Ақтау. 22 қыркүйек. 7kun.kz - Ақтауда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан солдаттардың отбасыларына бюджеттен 1,5 млн теңге өтамақы төленеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өтемақы заңнамаға сәйкес екі айдың ішінде отбасылардың қолына тиеді.
«Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетовтың бұйрығымен аталған өтемақы осы аптаның ішінде кешіктірілмей төленеді», -деді Жанар Колбачаева.
Баспасөз жетекшісінің мәлімдеуінше, әр отбасына қорғаныс министрлігінің атынан материалдық көмек ретінде азық-түлік пен 1 млн теңге ақша берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйек күні Ақтауда оқу-жаттығу кезінде « теңіз десантын түсіру және плацдармды бұғаулау» эпизодын орындау үшін теңізге 6 БТР-80 және 52 әскери қызметкері аттанған еді. Теңізден 150 метр ұзағанда қатты жел күшінен және толқынның көбеюі салдарынан 4 БТР-80 мен 4 солдат суға батып кетті.
Орын алған қайғылы оқиғаның салдарын тергеу кезінде Қорғаныс министрлігі "Батыс" аймақтық қолбасшылығының полковнигы Мұрат Нұғманов пен оның бірінші орынбасары, штаб бастығы Ризат Қолпашевты және ұрысқа дайындаушы полковник Мерген Қапашевты, теңіз жаяу әскерінің бригада командиры, подполковник Ерболат Толықбаевты орнынан босату туралы шешім қабылдады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024