Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – «Альфа-Банктің» Қазақстандағы еншілесін сату жөніндегі мәміле жақын арада болады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Таяу уақытта акционерлерді ауыстырамыз деп үміттенеміз. Бұл туралы жақын күндері хабарлайтын боламыз", - деді қаржы институтынан БАҚ-қа берген ақпаратында.
Бұл ретте банк кімнің акционер болатыны туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, банк бірқатар инвесторлармен келіссөз жүргізген.
Бұған дейін Альфа-банк пен оның еншілес компаниялары АҚШ-тың санкциясына іліккен болатын. Олардың қатарында қазақстандағы«Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі де бірқатар шектеулер енгізуге мәжбүр болды. Кейін АҚШ билігі Альфа-Банкке операцияларды қысқартуға 6 мамырға дейін бір ай уақыт берді.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстандағы Альфа-Банк 1 наурызындағы жағдай бойынша активтерінің көлемі жағынан 22 қазақстандық банктің арасында 11-ші орынды иеленді.