«Альфа-Банктің» қазақстандық еншілесі бір-екі күнде сатылады

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – «Альфа-Банктің» Қазақстандағы еншілесін сату жөніндегі мәміле жақын арада болады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Таяу уақытта акционерлерді ауыстырамыз деп үміттенеміз. Бұл туралы жақын күндері хабарлайтын боламыз», — деді қаржы институтынан БАҚ-қа берген ақпаратында.

Бұл ретте банк кімнің акционер болатыны туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, банк бірқатар инвесторлармен келіссөз жүргізген.

Бұған дейін Альфа-банк пен оның еншілес компаниялары АҚШ-тың санкциясына іліккен болатын. Олардың қатарында қазақстандағы«Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі де бірқатар шектеулер енгізуге мәжбүр болды. Кейін АҚШ билігі Альфа-Банкке операцияларды қысқартуға 6 мамырға дейін бір ай уақыт берді.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстандағы Альфа-Банк 1 наурызындағы жағдай бойынша активтерінің көлемі жағынан 22 қазақстандық банктің арасында 11-ші орынды иеленді.