Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертіп жатыр

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертіп жатыр

«First Heartland Jusan Bank»  АҚ қысқаша Jusan Bank атауын «Alatau City Bank» АҚ деп өзгертіп жатыр. Банк жарғысына тиісті өзгертулер ағымдағы жылдың 15 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен енгізілді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.  

Заңды түрде банктің атауы мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өзгереді.

«Банктің атауының өзгеруі – бұл атау жазылған маңдайшаның өзгеруі ғана емес. Бұл біздің стратегиямыздың, амбициямыздың және қаржы институтын одан әрі дамытуға қатысты көзқарасымыздың көрінісі. Alatau City Bank тұрақтылыққа, сенімге және ұзақмерзімді серіктестікке баса назар аудара отырып, Jusan Bank қалыптастырған берік іргетасқа негізделеді», — деді Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Куат Кожахметов.

Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынатын ірі әмбебап қаржы институты болып қала береді.

Alatau City Bank жаңа цифрлық шешімдерге және озық клиенттік сервиске инвестиция жасай отырып, филиалдық желіні жаңғырту арқылы қатысу аймақтарындағы өз позицияларын күшейтуді жалғастырады.

Банктің мемлекет, клиенттер және серіктестер алдындағы барлық ағымдағы міндеттемелері өзгеріссіз қалады, ребрендинг қызметтер мен өнімдердің жұмысына әсер етпейді.

Банктің офистері мен бөлімшелерінің визуалды ресімделуін және өзге де көрнекіліктерін жаңарту процесі біртіндеп жүзеге асырылатын болады.

Стратегияны жаңғырту, бизнесті дамытудың басым бағыттары, өнім желісін жаңарту жөніндегі одан арғы қадамдар туралы Банк өз клиенттерін, серіктестерін және барлық мүдделі тараптарды уақтылы хабардар ететін болады.

Ұқсас материалдар