
"ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына, зейнеткерлерге, І-ІІІ топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін ай сайын 1100 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек білім беру мекемелерінде оқып, тәрбиеленіп жатқан көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға айына 1500 теңге, сондай-ақ жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында іштей оқып жатқан студенттер үшін айына 1100 теңге төленетін болады", - деді С.Нәби Ақтөбе мәслихатының 35-ші кезектен тыс сессиясында.
Депутаттар аталған әлеуметтік көмекке көшу туралы шешім қабылдауына байланысты әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды субсидиялауға 442,8 млн теңге көлемінде қайта қаржы бөлді.
Фото: diapazon.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024